Жарияланымдар

Мұқағалидың тойына қалай барам?

Алдыңғы мына, мына жазбаларымнан кейін почтама, жеке бетшелеріме тойға қалай баруға болады деген сұрақтар келіп жатыр. Сол сұрақтарға жауап:

Алматы қаласынан «Саяхат» автобекетінен Нарынқолға қарай таксилер жүретін жағынан Қошқар, Шалкөде, Қарасаз бағытындағы таксилерге отырасыздар. Жол құны негізі 2000 теңге, мүмкін өсіп кетуде. Сол күні тойға байланысты автобустар шығуы мүмкін, автобустар бағасын нақты білмеймін. 2000 ға жетпейтін баға қоятын шығар. Айтпақшы саяхатқа таңғы 7 ден келіңіз. Тойға 29- шілде күні шықсаңыздар да болады, ашылуы сағат 15 00 де деген, содан кейін бағдарламада жазылғандай мұражай ашылуы, жыр сайысы, мүшәйра, ғылыми конференция болады. Сағат 20 00 де гала- концерт. 30- шілде күні Шалкөде жайлауында той басталады, ол жақта бәйге, қойылым, той дастарқаны жайылған киіз үйлер болады.

Сонымен, тойда кездескенше Алаш жұрты! Егер жол қиындықтары шығып жатса хабарласыңыздар, жол сілтеуге дайынмын
Әрі қарай

Мұқағали Мақатаевтың 29-30- шілдеде өтетін 80-жылдық мерейтойының бағдарламасы

Үстіміздегі жылдың 29 – 30 шілде күндері Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар өтеді.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде Мұ­қа­ғали мерейтойына арналған әдеби-көпшілік ша­ра­лар мен ғылыми-танымдық конференциялар ұйым­дас­тырылуда. Ал ақынның туған ауылында кеңінен атап өтілмек негізгі тойының бағдарламасында төмен­де­гідей іс-шараларды жүзеге асыру көзделген:

• Райымбек батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою;

• М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерден рес­пуб­ликалық «Жырлайды жүрек» байқауының, ақын­ның өлеңдерін оқудан өнер көрсеткен жеңімпаз ба­ла­лар­дың концерттік бағдарламасы;

• М.Мақатаев ескерткіші мен мемориалды му­зейі­нің салтанатты ашылуы;

• Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде М. Мақатаевтың ту­­ғанына 80 жыл толуына арналған ғылыми кон­фе­рен­­ция;

• «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!» атты жазба ақын­дардың республикалық жыр мүшәйрасы;

• Орталық алаңда «Жырлайды жүрек« атты М. Ма­қа­таевтың сөзіне жазылған әндерден мерекелік кон­церт;

• Шалкөде жайлауында мерейтойдың салтанатты ашылуы;

• Театрландырылған қойылым және мерекелік Гала-концерт;

• Мұқағалиға арнап ас беру;

• Ат спорты түрлерінен жарыс;

• Жиынды қорытындылап, қонақтарды шығарып салу.

Қазақтың қара өлеңінің тойына асығыңыздар, қадірлі Алаш жұрты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ақпарат мына жерден алынды
Әрі қарай

29-30 маусым Мұқағали Мақатаевтың 80- жылдығы өтетін орын

Мұқағали Мақатаевтың 80- жылдығына арналған үлкен той Алматы облысы, Райымбек ауданы Шалкөде ауылына қарасты Шалкөде жайлауында өтеді.
<code><a href="<a href="[googlemaps maps.google.com/maps/ms?msa=0&msid=204453739787759796531.0004a87dd34ff9c89fe3f&ie=UTF8&t=h&ll=43.108001,79.95163&spn=0.350908,0.583649&z=10&output=embed&w=425&h=350]"></a>">Карта</a> 

Картада көріп отырғандарыңыздай Шалкөде жайлауы Қарасаз ауылы мен Шалкөде ауылына жақын орналасқан. Бұл жерге тойға арналған киіз үйлер тігіледі. Қазақтың тойы қазақтың жазығында аталынып өтетін үлкен той болмақ.
Уау, ағайын тойға шақырамыз. Келіңіздер, көріңіздер!
Әрі қарай

Жол ашу

Көп жағдайларда жолым болмай жүргендей сезініп жүрмін. Соған қарап, ойлаймын да біреулердің көзі көп тиді ме екен деп… Ойланып, жол аштырсам ба деген ойға келдім. Жол аштырудың қандай жолдары бар екен?
Әрі қарай

Цена страсти

Қазақстан кинотеатралырда көрсетілуі бітуге таяу көп ой салатын фильм жайында ой.

Атын оқығанда және 18 жаспен шектелетін шектеуді көргенде ойланып қалдым. Аты бір жағы қызықтырды бір жағы алыстатты. Қызығушылық басым болды. Бардым, көрдім.

Режиссер: Мэттью Чапман

Актерлар: Лив Тайлер, Чарли Ханнэм, Патрик Уилсон, Терренс Ховард

Басты тақырып: махаббат, дін, қарым-қатынас.


Әрі қарай

Мен “халық жауының” ұрпағымын…

Әкенің сөзі ұлағат,
Оқыған табар қанағат.
Жүруге сақтап мәңгілік,
Ұрпаққа еттім аманат.

31- мамыр саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні. Әрине, біз үшін тарихтың бір беттері сияқты болып көрінер. Бірақ, адам төзгісіз қиындықты өткерген
Әрі қарай

28-29 мамыр- қызыққа толы күндер

Бүгінгі екі күнгі демалысымда қайда барарымды білмей басым дал болды :). Себебі осы күндері Алматы қаласында мәдени шаралар көп ұйымдастырылыпты. Сонымен:

1. 28-29 мамыр күні 28- Панфиловшылар саябағында балаларға арналған «Сладкоежка 2011» атты
Әрі қарай

Қарама-қайшылық. (кино туралы ой-толғам)


Қызық деймін осы, қазіргі кезде кино саласында қанішерлер (вампир), жындар (дьявол) туралы неше түрлі кино көресің. Сонда сол кинолардың бәрінде христиан дінінің құдай үйлерінен, қасиетті сулардан (священное вода), крестерінен,
Әрі қарай

Ақырзаман болса ең бірінші не істер едіңіз?


Америандық ғалымның айтуымен осы сенбі 21 мамыр күні ақырзаман болады дейді. Алматыда тоқтаусыз жаңбыр басталғалы, жер сілкінгелі білгішбектер 21 мамыр 2011 жылы болжаған ақырзаман болатын болды деп шулап жатыр.
Тіпті интернет беттерін
Әрі қарай

Көлсайға барайық.

Құрметті керекшілер, блогшылар мына жақта мынандай ұсыныс түсіп жатыр, бәріміз жиналып Көлсайға демалуға барсақ қайтеді деген?
Автобус жалдасақ, тамағымызды алсақ. Ол жақта ұйықтайтын орын бар, тамақ жасап беретін кісілерде бар. Ол жаққа екі күн
Әрі қарай