Таңдаулы

Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

«Жұлдыздарымыз баяғыдай қол жетпейтін, жұмбақ боп көрінбейді қазір. Өйткені, олар туралы бар ақпаратты жеткізіп отыратын Instagram бар,» — деген сияқты мағынада біреудің жазғанын көзім шалып қалып еді Фейзбуктан.

Иә, Instagram атты әдемі ойыншық пайда болғалы барлық нәрсе оңайлай түсті: жұлдыздардың не істеп, не ішіп-жеп, қайда жүргені көз алдымызда; сауда жасау үшін дүкен ашып, ел аралаудың қажеті болмай қалды; қандай да бір бренд үшін жарнамаға кететін шығын мен уақыт азайды, тағысын-тағы жалғасып кете береді. Бір сөзбен айтқанда, Инстаграм жаңа маркетингтік каналға айналды.

Инстаграм деген не өзі?

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?Кевин Систром және Майк Кригер есімді екі жігіттің жобасы, сурет жүктеуге арналған әлеуметтік желі. 2010 жылы 6 қазанда iPhone-ға арналған қосымша ретінде іске қосылған және Инстаграмға 1 ай ішінде миллион қолданушы тіркелген.

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?Интернеттегі ақпараттарға сүйенсек, Инстаграмда 150 миллион белсенді қолданушы тіркелген (2014 жылдың қаңтарындағы статистика), 16 миллиардтай сурет бар, қолданушылар күніне 55 миллион фото жариялайды және 1,2 миллиард лайк қояды.
Әр секунд сайын Instagramда 8500 лайк қойылып, 1000 пікір жазылады екен.
2013 жылдың қазан айында 35 миллион selfie жарияланған. Ең көп селфи 10,06 млн фолловері бар актриса, модель — Дженнер Кайлиға (аккаунты — @kyliejenner) тиесілі: айына 451 селфи жариялаған.

Иә, бір ай үшін өте көп селфи. Алайда, Инстаграм — тамақ пен селфи түсіруге арналған сервистен де мықты дүние. Ол бизнеске арналған перспективалық әлеуметтік платформалар қатарына кіреді. Яғни, кез келген бренд үшін клиенттеріне тез ақпарат таратуға өте ыңғайлы. Бұл әлеуметтік желіде атағы жер жарған танымал брендтердің де аккаунттары бар.

Инстаграмдағы фолловерлар саны көп 10 бренд:
National Geographic — 3,726,303 / Victoria’s Secret – 3,640,340
The Ellen Show – 3,483,363 / Nike – 3,166,010
Forever 21 – 2,446,839 / Louboutin – 2,062,447
9GAG – 2,024,096 / Starbucks — 1,919,068
MTV – 1,916,114 / NBA – 1,777,980

Фолловерлер санын қалай көбейтуге болады?

Инстаграмға тіркеліп алған соң "қашан қолданушыларым көбейеді екен," деп қарап отырмау керек. Мысалы, менің жеке аккаунтымда (@elvira_ergalina) бар болғаны 1375 follower ғана бар. Бұл — 3 жылдай уақытта жеткен жетістік. Әрине, мен сияқты жәй ғана блогер үшін орташа көрсеткіш. Жұлдыз болсам, Луина (аккаунты — @luinakz) әншіміз сияқты 641 мың қолданушым болар ма еді. Әзірге отандық жұлдыздардың арасынан озып тұрғаны осы қыз.
Жарнамалық үзіліс

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

Енді әңгімені көп созбай, іске көшейік. Сонымен, фолловерлер санын қалай көбейтуге болады?
Өз тәжірбиеммен бөліскелі отырғандықтан сіздерге құпиямды ашуға мәжбүрмін . Инстаграмда ешкім білмейтін (AKY -ден басқа) фейк аккаунтым бар. Фейк деуге келмес, кейіпкері өзім, посттардың бәрі шынайы, тек өзімді көрсетпеймін деп шешкем дәл осы сәтке дейін. Әңгіме осы аккаунттың айналасында болмақ.

Ескерту: Аккаунттағы ақпараттарды бетіме басуға, мазақтап күлуге қатаң тыйым салынады!

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
1. Аватарды дұрыс таңдау
Инстаграмда ең бірінші көзге түсетіні — аватар. Кез келген адам басты суретіңізге қызығып, аккаунтыңызға өтеді. Суреттеріңізді ақтарып отырып, фолловеріңіз боп қалып кетуі мүмкін. Аваға әдемі суретіңізді қойыңыз.
Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
2. Хэштег жазу
Хэштег деген дүние 2007 жылы Твиттерде пайда болған. Оны Инстаграмдағы әрбір фотоға қолдану керек. Әсіресе, сауда-саттыққа ашылған аккаунттар үшін өте маңызды: адам сатып алғысы келген затын хэштег арқылы іздейді. 1 фотоның астына 30 ғана хэштег жаза алатыныңызды білесіз бе? Мынау — Инстаграмдағы танымал хэштегтер бестігі. Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
3. «Бір сағатта бір фото»
Инстаграмға жариялайтын әр фотоңыздың арасы кем дегенде 1 сағат болу керек. Күніне оннан артық фото жүктемеңіз, тіпті онның өзі тым көп. Бір күнде шамамен 4 сурет жетіп жатыр. Лентаны қоқыс жәшігіне айналдырмауға, «оқырмандарыңызды» сыйлауға тырысыңыз. Әйтпесе, анфоллоу жасай салу түк те емес. Аккаунтыңызда фото жаңармаса — сәйкесінше, фолловерлер көбеймейді.Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
4. Уақыт таңдау
Ұйқыдан ояна сала, Инстаграмды қарап шығамыз. Түскі асқа барарда тағы қараймыз. Түнімен Инстаграмды ақтарып барып ұйықтаймыз. Желіде адам көп отырған уақытта фото жариялау керек. Өйткені, оның басқан лайкы басқа адамдарға да көрінеді. Simply Measured аналитикалық сервис мамандарының айтуынша қолданушылар белсенділігі артатын уақыт — кешкі 17 мен 18 арасы.

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?5. Конкурстар ұйымдастыру Инстаграмда «share» батырмасы жоқ болғандықтан суретіңді не өзің жайлы ақпаратты басқаның парақшасына орналастырудың/бөлісудің тиімді әдісі — конкурстар ұйымдастыру. Әсіресе, Инста-дүкендер үшін қажет дүние. Мысалы, «Сая» суши барының (аккаунты — @saya_sushi_astana) иесі досым болғандықтан SMM қадамдарын жасап беруге көмектестім, қазір өздері жүргізеді. 2 айға жуық уақытта үш мыңдай фолловер жиналды. Аптасына 2-3 конкурс ұйымдастырып жүрдім. Инстада қызметін енді бастағандарға жиі конкурс ұйымдастырып тұру керек.Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
6. Бартер
Мұндайда фолловері көп адамдарға жүгінесіз. Сіз оған тегін тауар — ол сіздің тауарды мақтаған пост  Бізде фолловері көп жандар — жұлдыздар. Мысалы, Баян Есентаевада 203 мың, Әли Оқаповта 100 мың, Айқында 113 мың қолданушы. Мен бірнеше жұлдыздың көмегіне жүгіндім, соның ішіндегі 61 мың фолловері бар Айнұр Тұрсынбаеваның жарнамасына назар аударыңыз. Бәрі шынайы шыққан, тек менің номерімді жазып қойғаны болмады  SMM жағында жүргенімді қайдан білсін, суши барды менікі деп ойлады-ау  Әлі күнге суши сұрап звондайтындар көп.Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
7. Клиенттермен кері байланыс
Клиентіңізге тауарды беріп тұрып, өз аккаунтында пікір мен сурет қалдыруын (мақтау ма, даттау ма, маңызды емес) сұраңыз. Оның қалдырған суреті мен пікірін өз аккаунтыңызға салып қойыңыз (суреттегідей). Оны көрген басқа клиенттеріңіз сіздің парақшаға шыққанша асығатын болады  Әрине мақтау сөздер жазады. Жұрттың оң пікірі — керемет жарнама емес пе?  Мына фотоны SMM жалғастырушы жариялаған, мен емес
8. Спамдату
Спамдату — фолловер көбейтудегі ең маңызды, ең басты жол, меніңше. Құпиям осы сәтте ашылады енді
Инстаграмда күнделік жүргізушілер қатары (әсіресе, орыстарда) күннен-күнге көбейіп келеді. Мен де солай Инста-күнделік жүргізуді жөн деп шешкем. Тақырыбы -арықтау, салмақ тастау. Диетаны не спортты бастамас бұрын неше кг болғаныңды; күнделікті не ішіп, не жегеніңді; тағысын-тағы жаза бересің — нәтижеге қол жеткенде бәрі көз алдыңда тұрады. Оған қоса, қолданушылардың жазған пікірлері мен Инста-күнделіктің өзі — мықты мотивация. Арықтау тақырыбы ең өзекті болған соң, тек қазақша жазатын Инста-күнделіктердің бірі болған соң және біраз спамдатқан соң 1 ай ішінде 2600-ден аса фолловер жиналды. Мысалы, бірнеше сағат ішінде фолловерлер саны қалай өскенін көріңіз.

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

Спамдату дегеніміз — фолловері көп адамдар, әсіресе, жұлдыздар фото жариялағанда астына "Қыздар, бірге арықтайық! Қосылыңыздар!" деген сияқты пікір қалдырасыз. Тақырыбыңыз қызық болса, аккаунтыңызға жазылған жұрт топырлайды
Бірақ, спам деген бәле бәрінің жынына тиіп бітті. Сондықтан кей жұлдыздар бірден ақылға басып, спам таратушыны бірден банға жібереді. Жоғарыдағы суретте оң жақтағы өзгерген цифрларды көрдіңіз бе?
Менің «Сұлу мүсініме» жазылыңыздар, бірге арықтайық!  
Осы Инста-күнделіктің арқасында 3-4 кг лақтырғанымды айта кетейінші

Айтпақшы, спамдарыммен ығыр қылған жанның бәрінен кешірім сұраймын!


Есіңізде болсын! Инстаграмдағы пісіріп сатқан тамағыңыз, тігіп сатқан киіміңіздің қалай дайындалатыны клиентіңіз үшін өте қызық. Олардың сеніміне кіру үшін ара-тұра дайындалу процесінен де фотолар жүктеп тұрыңыз. Сол мақсатпен жоғарыда мысал келтірген «Сая» суши барында тапсырыс қалай дайындалып, клиенттің үйіне дейін қалай жеткізілетінін суреттермен көрсеткім келеді. Сая суши арқылы есігіңізге дейін суши алдырта аласыз және мейрамханасына да баруға болады. Жарнама емес, мен үшін Астанадағы ең керемет суши осыларда  Барлық ақпарат сайттарында.

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

Әрі қарай

Twitter желісіндегі жұлдыздардың сауаттылық деңгейі

«Бізде шоу-бизнес жоқ, бәрі той бизнеске айналып кеткен © Қазақ қоғамы»

Блог - Ispek92: Twitter желісіндегі жұлдыздардың сауаттылық деңгейі
Бізде әупірімдеп, сүйретіліп келе жатқан шоу-бизнес бар. Шоуын қайдам, бизнесін керемет дамытып жатыр…
«Ән мен атақтың жолында күнін де, түнін де қаладан-қалаға жетумен өткізетін жұлдыздарымыз кітап оқи ма екен осы?» — деген ой келеді. Оқитын шығар… ұшақта, пойызда уақыт табуға болады.
Уақыт демекші, жұлдыздарымыз әлеуметтік желілерде өз аккаунтын жүргізуге уақыт тауып жүр. Әсіресе, Twitter әлеуметтік желісінде көп олар, биыл көбейді.
«Біздің жұлдыздар да шетелдік жұлдыздармен иық тіресіп келеді, интернетті пайдаға асыра алады» — деп, марқайып қаламыз. Сосын түңілеміз. Тіпті еңірейміз. Болмаса, күлесіз.
Әрі қарай

Журналист, журик, журье… тағы кім?

Сурет сілтемесі
Алда журналистер мерекесі келе жатыр. Таңертең жұмысқа келген соң, әдетте компты қосқан соң, міндетті түрде “Мэйл.рудағы” почтамды, Фейсбукты, анда-санда Твиттерді, сосын “Керекинфо” және басқа сайттарды мүмкіндігі болса бір шолып шығамын. Кезек Фейсбукке келіп, шарлап отырсам Өркеннің сілтеме жасаған мына бір jaqsy.kz/story/779 мақаласына көзім түсті. Бұл туралы блогымда бұрыннан жазған болатынмын. Өркеннің айтқанына қосыламын. Журналистердің өз мамандығына кәсіптік тұрғыдан сай келмейтіндігі, бүгінгі қоғамның жаршысымыз дей тұра, көп жағдайда ақсап жатқан дүниелерге менің де қарным ашады.

Қазір телеарнаны қосып қалсаңыз әнші, биші, дәрігер, саясаткерлер т.б. авторлық бағдарламаны жүргізе береді. Газет-журналды ашып қалсаңыз да толып жатқан журналистер. Дилетанты бар, осы мамандықты бітіріп, таза журналист деген дипломды алып келгені бар, келмегені бар, әйтеуір көп. Көп бола берсін, болғысы келгендер де бола берсін, “журналистпін” деп күпіне берсін, жыртылсын, айрылсын, Үкіметтен алақан жая ма, жоқ мақтап мақала жаза ма, көкесінің тілін таба ма, мейлі жағдайын жасап алсын. “Пәлен” деген телеарнаның я болмаса “пәлен” деген газеттің тілшісімін. Сіз журналиспен сөйлесіп тұрсыз” дегенді доқ көрсетіп, кейіпкерін шамалы ықтырып алмаса болмайды. Әйтпесе, журналистің ойы, мақсаты жүзеге аспай қалуы мүмкін. Қалтырап тұратын әкімшілдерге бәлкім солай істеу де керек шығар я әкімшілік-билікті жағалап отырғандар “жоғарыға қағыс ақпарат” кетіп қалмасын, мақталсын” деп өздері де журналистерге солай повод беріп қоя ма, не де болса, бұл екіжақты мүдделестік пен жарамсақтықтың әлімсақтан келе жатқаны һәммаға аян.

Таак, енді артқа сәл шегінсек.

Бірінші класқа бармай тұрып, рас журналист болуды және онша-мұнша емес диктор болуды армандадым. Ал бірінші сыныпқа барған кезде әріп тануды үйреніп, жазу жаза алатын кезде үйге келетін газеттегі теледидар бағдарламасына қарап соған ұқсатып өзімше бағдарлама жасап алатынмын да, ешкім жоқ кезде соны диктор болып оқитынмын. Және жан-жағыма қарап қойып, ешкім көріп қоймасын деген сақтығым да бар. Бір күні мен жазған “телеарна бағдарламасын” жиен әпкем Алина көріп қойып, айқай сала атам мен апама жүгіріп барып айтып қойды. Мен ұялып жерге кіріп бара жатырмын. Сөйтсем атам пен апам мәз. “Ойбай, мына қыз журналист болғысы келеді екен. Қарашы шал, өзінше бағдарлама жасап алыпты” деп қуансын. Қысқасы, арманым да, талпынысым да құпталды. Ал әпкем Алина маған кекетіңкіреп: “Сен не, диктор болғың келе ме? Ол үшін сенің түрің әдемі болу керек қой” деп мырс етті. Ешкім жоқта айнаға барып, Жаратқан берген түрге қайтадан зер салып қарадым. Қандай кемшіліктер бар дегендей. Расында, экранға жарамайтын сияқтымын. Қынжылып тұрмын кәдімгідей. Бірақ, түрім экранға келетіндей асқан сұлу емес екем деп қайғыра қойғам жоқ, журналист болу туралы арманым өрши түсті.

Ең алғаш жазған-сызғандарымды “Ақ желкен” журналына, сосын “Ұлан” газетіне беріп тұрдым. “Ұланның” жас тілшісі атандым. Бертін келе бұл газетті місе тұтпай, үлкен газеттен бірақ шыққым келіп, “Қазақ әдебиетіне” жазған бір мақалам жарық көрді. Ой, сол кездегі қуанғанымды көрсеңіз. Мені мектептегілер ғана емес, бүкіл ауыл-аймақ “газетке шыққанымды көрсе екен, оқыса екен, білсе екен, іштері күйсе екен, қап бәлем, сені ме деп тістерін қайраса екен” деп қоямын. Солардың маған қызғана да қызыға қарап тұрғанын ойша елестетіп алып, бір рахатқа бөленетімді қайтерсің. “Ұланға” шыққан мақала соңындағы өз аты-жөнімді көрген кездегі қуанышымды айтпай-ақ қояйын. Қаттап салып қойған чемоданнан қайта-қайта ашып қарап, қайта-қайта оқитын “дертке” де ұшырадық. Ол этаптан да өттік. Апырай, тип-титімдей боп алып не деген атаққұмарлық, не деген пассионарлық десеңізші көкірегімді тесіп бара жатқан?!

Осы желікпен, осы арманмен, осы құлшыныспен 11 сыныпты бітіріп, 1999 жылы Түркістандағы қазақ-түрік университетінің журналистика кафедрасына оқуға түстім. Бас ұстазымыз яғни завкафедрамыз Сейдолла Садықов деген ағай болды. Сейдолла ағай басқаларға қайдам, маған және группаласым Айгүл екеумізге ерекше ықыласпен қарады. Қандай жындылық пен тентектік жасасақ та арашалап алатын, қорғап жүретін. Бізге тиіскендерге “Тәйт, тимеңдер бұл дәйіскаларға” деген кезде, тіпті екі есе қоқиланып қалатынбыз. Мен ұстаз ретінде Сейдолла ағайға қарызбын әрі ол кісінің алдында басымды иемін. Кемпір-шалдың қолында еркін өскен мен сияқты тентектің бетінен қаққан жоқ. Ағай бізге еркіндікті берді, батылдыққа үйретті. “Айтатын болсаңдар айтып қалыңдар, жас кездеріңде, саналарың пендешілікпен былғанбай тұрған таза кездеріңде жазатындарыңды жазып қалыңдар” деп жиі айтатын. Қазір де сол Түркістанда оқып жатқан жас журналистерге солай үйретіп жүрсе таң қалмаймын.

Біз шет аймақта болғандықтан қазіргі жастар сияқты оқып жүріп жартылай ставкаға газет-журнал, телеарналарда жұмыс істей алмадық. Группаға кілең бір үйдің бетіне қарап отырған еркелері мен серкелері жиналды. “Мен ғана мықтымын” деп келгендердің біразының аптығы басылып қалды, біреулер өзіне сенбей жүрсе, өзіне деген сенімі артты. Біреулер ашыла түсті, біреулер керісінше мүлде жабылып қалды. Біреулері мүлдем басқа салаға кетті, біреулері тұрмысқа шығып кетті, біреулері әйтеуір анау-мынау болды. Содан “Әй, осыдан бірдеңе шығады-ау” деп іріктелгендердің біразы бүгінде республикалық, облыстық, салалық басылымдарда, телеарналарда жұмыс істеп жатыр. Сөзім жалаң болмасын, өз группаластарымды осы мерекені пайдаланып құттықтай кетпесем, мақтай кетпесем, айта кетпесем не болғаным. Ешкім де кісілік кемшіліктен ада емес. Еліміздің бас газеті “Егеменде” қос бірдей группаласым Айгүл Сейілова мен Әбдірахман Қыдырбек, “Қазақ спорты” газетінде Нұралы Мұхтарұлы мен Жолдыбай Базаров, “Хабар” арнасының Ақмола облысынан меншікті тілшісі Меруерт Палмаханова және осы “Хабар” арнасында үйлестіруші қызметін атқаратын Динара Балаубекова, облыстық газетте істейтін Мәлік Дәулетов, “Қалқан” газетінде Мұрат Құдайбергенов және мен “Сарбазда” жүрміз. (Алтын группаластарым, мерекелеріңмен! Давай тосты алып қойыңдар, до конца!  )

Жә, сонымен Өркен айтқан мәселеге қайта айналып соғатын болсам, күндердің күнінде “Осы мен не істеп жүрмін? Журналист деген өзі қандай мамандық? Бұл мамандықтың қадірі неге сонша түсіп бара жатыр?” дегенді ойлана бастадым. Жақсы мақала жазып, “Пәленше ана мәселені көтеріпті, мынаны ерекше жазып шығыпты, өйтіпті, бүйтіпті, пәлен деген дөкейден, пәлен деген орақ тілді, отауыздан сұхбат алыпты, ешкімге ұқсамайтын керемет мақала жазыпты, осылай айызын қандырып сол пәленше ғана жаза алады, анау пәленше тақырыпқа ерекше барады, көп ізденеді, еңбекқор журналист” деген сияқты дүниелерден жалыға бастадым. Шаршадым қысқасы. Бір түсінгенім, журналистиканы яғни өз мамандығымды ерекше сүйеді екем. Сүйгендігім үшін де осы салада жүрмін. Бірақ, не бітірдім? Нені қарқ қылдым, не үлес қоса алдым осы журналистикаға? Мардымды жауабым да жоқ екен. Оны араға салынған уақыт көрсетпесе, әзірге күмілжіген күйдемін.

Жағымды мамандықтың иесі атану шарт емес, өз кәсібіңді жүрегіңмен сүйіп істесең ғана мән табатын сияқтысың. Әйтпесе, жанығып, арамтер болудан сіз бен біз өмір сүріп отырған қоғам гүлденіп кетпесі анық.

Мерекелеріңізбен әріптестер, қазақта жақсы журналистер көп, солар жасасын!
Әрі қарай

Сен қандай журналистсің?

Блог - Erbol: Сен қандай журналистсің?
Журналистің түр-түрі бар. Политехті бітіріп, он жыл зауытта істеп жүріп журналист болып кеткен инженер. Ән айтып жүріп, екі сөздің басын қоса алмаса да бағдарлама жүргізіп, өзін-өзі журналистпін деп жүрген “ журналис”. (Соның бірі Азияданың ашылуында бүкіл елді дүрліктірді). Журфакты бітірсе де, есі дұрыс дүние жаза алмайтын журналист. Керісінше басқа саладан келсе де он жыл оқыған журналистіңнің аузын айға қаратып кететін мамандығы мұғалім, қазіргі журналист. Осылай кете береді.
Әрі қарай