Жарияланымдар

Үздіктерге деген құрмет ерекше

Мамырдың 31 күні Ұлан ауданы бойынша Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектерін, аудан абыройын асырып жүрген үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Мектеп спортшылары арасында осы жылы: Екі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бір спорт шебері және 19 спорт шеберіне үміткер атағы орындалған. Марапаттау рәсімінде спортшылар санаттар куәлігін облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру бөлімінің басшысы Серік Кұсұмбаевтың қолынан алды. Ал спорт мектебінің түлектерін Ұлан ауданының білім беру бөлімінің басшысы Қ. Б. Оқасов құттықтап, «Спорт түрлерінен балаларға қосымша білім беру бағдарламасын» меңгергендіктері туралы куәліктер берілді. Спорт мектебінің «Үздік түлектеріне» деген құрмет те ерекше болды. Айталық, волейболдан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Әлихан Нығметолдин, дзюдо күресінен ел чемпионатының жүлдегері, джиу-джитсу спортынан жүлде алып жүрген Жібек Жақсыбайқызы, бокстан ҚР чемпионатының жүлдегері, оқушылар және колледж студенттері арасында ҚР Спартакиадасының жүлдегері Сырым Кабдуалиев сынды өрендер марапаттарға лайық шықты. Оларға куәліктер мен естелік сыйлықтарды Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Абдыкаримов табыс етті.
Айта кетейік, спорт мектебінде оқу жылының аяғында үнемі «Жылдың үздік жаттықтырушысы» байқауы өткізіледі. Байқау қорытындысында спорт мектебінің «2019 жылғы – Үздік жаттықтырушысы» атағын қол күресінен еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерлан Уалиев иеленді. Бұл азаматтың мұндай аталымға ие болу таңғаларлық жайт емес. Себебі, осы бапкердің даярлаған спортшылары ірі додаларда ел мерейін асырып келеді. Өзге аталымдарға мына спортшылар ие болды:

1. «2019 жылғы Ұлан ауданының үздік спортшысы» – қол күресінен пара Әлем Чемпионатының жүлдегері Владислав Губушкин
2. «Жыл серпілісі» – бокстан ел чемпионы, Ұлан ауданы бойынша бокстан тұңғыш чемпион Айшагул Елеубаева
Аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов еліміздің спорт қайраткері Қалибек Тохмолдинды 60-жылдық меретойына орай, одан бөлек, 40-жылдан астам жаттықтырушылық қызмет атқарғаны үшін «Ұлан ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттағанын айта кеткен орынды. Өз кезегінде аудан басшысы салтанатты шараны қортындылап өтті.
– 2018-2019 оқу жылын спортшыларымыз үшін сәтті тәмамдалды деуге болады. Қиындықтарға қарамай, еңбекқорлық пен тәртіптің арқасында осындай табыстарға жеттіңіздер. Әрқайсыңыз еліміздің алғы шепте жүретін азаматтарысыздар. Сіздерді әлемдік тұғырларда, олимпиада жеңімпаздарының қатарынан жазсын. Сол себепті сіздерге зор денсаулық тілеп, спорттық жарақаттардан ада болыңыздар демекпін, – деді.
Іс-шара соңына қарай, шәкірттер атынан құттықтау сөз қол күресінен төрт дүркін Әлем чемпионы Ораз Басаров пен осы мектептің түлегі, дзюдодан ел чемпионатының жүлдегері Жібек Жақсыбайқызына берілді. Спортшылар өз жаттықтырушыларына қажырлы еңбегі үшін, спорттық даналық пен табысқа деген сенімі үшін ризашылықтарын білдіріп, спортшылар мәселелерін шешуде көмегін аямайтын аудан әкімі Нұрымбет Сақтағановқа алғыс білдірді.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің
әдіскері: Назгүл Уйсембаева

«Мұрат» командасының мерейі үстем болды

Өскеменде сәуірдің 27-28 күндері шағын футболдан 40 жастан асқан ардагерлер арасында Әділбек Сейілхановты еске алуға арналған ашық облыстық турнир өтті.
Биыл жетінші рет ұйымдастырылған шараға бас-аяғы 10 команда қатысты. Олар екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Өскемендік ұжымдардан бөлек, Глубокое, Үржар, Жарма аудандарынан және Павлодар қаласынан келіп бақ сынасқан-ды. Турнирді Әділбек Сейілхановтың жақындары, отбасы және ШҚО футбол Қауымдастығы тізе қосып ұйымдастырғанын айта кетейік. Cалтанатты ашылуында ұлдары, елге белгілі спортшылар: Ерлан, Руслан Сейілхановтар, одан бөлек, Ержан, Гүлмира, Жанна, Жомарт есімді балалары және марқұмның жұбайы Бақыт Сейілханова сөз алып, турнирдің дәстүрге айналып келе жатқанына разылықтарын білдірді.
Ойыншылар алғашқы күні толассыз жауын мен күн райының алабұртуына қарамай, тартысты ойындар көрсетті. Осы ретте, ұйымдастыру комитеті жарысқа тұңғыш рет қатысып отырған «Мақаншы» командасын ерекше атап өтті. Бұл ұжым әр ойында ерекше мінез танытып, жартылай финалға іркілмей жетті. Алайда ары қарай павлодарлық командаға жол берген. Аталмыш турнирде бірнеше мәрте топ жарып, түрлі сайыстарда жүлденің алдын бермей жүрген «Кеден» футболшылары да бар мүмкіндігін паш етті.
Сонымен, екі топтан суырылып шыққан төрт команда жартылай финалда жолықты. Бұл жерде «кедендіктер» «ВКОАФ» ойыншыларынан 1:0 есебімен басым түссе, Павлодардан келген «Мұрат» ұжымы «Мақаншы» командасына жауапсыз үш доп соғып, жеңіске жетті. Бұдан кейін үшінші орын үшін болған кездесуде «ВКОАФ» футболшылары үржарлық аяқ доп шеберлерін 2:1 есебімен қапыда қалдырса, жеңімпаз атағы сарапқа салынған ойында павлодарлық ұжым жергілікті «Кеден» командасын 1:0 есебімен сан соқтырды. Қортындысында, Әділбек Сейілхановты еске алуға арналған дәстүрлі турнирде «Мұрат» командасы үздік шықты. Екінші орынға «Кеден» футболшылары жайғасса, үздік үштікті «ВКОАФ» ұжымы түйіндеді. Жеңімпазға арнайы кубок табыс етілді. Командаларды марапаттау барысында марқұмның туысы, қол күресінен бес дүркін Әлем чемпионы, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхамедолла Ағзамов қатысып, қатысқан әр командаға алғыс білдірді.
– Сіздерді келер жылы да осы жарыстан көреміз деген үміттемін. Әрине, дайындығы жоғары болған команданың жеңіске жетуі заңдылық. Осы ретте павлодарлық команданың асығы алшысынан түскенін барлығымыз да көрдік. Бастысы, турнир тартысты болды, ойыншылар да жарақаттардан дін-аман, – еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Турнир кезінде Әділбек Сейілхановтың алыс-жақыннан келген достарын да байқауға болады. Олар Нұр-Сұлтан, Қостанай, Семей шаһарларынан, аймағымыздың түкпір-түкпірінен арнайы ат басын бұрған. Олар да өз кезегінде жылы лебіздерін білдіріп, сайыс деңгейінің жоғары екендігін атап өтті.
Ұйымдастыру комитеті әдеттегідей, ойында ерекшеленген қатысушыларды арнайы номинациялармен марапаттады.

Үздік қорғаушы – Сергей Дурницын (ВКОАФ)
Үздік қақпашы – Нұрлан Кемелбаев (Кеден)
Үздік шабуылшы – Александр Шевченко (Мұрат)

Алғаш рет қатысса да, сенімді ойын көрсеткен «мақаншылықтар» ендігі өткізілетін турнирлерге жиі қатысып тұруға тілек білдірген екен. Жеңіске жектен павлодарлық ойыншылар болса, шығысқазақстандық ұжымдарды өз алаңдарында өтетін жарыстарға қатысуға шақырды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

Победила команда «Мурат»

В областном центре с 27 по 28 апреля состоялся открытый областной турнир по мини-футболу среди ветеранов старше 40 лет посвященный памяти Адильбека Сейлханова.
На традиционный турнир, который в этом году проходил в седьмой раз, съехались 10 команд. Сильнейших определяли разделив их на две группы. Помимо хозяев поля, в турнире приняли участие мастера кожанного мяча из Глубоковского, Урджарского, Жарминского районов, а также гости из Павлодара. Стоит отметить, что турнир был организован родными и близкими Адильбека Сейлханова и Ассоциацией футбола ВКО. На торжественном открытии турнира приняли участие его сыновья, прославленные спортсмены региона: Ерлан и Руслан Сейлхановы, также его дети Ержан, Гульмира, Жанна, Жомарт и его спутница Бахыт Сейлханова.
Несмотря на непогоду в первый день турнира игроки показали зрелищную игру. Особое внимание организаторов своим мастерством привлекли футболисты из команды «Маканшы». Данная команда проявила свою волю к победе и боевой характер, таким образом они без каких-либо препятсятвий прошли в полуфинальный матч. Но после они уступили гостям из Павлодара. В данном турнире хорошо себя показала и команда «Кеден», которая на протяжении долгого времени лидирует по всем показателям среди восточно-казахстанских команд.
Из всех десяти команда в финальные матчи прорвались четыре команды. В решающем матче таможенники одалели «ВКОАФ» со счетом 1:0. А павлодарский «Мурат» победил, забив три безответных гола игрокам из «Маканшы».
В борьбе за третье место представители «ВКОАФ» одалели урджарских футболистов со счётом 2:1. В игре за главный титул павлодарцы одалели «Кеден», забив в их ворота один мяч.
В итоге на турнире посвященном памяти Адильбек Сейлханова, победители игроки из команды «Мурат». Второе место заняли «Кеден». Тройку лидеров завершил коллектив «ВКОАФ». Победителям турнира вручили Кубок. На церемонии вручения принял участие родственник Адильбека Сейлханова, президент федерации гиревого спорта Азии, заслуженный тренер РК Мухамедоллла Агзамов. Наградив призёров он поблагодарил всех игроков за участие в турнире.
— Надеюсь, что в следующем году мы с вами встретимся на этом турнире. Конечно, команда, которая ответственно подошла к тренировке стала триумфатором этих соревнований. Все мы стали свидетилями того, как павлодарская команда одалела всех соперников. Самое главное — игра была очень зрелищной и полна неожиданностей. Всё обошлось без травм, — сказал заслуженный тренер РК.
На турнире также присутствовали близкие друзья Адильбека Сейлханова, которые приехали из Нур-Султана, Костаная, Семея и из уголков нашего региона. Гости высоко оценили уровень проведения турнира и выразили свои самые лучшие пожелания в поддержку такого мероприятия.
Организационный комитет, по традиции наградил отличившихся игроков в следующих номинациях: «Лучший Игрок», которая досталась Сергею Дурницыну (ВКОАФ), номинация «Лучший вратарь» у Нурлана Кемелбаева из команды «Кеден». «Лучшим нападающим» стал Александр Шевченко «Мурат».
Команда «Маканшы», для которой участие в этом турнире стало дебютным, изъявили желание впредь непропуская принимать участие в данном турнире. Гости из павлодара пригласили восточноказахстанских мастеров кожанного мяча на турниры, которые будут проходить на их поле.

Пресс-служба УФКиС ВКО

Семинардың соңы сыни ойлаумен қортындыланды

Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің профессорлары екі күнге жалғасқан «Медиасауаттылық және Fact-cheking мәселелері» атты семинар-тренингін аяқтады.
Негізгі түйіні Fact-cheking төңірегінде өткен шараның екінші күні тіптен қызықты өтті. Себебі, мұнда болашақ журналистер бірыңғай тапсырмалар орындап, тақырыптың ашыла түсуіне бір кісідей ат салысты. Аталмыш білім ордасының доценті Қарлыға Мысева бейнероликтер көрсету арқылы ақпараттың рас-өтірігін анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламалармен таныстырды. Студенттердің сыни ойлауына себепкер болған түрлі жағдаяттар тренингінің маңызын одан ары арттыра түсті. Яғни, берілген фотосуреттерге қарай отырып, мәтін жазу арқылы жас журналистің креативті ойлауына жол ашу негізге алынды. Сайып келгенде, семинар барысы шет елдегі журналистикамен салыстыра отырып, еліміздегі БАҚ-өкілдерінің жалған ақпараттан қалай жан сақтауға болатынын нақты түсіндіріп өтті.
Шара соңына қарай, әр студент алған әсерімен бөлісіп, бас-аяғы екі күнде медиасауаттылық бойынша құнды мәліметтер берген білім ошағының оқытушы-профессорларына алғыстарын жаудырды.

Әділхан Есімханов С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
«Журналистика» мамандығының 3-курс студенті

Медиасауаттылықтың қыр-сырын айтуда

Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің профессорлары «Медиасауаттылық және Fact-cheking мәселелері» атты семинар-треннинг өткізуде.
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылды. Жаңа форматта жалғасын тауып отыр. Журналистика мамандығының қазақ және орыс топтарында білім алып жатқан студенттер осы шарадан мол тәжірибе алуды көздеп, түгелімен дерлік келген-ді. Профессорлар алдымен мұхиттың ар жағына байланысқа шықты. Атап айтсақ, АҚШ-тағы Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Эрик Фридманмен «скайпқа» шығып, медиасауаттылық жөнінде пікір алмасты. Осы орайда студенттер де қызықтырған сұрақтарын қойып жатты. Айта кетейік, осынау семинарға өңірлік басылымдарда қызмет атқаратын практик мамандар да қатысты. Бір жағынан, айтылған әр деректің құндылығы орасан еді. Одан ары келген меймандар Fact-cheking пен медиасауаттылықты тереңірек түсіндіріп, жас журналистермен сергіту сәті ретінде ойындар жүргізді. Маңыздысы сол, тақырыпқа тереңірек үңілу үшін әр студент белсене ат салысып, тың ойларын ортаға салды. Түрлі жағдаяттардан шыға білді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің профессоры Галия Ибраева күн сайын кемерінен төгіліп түсетін көп деректен қажеттісін қалай іріктеп алу керектігін қарапайым мысалдармен жете ұғындырды.
Бірінші күнді қатысушылар осылай қортындылады. Ертеңгі бөлімінде аталмыш білім ордасының доценті Қарлыға Мысаева ақпараттық қауіпсіздік бойынша дәрістер оқымақ.

Әділхан Есімханов С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
«Журналистика» мамандығының 3-курс студенті

Қатысушыларды қара жорғамен қарсы алды

Жас журналистердің ХI Республикалық пәндік олимпиадасы дәстүрлі жалғасын Павлодар қаласында тауып отыр. С.Торайғыров атындағы білім ордасында 17 ЖОО-ның шәкірттері бас қосты.
Алыс жолдан бойкүйез тартып келген студенттерді тамаша сергіту сәті тосып тұрды. Қара жорға билеп болған қатысушылар сайыстың қамына кірісті. Алғашқы сөз кезегін алған С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Гаухар Ахметова:
– XX ғасырдың басында Алаш азаматтары қазақ журналистикасының негізін қалады. Халықтың қоғамдық санасы мен саяси көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті… Журналистика – күнделікті өмірдің айнасы. Ол әркезде өз биігінен көрінеді. Сондықтан журналистік білім-білігін көрсетемін деп келген жастарымызға сәттілік тілеймін, – деп лебіз білдірді.
Сайыс таныстыру, эссе жазу, тест, жедел ақпарат сынды кезеңдерден тұрады. Олимпиаданың бірінші күнінде екі кезеңді еңсерген студенттер Павлодар қаласын аралап, бой жазып қайтты. Сондай-ақ бұл жылдың жаңалығы – Кереку өңірі туралы бейнесюжет дайындау. «Ертіс-Баян өңірінің тарихы мен келбеті менің әсерімде» атты бейнесюжетте қатысушылар экскурсиядан түйген ойларын жеткізіп бақты.
– Республикалық пәндік Олимпиадаға алғаш рет қатысуым. Деңгейі өте жоғары. Қай команда болмасын, жоғары дайындықпен келгендіктері байқалып тұр. Бұл жерден үлкен тәжірибе алып, өз мүмкіндігімізді барынша көрсетуге келдік, – деді Аманжолов атындағы университеттен келген «Алтай ақпарат» командасының мүшесі Алтынай Бақытжанқызы.
Бүгін сайыстың соңғы күні. Бес сайыс кезеңі бойынша жеңімпаз анықталатын болады.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 3-курс студенттері

Ауыр атлеттер бас қосты

Өскеменде ауыр атлетикадан 2009 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында облыс чемпионаты өтуде. Зілтеміршілер бәсекесіне алты команда қатысуда.
Аймақтағы ауыр атлетиканы дамыту, әрі спортшылар арасындағы шеберлікті арттыру мақсатында өткізіліп жатқан шарада бас-аяғы 60 спортшы өз мүмкіндігін байқауда. Өскемендік жас атлеттерден бөлек, Семей қаласынан, Күршім, Тарбағатай, Алтай аудандарынан және Усть-Таловка ауылынан келген екен. Жарыс нәтижесі бойынша облыс құрамасы жасақталып, ел чемпионатына жол тартады.
– Бұл жерде бірқатар тәжірибелі спортшылар жарыс жолына шықты. Алайда спорттың біз болжай алмайтын тұстарын ескерсек, әр салмақта жүлдегерлер қатары өзгеріп салуы мүмкін. Жоғары нәтиже көрсеткендері мамырдың 1-8 аралығында Қостанайда өтетін ел чемпионатына қатысады, – дейді Олимпиадалық резерв мектебінің аға жаттықтырушысы Денис Девяткин.
Мұнда қыздар сегіз, ал жасөспірімдер 10 салмақта жүлделі орындарды сарапқа салуда. Алдымен жеңіл салмақтағы бұрымдылар сайыс шымылдығын ашты. Апалы-сіңілі Беленко, өткен жылы ел чемпионатында күміс медаль иеленген Софья Шалгина сынды қатысушылар жұлқа көтеру жаттығуында үш мүмкіндіктерін де сәтті пайдаланды. Оның ішінде, төрешілер тарапы Софьяның аяқ алысына оң бағасын беруде. Ұйымдастырушылар жарыстың сәуірдің 7-не дейін жалғасып қалуы мүмкін дейді.

Фото автордікі

Ауыр атлеттер бас қосты

Өскеменде ауыр атлетикадан 2009 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында облыс чемпионаты өтуде. Зілтеміршілер бәсекесіне алты команда қатысуда.

Аймақтағы ауыр атлетиканы дамыту, әрі спортшылар арасындағы шеберлікті арттыру мақсатында өткізіліп жатқан шарада бас-аяғы 60 спортшы өз мүмкіндігін байқауда. Өскемендік жас атлеттерден бөлек, Семей қаласынан, Күршім, Тарбағатай, Алтай аудандарынан және Усть-Таловка ауылынан келген екен. Жарыс нәтижесі бойынша облыс құрамасы жасақталып, ел чемпионатына жол тартады.
– Бұл жерде бірқатар тәжірибелі спортшылар жарыс жолына шықты. Алайда спорттың біз болжай алмайтын тұстарын ескерсек, әр салмақта жүлдегерлер қатары өзгеріп салуы мүмкін. Жоғары нәтиже көрсеткендері мамырдың 1-8 аралығында Қостанайда өтетін ел чемпионатына қатысады, – дейді Олимпиадалық резерв мектебінің аға жаттықтырушысы Денис Девяткин.
Мұнда қыздар сегіз, ал жасөспірімдер 10 салмақта жүлделі орындарды сарапқа салуда. Алдымен жеңіл салмақтағы бұрымдылар сайыс шымылдығын ашты. Апалы-сіңілі Беленко, өткен жылы ел чемпионатында күміс медаль иеленген Софья Шалгина сынды қатысушылар жұлқа көтеру жаттығуында үш мүмкіндіктерін де сәтті пайдаланды. Оның ішінде, төрешілер тарапы Софьяның аяқ алысына оң бағасын беруде. Ұйымдастырушылар жарысты сәуірдің 7-не дейін жалғасып қалуы мүмкін дейді.

Фото автордікі

«Бөкетов жұлдызына» кім ие болады?

Жас журналистердің Х Республикалық пәндік олимпиадасы дәстүрлі жалғасын Қарағанды қаласында тауып отыр. Е.А.Бөкетов атындағы қара шаңырақта 16 жоғары оқу орынның шәкірттері бақ сынасуда.
– Болашақ әріптестер, киелі Арқа жеріне қош келдіңіздер! Бұл – кешегі қара сөздің көсемі Ғ.Мұстафин, алаштың абызы А.Сейдімбеков, Қ.Байбосынов, Б.Тілеуханов сынды біртуарлар қанат бітіріп ұшқан өлке. ҚарМУ – журналистиканың екінші отаны десек те болады. Ендеше, бұл доданың кеншілер қаласында өтуі заңды. Сәт сапар! – деп лебіз білдірген ҚарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, бәйге алауын жақты.
Журналистер олимпиадасы қазақ телевизиясының 60 жылдығына орайластырылып отыр. Өздерін таныстыра өткен жас журналистер, іле алаш арнасының мерейтойына негізделген тақырыптар бойынша эссе жазды. Өңірдегі Сарыарқа арнасының бас редакторы Әли Тойшекеев бастаған қазылар алқасы қатысушыларға әділ бағасын берді.
Шара барысында студенттер сергіту сәтінен де қалыс қалмады. Қонақтардың кеншілер шаһарын шарлауына жағдай жасаған екен ұйымдастырушылар. Бөкетов мұражайымен танысқан студенттер ерекше әсерге бөленгендерін жеткізді.
– Ебіней Арыстанұлы туралы бұған дейін біраз дерекке қанық едім. Ол өзінің ғылыммен қатар әдебиет саласына сіңірген еңбегі осынша ауқымды екеніне куә болып, үлкен серпіліс алдым. «Бөкетов жұлдызы» жайында да тұңғыш рет естуім. Сол жұлдыз додада біздің аспанымызда туар деген ниеттемін, – деді ШҚМУ-дан келген «Алтай арасы» командасының мүшесі Жеңіс Оразай.
Бүгін сайыстың соңғы күні. Төрт төрт сайыс кезеңі бойынша жеңімпаз анықталатын болады.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

Жаңа жылды жаңа форматта атап өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді. Биылғы төл мерекенің ерекшелігі – универстиеттің екі бірдей студенттер жатақханасының алдында ауқымды шараға айналуы.
Таң сәріден іс-шара қамымен қызу жұмысқа араласқан оқытушылар қауымы мен студенттер түс ауа Әз-Наурызды өткізуге барлығын әзірлеп үлгерді. Жуырда өңірдегі іргелі білім ошағының ректоры қызметіне тағайындалған Мұхтар Төлегеннің бастамасымен, қазақтың жыл бастау мейрамы биыл ерекше форматта өткізілді. Университеттің №4 және №5 жатақханансының алдына екі бірдей киіз үй құрылды. Студенттер әр түрлі ұлттардың киімін киіп, мереке көркін одан ары енгізе түсті. Шараның құрметті қонағы ретінде ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, өңірдегі бірқатар белгілі журналистер және ШҚМУ-нің ректоры Мұхтар Төлеген келіп қатысты.
– Құрметті қонақтар, сіздерді облыс әкімі атынан Наурыз мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осындай айтулы мейрамды студенттермен бірге атап өту әрине, қуанышты жайт. Облысымыздың, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын талай білікті мамандар осы білім ордасынан шығады деп сенемін. Барлықтарыңызға тек алға жылжып, еңбектеріңіз жана берсін демекпін, – деді Әсем Нүсіпова.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары аталмыш оқу орнына өткен жылы 200 грант, ал ағымдағы жылы 400 грант бөлінгендігін айта кетті. Өз кезегінде, университет басшысы да өңір басшылығына студенттерге осындай қолай жағдай қарастырғанына алғысын білдірді.
– Құрметті Әсем Бекқызы сіздерге, аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлына осындай зор қолдау танытып жатқандарыңызға алғысым шексіз. Бұдан былай, Шығыс Қазақстан облысы жастары жергілікті атқарушы әкімдік есебінен бөлінген білім гранттары нәтижесінде ақысыз негізде білім алуға мүмкіндік алды. Біз де осындай қолдауды сезініп, тек алға қарай қадам жасайтын боламы, – деді Мұхтар Төлеген.
Іс-шара барысында, жоғары еңбек білім беру жүйесінде көп жылғы жемісті еңбегі үшін бірқатар оқытушылар мен қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. Қызықты сәттердің бірі – мұнда «Ең үздік студенттер үйі» номинациясы бойынша марапаттау рәсімі өтіп, әр студенттер үйіне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мерекеге жиналған қонақтар ұлттық тағамымыз «Наурыз көжеден» дәм татып, ары қарай жастарға, студенттерге арнайы спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мұнда үздік атанған қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болды.

Әділхан Есімханов журналистика
Әрі қарай