Жарияланымдар

Сасқан үйректің артқа сальто жасауы

Сатекең бал ашатындар жайлы жақсы жазып өтіпті. БАяғыда ағам екеуміз базардың маңында отырған құмалақшыға құмалақ аштырған болатынбыз. Қызық үшін. Ағам "қашан үйленетінін" анықтап әуре. Құмалақшы да құмалақтарын былай-былай ысырып,«екі жылдан кейін үйленесің» деген тәрізді әңгімелерін лақтырып жатқан болатын. Сол кезде ағам«Неге, өтірік айтып отырсыз? Менің үйленгеніме 3-4 жыл болған» демесі бар ма. анау да бір қу екен "Үйбай, мына құмалағым мына жерде тұр екен ғой, бәсе неге шатастым десем" деп бір құмалақты жанталасып басқа құмалақтарға қосып әуре)))
Енді айтарым, қазақта салған құмалағы дәл келетін құмалақшылар болған. Ол Алладан келген қасиет. Кәзіргі көшеге шығып кеткен балшылардың-емшілердің көбі психолог болып алған. Еркек көрсе «Бүйрегің, белің» ауырадымен бастап", әйел көрсе іш -құрылысың дұрыс емес деп шыға келеді. «Сенің тісің ауырады» деген емшіні кездестірмеппін.
Құмалақ салатын жерлері лас, жан-жағы босаған бөтелке, темекінің қорабы жатқан жерге Періште қайдан жуысын. Бұлар болса Періште хабар береді деп қояды.
Әрі қарай

Ауылдың тірлігі

Кеше Шет ауданында болып қайттым. Қайын жұрт. Былтыр көлік апатынан қайтыс болған қайнағамның жылын өткердік. Жә, ауыл тіршілігінен суреттер сала кетсем. Ауылда күн көрістің көздері мал өсіріп сату, егіншілік және шөп шабу және сату ғой. Бұл кісілер алғашқысын, яғни мал шаруашылығын таңдаған екен.
Қараағашты мүжір қара ешкі
Жаңа туылған лақ
Әрі қарай

Екі актіден тұратын спектакль

Қатысушылар саны 4 адам.
Сәуле, Айжан, Марат, Қаби

1-ші акт.
Сахна қала кейіпінде көмкерілген. «Жатақхана» деген жазуы бар жатақхана. ағаштар. Әріректе көлік жолы көрініп тұр.
Сәуле мен Айжан қолтықтаса күліп жатақхана есігінен ішке ене береді.
Шымылдық жабылады.

2-ші акт
Жатақхана балконы. Балконда екі жігіт темекі шегіп тұр
Марат:-Қаби, ана екі қыз не айтып күліп бара жатыр екен.
Қаби:-Мен қайдан білейін, жүр барып әңгімелесіп қайтайық, по қоду неге күлгендерін біліп аламыз.
Екеуі балконнан шығып, қыздардың бөлмесіне қарай беттейді
Шымылдық жабылады.
Соңы
Әрі қарай

Пақыр...

Неліктен іркіліп қалды,
Жүрісі өнбеген пақыр.
Ешкімге зияны жоқ ед,
Ал оны жазалап жатыр.

Жүрісі өнбеген пақыр,
Бірдеңе бүлдірді мекен?
Ол бүгін өлмейді бәрбір
Үйренген бәріне көтен

Жүрегі нәзік те қатты,
Қайтесің бүгінгі күйін.
Өмірді сүріп ақ мәнсіз,
Мас болып қалады жиі.

Балаққа жабысып батпақ,
Мент біткен тоқтатар оны.
Құлдырап адами құны,
Бітер ме киноның соңы.

Адасса адами жолдан,
Жаратқан, жанын ал оның.
Болсаңшы басқаға Қорған,
Құртып жүр қаланың «фонын»
Әрі қарай

http://www.zhastar.biz сайтындағы өтірік әңгімелерім

***
14 жасар езім.Қарасуды жаз жайлап отырмыз.Көктем.Қолымда Көкжендет атты қаз алатын қарғам бар, астымда Көкқасқа дөнен, Көктөс деген итім соңымда.Көлден қаз аулауға шықтым.Көкжендетті жібердім қаздарға.Аспан қаздан көрінбей кетті.Көкжендет құлатып жатыр қаздарды, былай теуіп өтет 10 қаз, былай өтет 10 қаз.Ауылдың үсті қаздың мамығына толып,қатындар көрпе жастығын бір жаңалап алды.
Бір кезде біреу иыгымнан түртет,қарасам жалшы бала: «Мырзам, акеніз шакырып жатыр деп коят» о кісі мені кус салып жүргенде шакырмаушы ед деп коям.Содан келсем, әкей «гриповаттап» калыпты." ой,әке, далакомга неге збандай салмадын" деп коям.Сойтсем колдін жағасында вне зоны екен ғой.
Балам мына аурудын түрі жаман, аптекадан антигрипин акелесің ғой дим деді әкем.Содан «Леди» деген аптека бар еді соган бардым шауып. Не қажетін айтпастан алтын ділдәләрімді тастай бердім. Аптекада Венера Касимова деген таныс кызым тур екен. Ол да не керегін сурамастан без сдаш бірденені сала салды.
Шауып келім әкеме берсем, ана жынды кыз әдеттегідей деп ойлап «резеңке» беріп жіберіпті
Әрі қарай

Туфлиім қайда?

Бұл оқиғаның өткеніне де 2-3 жылдың көлемі толыпты. Еркектерде екі шалбар болса болды ғой. Кезек-кезек жуып алып киіп жүре береміз. соның біреуі сыр бере бастаған соң базарға бардым. Өзіме жарасады-ау деген біреуін киіп көріп, пакетке оратып алдым. Қолтығымда пакет, пакетте шалбар, езуімде күлкі аялдамаға қарай алшаңдай басып келемін.
Әрі қарай

Айгүл Қосанова мен Клара Төленбаева

Қазақта әнші қыздар көп қой. Солардың ішінде сырнайлатып жүрген Клара апамыз бен батыстың екпінді әндерін төгілте орындап жүрген Айгүл апамыздың орындауындағы әндерді тыңдай отырыңыздар

Әрі қарай