Ал, жуыңдар...
Жылдың аяғы. Барлық мекемелер жылдық қорытындыларын жасап жатыр. Сонымен, маған ешкім ондай құзырет бермесе де осындағы қыздар жайлы қорытынды жазба жазсам деп отырмын.Барлығыңызды қамти алмағаныма кешірім сұраймын.
Өздерің тағы қандай номинация ұсынасыңдар?
МАДЛЕН — бұл қолданушыны «Жыл аруы» номинациясына ұсынар едім. Оны таңдағанда іш киіммен жүргізіп, ақылын, білімін тексеріп байқағаным жоқ. Осы қыз лайық деп ойладым және әлі солай ойлаймын.
Әрі қарай

Менің де есімде сондай бір бейәдеп көріністер көрсетілсе бөлмеден шығып кететінбіз. Сол кино біткенше ана бөлмеге аяқ баспайсың ғой. Қазір ауылдағы ағамның балалары (жалпы көп елдің балалары) үлкендермен отырып көре беретін болды ғой бұндайларды. Оған етіміз де бетіміз де үйреніп алды.

Сол шаңғыны 7-ші класқа дейін тепкен болармын. Теледидардан көргенімді істемек болып, төбешіктің орта тұсына фанерді бір шетін көтеріңкіреп қойып қоятынмын. Әлгінің бетін қар басқанда кәдімгідей секіріп қызықтаушы едім. Көрші Ербол атты бала екеуміз тауға да шығатынбыз шаңғыларымызды сүйретіп.Талтаңдап шығып, жүйіткіп түсуші едік.Шаңғымен жүгіру, анау-мынау жүрістерін меңгеру дегенді ешкім үйретпепті, солай білмей кеттік қой.