Жарияланымдар
Жануарлар туралы қызықты деректер.
Қаршығалар еуропаның тек бір елінде — Исландияда кездеспейді.
***
Хамелеон тілін өз денесінің тең жартысына тең қашықтыққа лақтыра алады. Сонымен қатар, оның көздері бір-біріне тәуелсіз айнала алады, сондықтан да хамелеон бір мезгілде басын қимылдатпай барлық бағытқа қарай алады.
***
Түйе құстың жұмыртқасы қатып пісу үшін оны 40 минуттай қайнату керек.
Әрі қарай

Ата-әжеммен сұхбат
Алдымызда 9-мамыр жеңіс күні келе жатыр. 1941-1945 жылдар аралығында біздің ер-жүрек батыр аға-апаларымыз ерлік көрсетті. Сол көрсеткен ерліктері біздің мәңгі жүрегімізде қалады. Менің атам мен әжем де соғысқа қатыспаса да, көрген адамдар.Атам мен әжемнен өзім сұхбат алған болатынмын.
Атаммен сұхбат: Мен соғыс басталған кезде 9 жаста болатынмын. Менің әкем балықшы еді. Әкемді соғысқа шақырды. Мен оны өзім шығарып салдым. Адамдар біреулер әзілдеп жатыр біреулер жылап жатыр. Сосын атымды жетектеп үиге қайттым. Үйге келсем үйдегілер жылап жатыр екен.Менде қосылып жыладым. Сөйтіп ұйықтап қалыппын.
Әжеммен сұхбат: Кішкентай кезімде үстімізден бомба түсіп кетпесін деп қорқатын едік. Кешке жақын терезелерді есіктерді жауып қойамыз. Шамды сөндіріп ұйықтаймыз. Үстімізден қарға сияқты самолеттер зуылдайды. Бір кезде сарт еткізіп бомба құлайды. Бомба түскенде терезе сынып кете жаздайды. Кешкі тамаққа не жейміз деп ойлайтын едік. Үйдің қасында балық завод бар еді. Содан 3-4 балық сұрап жейтін едік.
Осылай ата-әжемнің қалай қиналғандарын білдім. Елімізде тыныштық орнасын. Ешқашан соғыс болмасын. Бәріміз бейбітшілікте өмір сүрейік.Қазақстан Алға!!!!!

Би Өнері
Мен өмірімдегі ең керемет, жақсы көретін ісім — ол билеу. Билегенде ішіндегі барлық уайым естен шығып кетеді. Мен өзім робот, хип-хоп және атақты поп-жұлдыз Майкл Джексонның биін жақсы білемін.
Үй жақтағы балдар мені Майкл Джексон деп атайтын. Себебі, оның билерін айнытпай билейтін едім. Ал қазір оны ұмыттым. Қазір бреак биін үйренгім келіп жүр. Ол маған өте қатты ұнайды. Шаг вперед 1,2,3,4 киноларын күнде карап, билерін үйренемін.
Тіпті, оларды жаттапта алғанмын. Үйде тарсылдатып билесем, анам келіп «сен босқа өзіңді шаршатпа, сеннен ешғандай биші шықпайды»- деп басып тастайтын. Өзім кей-кезде анамның айтқан сөздеріде дұрыс шығар деп ойлаймын. Қалай ойлайсыздар меннен биші шыға ма???
Әрі қарай

Пікір

Бұл кімнің өлеңі екенін біліп отырған шығарсыздар. Бұл өлең емес — сыр сөз. Әр жолы пікірге жетелегендіктен де сыр сөз деп аталғаны жөн.
Сонымен бұл сыр сөздің авторы кім болды?