Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын «Студент көктемі» апталығы болып тұрады. Аталған шара биылғы жылы да кезекті алауын жаққан болатын. Биылғы апталық 21-25 сәуір аралығында өткізілді. «Студент көктемі — 2014» апталығына Ақтау қаласының жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері толығымен атсалысты. Апталық аясында спорттық ойындар, ақындар мүшәйрасы, театрландырылған сахналық қойылым, эстрадалық ән байқауы, үздік блоггерледі анықтау, сурет галериясы, жайдарман сынды т.б. көптеген сайыстар өткізілді.
Апталық аясынан естелік суреттер:
Қайта көргім келеді, сырласып тым.
Айта бергім келеді, шын ғашықпын.
Таң сәріде түсімде, елесіңмен,
Қол ұстасып шыңға шықтым.
Сол кезде жырлатыппын.
Уақытымды зырлатып тым,
Үн қатыппын:
«Қош келдің!
Күрсінбеші күрсін бе.
Шынымен де мені іздеп жүрсің бе?
Қуанттың ғой жарығым, келіп қайта,
О жүрегім, дүрсілде енді, дүрсілде.
Естідің бе, дірілді кеудедегі?
Себебі бар сезімім кеудеге енді.
Өшпейтін, өзгеге көшпейтін сол
Жүрегім, жүрек болсын сендегі енді.»
— деп, жыр төгіп жатқанымда,
Атқан екен ақ таңым да.
Шыр етіп сағат соқты,
Секудттық сол қасқағымда.
Самат Жүзбергенов
Студенттер жатақхана, сағат: 04:58
Қазіргі таңда жастарымыз түгелі ерексектеріміздің өзінің есін алып, бар ойын баурап алып жүреген сән үлгілерінің бірі ұялы телефон мен құлаққап болып отыр. Әркім өзімен-өзі, өз әлемі мен виртуалды өмірдің жетегінде кеткен. Айналасында болып жатқан жағдайларға бейжай, енжар қарайды. Тіпті бөлек бір ғаламшардан, өзге әлемнен келгендей. Сөйтсек, бұл «ғаламтор» атты әлемге енген, қоғамда болып жатқан өзектілерден бейхабар даңғырлаған дыбысқа елтіген сіз бен біз екенбіз…
Әркімнің қалтасында интернеті қосылған, шамасы келгенше соңғы үлгідегі екі-үш ұялы телефон мен бірнеше «наушник». Бәріміздің өміріміз осы бір «қасиетті» құралдың айналасында өрбитіндей. Бір нәрседен құр қалғандай қайталай жалтақ-жалтақ қарайлап, қайта-қайта қолға аламыз. Жо-жоқ, біздің ең тиімді деп танылған байланыс құралдарына деген ешбір қарсылығымыз жоқ. Тіпті осы «сотка», «наушник», ғаламтор деген дүниелерді ойлап тапқан жандарға мың алғыс, бірақ мәселе басқада екенін есте ұстайық. Мәселе – медицина мамандарының жан айқайымен айтылып жүрген заманауи құрылғылардың адамдарға тигізер кері әсерлері.
Елімізде 150 мыңға жуық жан көз жанары бойынша мүгедектік алса, тура осынша адам есту қабілетінің төмендеуінен зардап шегуде. Ендеше, көздері нашар көретін және есту қабілетінен айрылған жанндардың неге жылдан-жылға көбейіп бара жатқанына бір сәт болсада көз жүгітіп көрдіңіз бе? Міне ағайын осылар жайын да ойланып, жан-жанқты зерттеулер жасап қарасаңыз бұл туралы да өз жауабыңызды алған болар едіңіз. Бұл түйткіл бүгінгі өскелең ұрпаққа тікелей қатысты. Баланы алдау үшін қолына ұялы телефонды ұстата салатынымыз рас. Бірінші сыныпқа бармай жатып «сотка алып бер» деп қиғылық салады бүгігінің ұлы мен қызы. Осы жастан бастап оқушылық, студенттік кезеңдерінің барлығында да жоғарыда аталғандай ұялы телефон мен құлаққапқа сүйеніп алған жастарымызды көреміз. Жатса тұрсада қолдан түсірмей, сабақ оқып, тамақ ішсе де қолдан түсірмей соған үңіліп отырғандығын аңғарамыз.
Жақында ғалымдар тәжірибе жасап әуендердің дауыс ырғағы нәтижесінде автокөлік айдау кезінде ең қауіпті әуендердің тізбегін жасаған екен. «өте шулы және жылдам әуендер пульсті жиілетеді. Бұл факторлар жүргізушінің көлік айдауға емес, музыкаға көп көңіл бөлуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар әуеннің жылдам ырғағы рульде отырған адамның көлік жылдамдығын арттыруына себеп болады» деп пайымдаған ғалымдар. Осының нәтижесінде сарапшылар дауыс ырғағы 60-80 соққыдан аспайтын әуендер тыңдаған жөн деп есептейді.
Әрине біз барлық жамандық атаулыны заманауи құралдардан көріп отырған жоқпыз. Оны жасап шыңғаратын да, қолданатын да, басқаратын да – адам. Сондықтан әр нәрсенің шегі болатындығын естен шығармаға абзал.
Самат ЖҮЗБЕРГЕНОВ
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжиниринг
университетінің студенті
«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» — халық мақалы.
Оқушылық ой кезең.
Арман қуған оқушылық сәт. Нағыз ойлардың жетегі. Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Балалық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнынды таба білу емес пе?
Елбасымыз айтқандай «Болашақ – білімді жастардың қолында» демекші, біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді бүгіннен бастап нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіңе лайық мамандық иесі атануымыз керек деп ойлаймын. Міне, өсе келе осындай ойлардың жетегінде келген мен, оқушылық кезеңімен қоштасар сәтімде білімді жалғастыру ордасын іздей бастадым. Жасыратыны жоқ қаншама жоғарғы оқу орындары туралы көптеген ақпарат жинақтасам да, туып өскен жерімде орналасқан құтты ордадан артығын таба алмайтыныма көзім жеткендей болды. Әрине ол – қазіргі таңда көптеген мемлекеттермен ірі байланыс жасап, профессорлық, оқытушылық құрамын нығайтқан Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті. Аталған университет көп деңгейлі жоғарғы білім беру бакаловриат, магистратура және асперантура құрамына өткен. Сонау 1976 жылдардан бері тарихи орда болып қалыптасқан Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің негізгі тәрбиесі студенттерді білім нәрімен сусындату болып табылады. Осындай белестерменен дамып келе жатырған университеттің жағдайын құлақпен естіп, көзбен көргеннен соң алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған жақсы деген атаулы ой қалыптасты.
Міне, мендегі осындай қадамдардан соң Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіннің студенті болу оқушылық санамда қалыптасты. Қалыптасқан ойлардан нәтиже шығаруды мақсат тұтқан мен, ақырындап алған бағытыма қарай қадам басуды мақсат етіп, болашақ мұғалім болуға ерекше назар аудардым. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мәселен, мен таңдаған, яғни ұстаздықты алатын болсақ, Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір, жаны да бір жолбасшысы – мұғалім» демекші, ұстаздық ең жоғарыда тұратын, өте құрметті де қадірлі мамандық. Кім болмасын тәрбиенің ұшқындарын, білімді, өнерді алдымен анасынан одан соң әрине ұстазынан үйренеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаз алдындағы шәкіртін қандай жолға түсірсе, шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып өтеді деп ойлаймын. Сондықтан мен ұстаз мамандығын тандадым.
Міне мендегі мақсат осылай қалыптасты.
Мақсатқа жету жорлындағы ұстазға деген көзқарас.
Негізі ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу екінің қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп қой. Ешкім де ұстаз болуға аса ұмтылмайды. Ұстаздар да өз қызметін дұрыс атқара бермейді. Деседе көпке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ осы күнге дейін түйгенімді айтып отырмын. Пір тұтқан ұстаздарымыздың кетік қылықтарын көргенде оған деген құрметің де, жылы сөзің де бәсеңдейді екен. Бірақ, «Осындай ұстазым бар, менің!» — деп ауыз толтырып, үлкен мақтанышпен айтатын ұстаздарымда бар-ақ. Оларға деген сыйластығым да ерекше. Әр кез демеп, ақыл-кеңесін аямайтын сондай жандардың барына мың шүкір. Өз қызметін міндетсінбей, адал атқаратын олардың алдына бас ие бергің келеді.
Университет және мен.
Қазіргі таңда аталған университеттің үлгілі де белсенді студенттерінің бірі ретінде мен өзімнің білім алып, тәрбиесін бойыма сіңіріп жатырған университетімдегі осындай ұстаздарымменен қашанда мақтана аламын. Себебі мен, бұл университетке түсуді алдыма мақсат етіп жүрген сәттерімнің өзінде де осындай құтты ордада менің ойымдағыдай ұлағатты ұстаздардың барын білген едім. Міне, енді өзімде аталған университеттегі білікті мамандардың бел ортасында білім деңгейімді шыңдаудамын. Шыңдала жүріп мақсат еткен арманыма нық қадам жасау үшін белсенді түрде еңбек етудемін.
Мен болашақта осы кәделі кәсіптің етегін ұстаған мұғалім боламын. Білім ғана бермей, оқушыларды үлкен өмірге дайындайтын ұстаз боламын.
Бұл менің асқақ арманым, болашағым…
Университет мәртебесі.
Осында оқып, білім алып жүргеніме бүгін де үш жылдың қадамы болыпты. Бармақтай ғана қысқа уақыттың ішінде университет тарапынан Республикалық жастар форумдары мен жастар следтарына және де пікір талас сайыстарына да шығып үлгердім. Бұл менің ғана айтарым. Университет студенттерінің халықаралық дәрежедегі белестеріде аз еместі. Бұлда университетіміздің Республикалық және халықаралық дәрежедегі жетістіктері деп ойлаймын.
Студенттік кезеңдерімді өткеріп, өмірлік тәжірибе жинақтап жатырған киелі мекеніміздің нақ төрінде орналасқан университет мен үшін өте ыстық және мәртебесі биік. Сондай-ақ мәртебелі оқу ордамыз барлық студенттер үшінде беделді болары анық. Қазақтарға мақтанған емес мақтаған жарасады демекші, аталған университеттің студенті ретінде мен қашанда білімі мен тәрбиесін бойыма сіңіріп жатырған оқу ордамызды мақтан тұтамын!
Білікті мамандардың ордасы, білімді жастардың қолдаушысы «Көк Ордамыз» жасай берсін!