Тағы да сериалға түскенімді айтайын деп жатырмын...

… Ұмытып кетер едім, Арай құрбым айтпағанда. Бүгін мирға смс жазыпты: Кеше сені телевизордан көрдім деп. Мәссаған безгелдек! Сонда барып есіме сап ете қалды. Екі апта бұрын тағы бір сериалға түскен екем-ау(Бұл уже дебют емес:-))))).Қашан жариялайтынын сұрамаппын. Бұрын болса сұрап, көргенше асығып жүруші ек, қазір… олай емес. Жұлдызданып кеткеннен емес әрине. Тек соңғы кездері таныстың бәрі «жұлдыз» деп қылжаққа айналдыратын болды. Тіптен қазақтар өзара жинала қалған жерде де мен келмей қалсам: А, ол сериалға түсіп жүрген шығар,-десетін көрінеді. Осыдан кейін мен "Әй, бүгін мені НТВ спор-дан көрсетеді. Махмут Доғанның, Мұстафа Денізлінің жанынан, көріңдер"-дегенді де азайтқам. Енді, әрине алғашында бәрі қызық қой. Кейіннен қалыпты жағдайға айналып жүре береді.
Әрі қарай

Қазақ блоггерлері. Олар кімдер? - "Таразы" бағдарламасы ("Хабар" арнасы, 25.03.11-23:25)

ЕСКЕРТУ: САПАСЫ НАШАР.



Сөз соңында
Сапасы үшін кешірім сұраймын, қолда бар аналог-тюнермен, "әйтеуір жоқтан жақсы ғой" деген пәлсапамен жазуға тура келді. Радиотолқындардың коллизияларынан Өркен екеу, Еркімбай төртеу боп көрінуі мүмкін (ал бесеу немесе одан көп болса — Сізде «белая горячка» :) ) Бәлкім, ертең сапалы жазбасын шығарып қояр өздері. Оған дейін талғажу болсын деген ой да.
Жалпы, «Хабар» агенттігінің уеб-саясатын түсінбей жүрм. Стрим-серверлері мынау екен: rtmp://212.154.153.109:1935 Бірақ ол хост сөніп тұрған сияқты. Флэш-сервер үшін тек лицензиялық төлемдердің өзі жылына төрт-бес мың АҚШ доллары тұрады менің есебімше. Канал мен сервер алғандары тағы бар. Оған да пәленбай мыңды тағы қосыңыз. Менің есебім бойынша, стрим-серверді басқару сияқты тозақтың жұмысына ешкім 800 доллардан кем ақыға келіспейді. Очм, осыншама ресурсқа соншама ақша шашып, ештеңесіз қалған жаман екен де. Қашан біз «каналдың сайтынан қарап алармын» деп, сеніп жүре беретін жайбарақат өмірге жетер екенбіз осы?
Әрі қарай

Мен де жазайыншы (қорытындысымақ)

Құрылтай-құрылтай деп жүріп, ақырында қалай өткенін де байқамай қалдық(ыз). Интернетте таныс адамдармен реалда кездесу де бір қызық жағдай. Бұрыннан танитын сияқтысың.

Атшабыс болды, несін жасырайын. Бірақ, сол шабыстан да ләззат алады екенсің. Осы орайда тайм-кипер ұл-қыздарға рахметімді айтқым келеді. Айтқан сөздерімді (бұйрық раймен айтылған) екі етпеді. Маған да түсіністікпен қараңдар, менің тарапымнан косяк шықса, Асхат өзімді косяк етіп орап шегіп алады ғой :). Сондықтан аздап қаталдау болуға тура келген шығар.

Қонақ үйдегі оқиғалар бір төбе. Жалпы барлық қызықтан құр қалмауға тырыстым. Кейін өкінбес үшін. Омар брат, Аршат, Әбіләкімді көріп, бір жасап қалдым.

Қисық, Жалғас, Садық, Ербол, тағы да Ербол — бұл жігіттерді көргенде әйтеуір бір прикол ұстап қалуға тырысамыз бір-бірімізге. Ол да өзінше қызық.

Кідай жірек қыздар — супер! Шеттерінен әдемі, шеттерінен жайнап жүр. Дырылд… сүйіп-сүйіп алғың келеді бәрін. Оның бәріне күш уақыт қайда?!

Өркенмен танысқанымды жеке атап өту қажет шығар. Бәрі аяқталып, тарқағанда — кеудеде әлдебір құлазыған сезім мен шаршау ғана қалды.
Әрі қарай

Коллаж мінез - Нұрғиса

(128.24 Kb, 600x600)

1. Атың кім? — Асылбектің Нұрғисасымын.
2. Сүйікті фильмің? – Смит мырза һәм Смит ханым
3. Сүйікті сусының? – Анар шырыны
4. Өскенде кім болғың келетін еді? – Ұшақ пилоты
5. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – YesMan
6. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Адуын ағыстарға бой жыққызбас үшін мүмкіндігінше қырағы жүру
7. Арманыңдағы қала? — Мекке
8. Туған жерің? — Шымкент
9. Сүйікті түсің? — Жасыл
10. Сүйікті тамағың? — Палау (мейізді, ноқатты)
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Кішкентайлардың сыңғыр күлкісі
12. Сүйікті мекенің? – Көк түтіннен ада, тыныш табиғат аясы
Әрі қарай

Жұмамұрат Саймон. «Анонс»

Менде бір керемет сюжет бар...: Жұмамұрат Саймон. «Анонс»

***
Ол өз әйелінің күйеуі болатын. Ал әйелі – сәйкесінше әйелі әрі қайынағасының қарындасы еді. Мамыражай бейбіт өмірді Бейбітшілік көшесінен шыға келген көлік қалайша өзгертті? Сенбі күні арнамыздан «Бампер» мелодрамасын тамашалаңыздар.
Әрі қарай

Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір»

«Ақзеренің аватары күшті, үйленем ғыӘ,» ©СаянҮш

Менде бір керемет сюжет бар...: Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір» — Бүгін шайды немен бересіз? – деді ол лакейге.
— О! Таң ата нақ Марсельдің өзінен тамаша крюасандар келіп жетті! Балдай татиды!
Лакейдің тамсануынан өзінің де жегісі келіп тұрғаны байқалатындай.
Әрі қарай

Блоггер екеніңізді айтасыз ба?

Блог - Zere: Блоггер екеніңізді айтасыз ба?
Менің жақындарымның ішінен менің блоггер екенімді ешкім білмейді екен. Әрине, интернеттегі достарымды айтпағанда (оның өзінде де осы блог арқылы танысқан). Интернеттен алшақ құрбыларыма блогымның сілтемесін беріп көрдім бастапқыда, ашып көрді ма, көрмеді ма, әйтеуір қызығушылығын танытпады. Содан кейін тағы бір танысқан адамдарға сілтемесін берген уақытта да, ләм-мим демейді, сөйтіп осы сілтемені беруден де, айтудан да қалдым. Жалпы біреудің бірдемені маған «навязывать» еткенін жек көрем, сосын өзім де солай жасамауға тырысамын. Жазғым келді, жаздым. Жазғым келмей, ерініп кеткенде, оқырмандарым неге жазбай кеттің деген сөзінен-ақ шабыт алып, 2-3 адам болсын, әйтеуір біреумен ойымды бөлісейінші деп жазып жүрмін.
Үйде ата-анам, бауырларыммен тұратындықтан интернет қауымымен көрісуге кетерде не айтарымды да білмей дал болатынмын басында. Кейін анама шет жағасын айтқан болдым, олар да шет жағасын түсінгендей болды. Бірақ интернетті ашып, «осы менің блогым, күшті ма?» деп айтуға батылым жетпейді )) Блогты да тек жұмыста жазамын, модерацияны да жұмысқа келіп жасаймын. Қазақ блоггерлерін де жұмыста оқимын. Үйде тек видео қараумен өтеді көбіне.
Бір күні үйге келіп, компьютер тұрған жаққа барсам, інім менің блогымды ашып, оқып отыр. Ұялып кеттім, бірдеме айтайын десем, аузыма сөз түсер емес. Әлі күнге дейін осы қырымнан танымайды олар. Таныса бір сюрприз болатын шығар, не шимай-шатпақ жазып жүрсің деп прикол да ұстап тастар ))
Әрі қарай