Жыламашы, жарығым... (өлең)


Суретте: лаңкесшілердің қолынан қаза тапқан Даниель Майлыбаевтың ұлы.
Бір-ақ сəтте лайланып сала берді-ау тұнығың,
Бір-ақ күнде қатайып кетті сенің жұлының.
Көз алдымда бұлдырап өтіп барады өмірің…
Не деп сені жұбатам?!
Не айтайын, құлыным…
▫
Асқар таудың бір сəтте шөгетінін кім білген…
Бір-ақ сəтте қайғы-мұң төнетінін кім білген…
Бір-ақ күннің ішінде сəби көңіл шатынап
Өлетінін кім білген…
▫
Ашық күнде көгіңнен қайғы жауып, құлады ар,
Жыламашы демеймін…
Жыла, ботам, жылап ал…
Енді сенің маңдайың — өмір жазған бір дастан
Ауыр оның сұрағы əр…
▫
Кеше ғана бала едің, қайғы-мұңнан басқа əні,
Тағдыр осы…
Бір күнде-ақ сені есейтіп тастады…
Сенің əкең — хас батыр!
Жоқтап шықты түнімен
Ақтөбенің аспаны…
▫
Өр əкенің ұлысың!
Жігеріңді жанығын!
Жетеді оған намысың, ерік-жігер, танымың!
… не деп енді жұбатам, не деп енді алдайын?
Маңдайыңнан сипайын,
Жыламашы, жарығым…
© Ақтөбелік ақын Индира Кереева
09.06.2016 ж. Қазақстан Республикасында қаралы күн! Мемлекеттік аза тұту күні!
Ақтөбедегі террористердің кесірінен зардап шеккен отбасыларға қайғырып көңіл айтамын!
Инстаграм
Твиттер
Фейсбук
Пікір жоқ әзірше