Ұстаз һәм шәкірт

Мектептегі еркін жүріс — тұрысымызды көріп жүрген үлкендер бізге «Біздің кездегі мұғалімдерді айтсаңдаршы, анау жақта келе жатқанда асығымызды тастай салып қашатынбыз»-дейтін.
Иә, мектепте қорқатын мұғалімің, тыңдамайтын мұғалімің болады. Бірақ бүкіл оқушы, бүкіл сол мектепті бітірген түлектер силаған ұстаздар да болған, қазір бар ма жоқ па білмеймін.
Біз мектепке барғанда (айтпақшы «нәлевойдың» құрбандарының қатарындамын) Жұмкен(әйел кісі) деген кісі деректір еді. Марқұм жақсы адам еді. Ұрысқанда бүкіл мектеп тынышталатын.Физика саласынан берді-ау деймін.«Көзіңді шұқып алайын ба?» деп үлкен кластың балаларына ұрысып жатқанын талай көргенмін. Мен де осы мұғалімнен қатты қорқатынмын.Жұмкен мұғалімдердің ағайындарымен қыз алыстық. Құдандалы болдық.Бірде олар жақтың бір тойы болды.Ол кездің тойлары палаткада болушы еді ғой.Әжеме еріп мен де бардым.Деректірімізді көріп қорыққаным сонша палаткаға кірмей қашып кеттім. (сол жылдары түнде қыдырған, тойға барған оқушыларды «линейка»деген пәлеге тізіп шығаратын)Әжем сөйлескен болуы керек палатканың артынан Жұмкен мұғалімнің өзі алып кетіп еді сол кезде мені.
Кейініректе ағамыздың тойы болды ауылда.Палаткада. Бұл жолы Жұмкен марқұмның шәкірті Нұргүл мұғалім жүрді тойда.Мектептің қарапайым қазақ тілі мұғалімі. сол тойға келген оқушыларды «линейкаға» тізіп шығарып: «Жакуповты қараңдаршы той бойы палаткаға кірмеді, сыртта самаурын жағып жүрді»деп бір ұялтып өткен.
Әрі қарай

Асыл ұстазымнан естелік……

Жымиясың сен неге?

Жолымыз болып оқуға түстік. Кеше мектеп партасында отырған біз бүгін университет студентіміз. Кеудені қуаныш кернейді. Алып ұшқан көңіл атқақтап уақыттың сыйына мәзбіз. Аудиторияға келген оқытушыларды мектептегі ұстаздарымызбен салыстырамыз. Ұқсастық көреміз. Деңгей алшақтығын аңдаймыз. Алғашқы күн болған соң бәрі дерлік танысу, ақыл-кеңес айтумен шектеліп жатыр. Бірін шығарып салып келесісін тағатсыздана күтеміз. Бірінен-бірі өтеді. Осалы жоқ сияқты. Кезекті сабаққа кіретін қоңырау соғылғанда аудиторияға оқытушының өзінен бұрын дақпырты жетті. «Өте жақсы ағай екен», «бұрын республикалық телевизияда, радиода жұмыс істепті». «Сатирик көрінеді». Құрбыларым бір-біріне ол кісі жайлы естіп білгендерін жарыса айтып жатыр. Сол сәтте жұрт мақтаған адамды тезірек көруге құмарттым. Көп кешікпей есік айқара ашылды да орта бойлыдан жоғары, жазық маңдай, қыр мұрын ақ-сары жігіт жымиып кіріп келе жатты. Орнымызда үдере тұрып ізет көрсеттік. Басын изеп отырыңдар дегенді қабағымен ұқтырды да сөйлей берді. Қоңыр даусы әуезді, құлаққа жағымды екен. «Қадамдарың құтты болсын! Әуелі жақсылап танысып алайық»,-деп әрқайсымызың ныспымызды сұрады. Ал өзін «Мартбек Тоқмырза деген болам. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдағам, үйленгем, бір әйелім екі балам бар»,-деп қысқа ғана таныстырды. Сәлден кейін «қане, кімнің журналист болғысы келеді қолдарыңды көтеріңдер»,-деді. Жапатармағай жарыса қол көтеріп жатырмыз. Ағай жымиып қарап тұрды да: «Енді сендер журналист болғым келеді дегенді ұмытыңдар.
Әрі қарай