Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау

Қазақтар мен Адайлардың тойын салыстырып көргім келді десең, ә  Шымкент пен Ақтауды таңдауыма еш себеп болған жоқ

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау


Тұрсынбек Қабатов, асаба
— Тойдың қалай өтетіні елге, мекенге емес, тойды өткізіп жатырған әулетке байланысты. Ал, тойдың басталуы, өтуі еліміздің қай өңірі болса да бірдей боп кетті ғой. Негізі тойдың тізгінін ұстайтын асаба ғой, тойдағы халықтың көңіл-күйіне бағыт беріп отыратын да сол. Халық санынан аса айырмашылық көрмедім: Ақтаудан да, Шымкенттен де 500 адамдық той көрдім.

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау


Нұржан Төлендиев, асаба
— Шымкент пен Ақтаудың тойында аса бір жер мен көктей ерекшелік жоқ. Шымкентте той қысқа болады, Ақтауда ұзақтау болады. Шымкентте кеш басталып, ерте бітеді; Ақтауда уақтылы басталып, кеш аяқталады. Шымкентте антракт деген мүлде болмайды, Ақтауда кейде болады, кейде болмайды. Шымкенттің тойында ең аз деген 300 адам болса, Ақтауда ең көп деген 300 адам шығар.

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау

Абай Бегей, әнші (хит әні — Аспанға қараймын)
— Шымкенттің тойы басталғанда адам тола болады да, аяқталуға шақ қалғанда адам қалмайды. Сыйлықтарын береді де, қайтып кете береді. Ақтаудың тойына келген қонақтардың 90 пайызы аяқталғанша отырады. Шымкенттің адамдары би жағын қатырады. Шымкенттің халқы суретке түскенді жақсы көреді, менімен сол жақта көп түседі суретке.
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау




Асхат Тарғынов, әнші (хит әні — Мария Магдалена)
— Мен әлі Шымкенттің тойында болмадым, жақында барамын. Ақтаудың тойында ән айттым, онда маған тойдың тым қазақи өтетіні ұнады. Тіпті тойда кездескен 5-6 орыстың өзі қазақша сөйлеп, қазақша тост айтып жүреді. Қазақы салт-дәстүрді сақтаған аймақ екен, тойда жақсы байқалды. Ұнады.




Шымкенттің тойы

Ақтаудың тойы

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау


Тойға дайындық
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS АқтауҚыз бен жігіт шаңырақ көтеруге келіскен соң, екі жақтың да ата-анасы келісім берсе, болашақ құдалар бір-бірімен (көбіне болашақ құдағилар) кездесіп, танысады. Бұл – «тәтті шәй» деп аталады. Тәтті шәйда той күнін белгілеп, әкелетін қалыңмал құнымен келісіп, құдалыққа баратын адамдар саны нақтыланады.


Сырға салуБлог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Ұзату той болатын күні күндіз жігіттің ата-анасы, туыстары қыздың үйіне барады. Тамақ ішіп, танысқан соң екі жеңгесі қызды алып келеді де, жігіттің анасы қызға сырға тағып, маңдайынан сүйеді. Кейде жігіттің жеңгесі не әпкесі салады сырғаны.
Сый: Қыздың бауырларына арнап «үй тоғызын», ата-анасына, туған әпке-сіңлілеріне бір-бір алтын не мата апарады, туған-туыстарға арнап «ағайын тоғызын» апарады. Ауыл әйелдеріне арналған тәтті-пәтті салынған қоржын болады.

Қалыңмал
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Құдалар сырға салуға келгенде өздерімен бірге қалыңмалды да ала келеді. Шымкенттің қалыңмалы 2 мың АҚШ долларынан басталады. Орта баға – 500 мың теіге. Жігіт алғаш бара жатқандықтан «Іргебасар» алып барады, ол кілем не ақша болуы мүмкін. Қайтыс болғандарға арнап мал сойып, құран бағыштау үшін «Өлі-тіріге» бір қой алып барады немесе ақшасын береді.

Күйеу аттандырар
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Шымкентте «Күйеу аттандырар» деген дәстүр жоқ. Күйеу жігіт қасына жолдасын ертіп, қыздың үйіне ата-анасымен бірге барады. Барлығы тойды, киттің түгел болуын уайымдап кете ме, әйтеуір күйеу жігіт елеусіз қалады. Ол өзімен-өзі қобалжып, "қуып" жүреді

Күйеуді күтіп алу
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Күйеу жігіт құдалармен бірге келеді де, бөлек бөлмеге отырғызылады. Үйге кірмей тұрып, адыраспаннан тұтатылған отқа сұйық май тамызады. «Жаңа отаудың оты сөнбесін» деген мағынада.
Күйеуге «қалта қағар», «төс қою» деген рәсімдер жасалады. Ол жасалған салттар үшін қыздың бір жеңгесіне ақша береді. Алдына қойылған төстің сынған-сынбағанына мән бермейді.

Ұзату той
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Құдалар әбден танысып, ішіп-жегеннен соң қыздың ағайындары құдаларға үйін көрсету үшін қонаққа шақырады. Бірақ, қазір бәрі жиналып кафе-ресторанға бір-ақ күте салатын болған.
Одан кейін кешке ұзату той болады. Ол ресторанда өтеді. Құдалар ресторанға кірерде арқан керу, тағы да басқа ешқандай рәсімдер жасалмайды. Қызды екі жеңгесі алып шығады, күйеу жігіт гүлімен қарсы алады да, ортаға отырады. Тілектер айтылады, тост беріледі, театрланған көріністер (арнайы агенттіктер бар) қойалады. Той соңында қыз сыңсу айтып, ақ матаның үстімен сыртқа шығады. Қызды түнгі сағат 12-ге дейін алып кетеді.

Беташар
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Жігіттің үйіне келіп, машинадан түскен бойда ауылдың үлкені қыздың басына ақ орамал салады. Есіктің алдында отқа май тамызып, табалдырықтан оң аяғымен аттап, үйге кіреді. Арнайы бір бөлмеде тұтулы тұрған шымылдық ішіне еніп, сол бөлмеде ұйықтайды. Ертесіне (кейде тура тойдың алдында) арнайы өзіне алынған халат, аяқ киімді киіп, көпшілік алдына беташарға шығады. Беташарда келіннің алдына банкі қойылып, аты аталып, келін сәлем салған жандардың бәрі банкіге ақша тастайды. Ол ақшаны бетін ашқан адам алады.

Отқа май құю
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Қыз жігіттің үйіне келіп, машинадан түсіп, үйіне кірейін деп тұрғанда отқа май тамызып қояды (жоғарыда көрсетілді). Адыраспан тұтатылады да, ол бықсып жанып тұрғанда үстіне бір қасық той май салады не сұйық май құяды. Ол «кірген отауының оты өшпесін» деген ниетпен жасалады.

«Гулянкі»
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Кейде Ұзату той мен Үйлену тойдың арасы апталап, айлап ұзап кете береді. Сондықтан Шымдықтарға тойдың алдындағы «гулянкі» өте маңызды. Қымбат көліктерді жалдап, қала/ауылды аралап, мешітке соғады. Бірақ, «гулянкіде» АХАЖға тіркеліп, некені заңды түрде қиятындар өте сирек. Той басталар уақытта тойханаға келеді.

Үйлену той
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Той басталар уақытта жас жұбайлар гулянкіден қайтады. Жар-жар айтылып, екі жас ортаға жайғасады. Тойға қыздың ата-анасы, туыстары, достары қатысады. Жаңа құдалар ортаға шығып, тост сөйлеп, төс қағыстырады. Құда табақ таратылады. Ән айтылып, би биленеді. Жас жұбайлардың неке жүзігін жігіттің аға-жеңгесі не әпке-жездесі той басында тағады. Екі жас торт кесіп, бір-бірінің ата-анасына өз қолымен жегізеді.

Келін шәй
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Той өтті. Келесі күні болмаса да, 2-3 күн ішінде ауыл-аймақтың үлкендері келіннің қолынан шәй ішуге келеді. Шәй ішіп болған соң келіннің ыдысына ештеңе салып кетпейді, көрімдік те берілмейді. Тойдыаман-есен өткізіп алғанын, онда болған қызықтарды талқылап, әңгіме айтып кетеді. Келін халат киіп, орамал тағады.

Құдалық
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Шымкент өңірінің құдалығы Ұзату той болатын күні күндіз және Үйлену той болатын күні күндіз өтіп кетеді. Кейде жаңдайға байланысты тойдан кейін өткізіп жататыны да бар, өте сирек.

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Тойға дайындық
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS АқтауҚыз бен жігіт шаңырақ көтеруге келісіп, өз ата-анасының келісімін алады. Тойдың қай мерзімде өтетінін отбасымен өзара ақылдасады. Одан басқа ешқандай кездесу, танысулар болмайды. Екі жақ та өздері дайындықтарын жүргізе береді.


Сырға салу немесе үкі тағуБлог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Жігіттің ата-анасы, туыстары болашақ келінінің үйіне құда түсіп келеді. Қызға сырға салып, үкі тағып, қызды «белгілеп кетеді». Қыздың үйі тамағын беріп, щығарып салады. Той уақыты да осы күні нақтыланады.
Сый: жігіт жақ болашақ құдасының үйіне келе жатқандықтан үйіне «ілуім» деп, кілем алып барады; костюм-шалбар, мата, жаулық салынған сөмкесі бар, ауыл әйелдеріне, балаларға арналған тәтті-пәтті салынған қоржын апарада. Қоржын «дәм» деп аталады.

Қалыңмал
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Сырға салуға келген құдалар қыздың қалыңмалын да ала келеді. Ақтаудың қалыңмалы 300 мың теңгеден басталатын көрінеді. Жағдайы барлар миллиондап апарады екен. Қалыңмадан бөлек «той мал» деп 50-70 мыңның жобасында тағы теңге тастап кетеді. Оны тойға сояды деп ырымдаса, өлілерге құрбандыққа тағы бір мал сойылып, құран бағышталу керек. «Өлі-тірі» үшін тағы бір мал немесе шапан әкеледі.

Күйеу аттандырар
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Ұзату тойдан бір күн бұрын үлкендер батасын беріп, қасына 1-2 құданы қосып, күйеу баланы қыздың еліне аттандырады. Күйеу жақта мал сойылып, бәрі абыр-сабыр болатын бұл үлкен жиын «күйеу аттандырар» деп аталады.

Күйеуді күтіп алу
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Күйеу қыздың еліне келгенде бас құданың үйіне кірмейді, бөлек отауға қабылданып, бөлек сый беріледі. Қасына еріп келген құдалар ғана бас құданың үйіне барады.
Күйеуге «күйеу табақ» тартылады. Күйеу табақпен төс алып келеді, сол төстің сүріншегін сындырып әкелген жеңгесіне ақша ұсыну керек. Ал, сүріншек сындырылмаса, күйеудің ақша бермеуге қақысы бар.
«Күйеудің ілуі» деп – кілем, дәм алып барады.

Ұзату той
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Күйеу келгеннен кейін қызды аттантыру тойы болады. Ресторанда өтетін ұзату тойға барардың өзінде қызды үйден екі жеңгесі алып шығып, машинаға отырғызып жібереді.
Күйеумен бірге келген құдаларды тойханаға кірерде арқан керіп қарсы алады. Құдалар ақша беріп, ішке кіреді.Тойда қызды ортаға сол жеңгелері алып шыққанда, ортада гүл шоқтарымен күйеу жігіт күтіп алады. Сонымен тілектер айтылып, тост беріліп, той өтеді. Той соңында қыз сыңсу айтып, ақ матаның үстімен жүреді де, қыздың үйіне барады. Күйеу сол үйде қонып, қызды ертесіне күндіз алып кетеді. Қызбен бірге екі жеңгесі де кетеді

Беташар
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Қыз жігіттің ауылына келіп, машинадан түскен бойда жігіттің екі жеңгесі қолтықтап алып келеді. Дәл сол жерде, яғни тойхананың жанында беташар болады. Беташарда келінге бүкіл туған-туыс, ауыл-аймақты таныстырады. Аты аталған адамдар ақшаны ортадағы банкіге жинамайды, балаларға шашады, тәттілер, шашу шашылады.

Отқа май құю
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Беташардан соң келін бірден үйге кіргізілмейді, ресторан жанынан тіккен ағаш үйге (киіз үй) оң аяғымен енеді. Қойдың іш майы салынған отты тұтатып, үлкен кісілер оттың ыстығымен «жүзің жылы болсын» деп бетін, «құрсағыңа бала бітсін» деп құрсағын сипайды. Ол кірген отауда ең алдымен қыз боп иығына жамылып келген қызыл орамалын ақ орамалға ауыстырады. Орамалды ауылдың берекелі, алтын құрсақты анасы ауыстырып береді.

«Гулянкі»
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Беташардан кейін жастар жағы машинаға отырып, қала сыртына қыдырып кетеді. Жол-жөнекей АХАЖға тіркеледі, неке жүзігі тағылады. Кейбіреулер мешітке кіріп, құран оқытып шығады. Қаланы аралап, той басталар уақытта бір-ақ қайтады.

Үйлену той
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Той басталатын уақытта жас жұбайлар мен жастар тойханаға келеді. Жар-жар айтылып, екі жас ортаға жайғасады. Тойға қыздың екі жеңгесі ғана қатысады, ата-анасы келмейді. Екі жеңгесіне той үстінде алтын тағылады. Құда табақ, бас табақтар ескі құдаларға тартылады. Ән айтылып, би биленеді. Кәдімгі той өтеді. Соңында екі жас торт кеседі.

Келін шәй
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Той өтті. Келесі күні ауылдың бүкіл үлкендері жиналып, келіннің қолынан шәй ішеді. Болған соң шәй табағына (ыдыс) «келіннің көрімдігі» деп ақша тастап кетеді. Бұл Ақтауда «тәтті шәй» деп аталады. Тәтті шәйда келін арнайы тіктірілген ұзын шәй көйлекті киеді, басына ақ орамал тағып, үстіне кәжекей киеді.

Құдалық
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Тойдан кейін 2-3 күн өткен соң құдалық болады. Қыздың ата-анасы, туғандары 30 шақты адам болып, қыздың жасауын алып келеді. Құдаларды шашу шашып, шұбатпен қарсы алады. Үйге кіріп, ас алынған соң әйелдер жағы әкелген дүние-мүлікті көруге шығады.
Одан кейін қыз жақ пен жігіт жақ ортақ ақша шығарып, ресторанда құдалық өткізеді, тойлайды. Құдалықты құдалар қызы түскен үйге ғана қонақ болады. Құдаларға ұн жағылмайды.
Суреттер интернеттен алынды. Ақтаудың тойын айтып берген Гүлжан апыма, Шымкенттің тойын айтып берген жеңгеме рахмет! Гүлжан апаның жеке архивінен алынған суреттер үшін де алғысым шексіз.
Әрі қарай