Бұл тек қана бастамасы - surak-zhauap.kz !

Қазақ тілінде халыққа пайдасы тисін деген мақсатпен құрылған сайттардың бірі — szh.kz. Уақыт өте келе сіз білмеген талай сұрақтарға жауап алатын, қазақ тілді контентке бай үлкен сайт болады деген үміттеміз. Сайт 10.10.2010ж ашылды. Осы уақытқа дейін біз неге қол жеткіздік: Қысқаша жазып шығайын! Осы уақытқа дейін 1228-сұрақ, 3315-жауап, 1302-пікір алынған екен. Тіркелген қолданушылардың саны 360-қа жетіпті. Осымен тоқтап қалады деген сөз емес, бастамасы ғана. Жақында орысша нұсқасын қостық. Әзірге ол жерде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, кіріп көремін деген қолданушылар немесе орыс достары болса мекені http://szh.kz/rus/. Қосымша сайтқа тез кіру үшін szh.kz мекені де жұмыс істеп тұр. Уақытша қаржаттың жоқтығына байланысты, сайт келбетін қолдан келгенше өзіміз өзгертіп жатырмыз. Болашақта сайт дизайны істелсе де, қазіргі ақ-қара түсті келбеті өзгермейді деп отырмыз. Қазіргі уақытта Termin.kz сайтының мүмкіншілігін арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмын.
Әрі қарай

Сайт жаңаруда



Сайт дизайны жаңартылуда. Көрген қателеріңіз болса жаза отырыңыздар. Бұрынғыға қарағанда мындай ақ фон жақсы сияқты.

Сайт жылдамдығы туралы да пікір жаза отырыңыздар.

Update: басқа хостингке көшірілді. Өзгеріс байқала ма, пікір жазу кезінде тез кетеді ме?
Әрі қарай