Пірән-Суан Кафка. «Процесс»

«Шегетін дым жоқ» ©Ақзере

Зал лық толды. Сотты Опера және Балет Театрында ұйымдастырған бір-түрлі екен: ана жер, мына жерде балериндердің дамбалдары, кірлеген мәсілері шашылып жатты. Бірақ амал жоқ: шағымданушылар Әділет Үйінің залына сыймады. Қазірдің өзінде бес мыңдай адамның, сотты далада плазмалық панельден
Әрі қарай

Сөз сарасы (эссе)

«Тоқитын жіп жоқ» ©Ақзере

Менде бір керемет сюжет бар...: Сөз сарасы (эссе) — Әлгі малатаңанә келді ме? – деп сұрады Жұмамұрат Саймон.
— Тап қазір келді, Сізді шатырда күтіп отыр! – деді оққағары тақылдап.
— Әбілдер...-деген ренішті Жұмамұрат Саймон, шатырға көтерілді.
Шатырда тапсырыс кеше берілсе де, бүгін келіп отырған «Кәрбоз Хеликоптердің» өкілі тікұшақтың есігін айқара ашып күтіп отыр екен. Жұмамұрат Саймон қалтасынан бір парақ қағаз шығарып, оққағарына берді де:
— Кешегі сызып қойған шеңбердің ортасына бекіте бер! – деді.
Өзі тікұшаққа отырып көтеріле берді. Сауырын қыздыру үшін бір-екі айналым жасап келген соң, оққағарынан рациямен:
— Бекіттің бе нақ?-деп сұрады.
— Бекіттім! Іске сәт, шеф! – деп саңқ ете қалды. Сол-ақ екен, Жұмамұрат Саймон пилотқа:
— 320 метрге көтеріліп, биіктікті сол қалпында ұстап тұр! – деп әмір берді.
… Шеңбер анық көрініп тұр екен. Бекітілген қағаз көрінбейді, бірақ шеңбердің қақ ортасы арқылы шырамытуға келеді. Жұмамұрат Саймон іштей: «ал, бастайын» деді де, жерге түкіріп жіберді. Сосын оққағарынан рациямен:
— Тиді ме? – деп сұрады.
— Жоқ. Менің бетіме тигеніне қарағанда, солтүстікке отыз метрдей жылжу керек сияқты! – деді оққағары…
… Түкіре-түкіре аузы құрғап кеткен Жұмамұрат Саймон, тілімен барлық бездерін жаланып, ақырғы тамшыны әрең жинады. Ауызының бұлшық еттерін әрең жиырып келіп, «тіфу!» деп түкіріп кеп жіберді. Сосын оққағарына қарады.
Әне оққағары шеңбердің ортасына жүгіріп барды. Әне қолына бектіліген қағазды алып жатқан сияқты. Әне, рацияны аузына апарды… Әне…
— Құттықтаймын шеф, дәл тиді! – деді бір кезде рация. Жұмамұрат Саймон бақыттан шаттанып кетті.

***
…-Мистер Жұмамұрат, есіңізде болса, біз өткен аптада ресми көзқарасымызды жазып, Сізге беріп жіберген болатынбыз. Оқып па едіңіз? Қандай қорытынды шығардыңыз?
— Білесіңдер ме, лібәдтар! Сендердің көзқарастарыңа үш жүз жиырма метр биіктіктен түкіргенім бар, түсіндіңдер ме! – деді Жұмамұрат Саймон. Соңғы сөзі бұрынғыдай емес, екпінмен, салмақпен, сәтті шыққандай болып көрінді оған…
Әрі қарай

Кеш келген сәуегейлік (эссе)

«Оқитын дым жоқ» © Ақзере

Жедел жәрдем келгенде, ол әлі сандырақтап жатыр еді. «Тунис… Тунисте төңкеріс болад… Мысыр… Мысырда он жеті… жоқ, он сегіз күн бойы ереуіл болад. Құсни Мүбәрәк отставкаға кетед...».
Жұмамұрат Саймон 2020 жылдың күзін осылай қарсы алды…
Әрі қарай