Алақай!

Әттең, шәпкім жоқ, Ақтаудың түнгі аспанына лақтырып қуанар ма едім. livejournal.com мен wordpress.com ашылып тұр. Әй, бірақ бұл қуанышым ұзай қоймас. Жазда да осылай бір қуантып, артынан мұңайтып еді.Арты қалай болар екен? Бағайық
Әрі қарай

Анонимді түрде Wordpress.com-да блог жүргізу

Қазақстан мен Қырғызстанда Уордпрес құрсауланды деген Мatt (Уордпрестің негізін қалаушы әрі басшысы) анонимді түрде блог жүргізуге арналған нұсқаулық ұсыныпты. Бірақ барлығы ағылшынша екен. Дегенмен, бір адамға болса да пайдасы тиіп қалар.
Әрі қарай

Пікір білдіру

wordpress.com-дағы блогым ашылғанда ұлды болғандағы сезімненде артық қуанған шығармын. Жаңа жазба да жазып үлгердім.Бірақ, сол жазбаларға пікір жазылмайды. Өркеннің блогына да бас сұқтым, пікір жаза алмай кеттім. Білсеңіздер айтыңыздаршы жаңа жазбаларға ғана жазылмай тұр ма пікірлер? Себебі, бір-екі блогтың бұрынғы жазбаларына пікір жазып кете алдым
Әрі қарай