Naqyl.kz қазақ мотиваторлар сайты: мақсаты, қолдануы

Жақында 25 қаңтар күні Жаңа-Ой Орталығы naqyl.kz атты жаңа қазақша мотиваторлар сайтын аштық. Бұл сайтты ашуға себеп, өткен жылы zhanaoi.kz сайтын ақпараттық сайт ретінде ашқанда, мотиваторлар деген бөлім болушы еді. Сайтта онымен қоса IT, hi-tech жаңалықтар, бизнес пен психологияға қатысты блогтар, бағдарламалау тілдері сабақтары болса да халық көбірек осы мотиваторларға қызығушылық танытты және әлеуметтік желілерде көп таралды. Сол кезде мотиваторларға арнап бөлек сайт ашу керектігі жайлы жаңа ой пайда болды және ол сайтта тек сайттың әкімшілері ғана емес, кез келген қолданушы жасайтындай мүмкіндік болса деп армандадық. Сонымен 3-4 ай еңбектің арқасында осы сайт пайда болды.
Сайттың айдарларына шолу жасап, қалай қолдану жайлы толығырақ түсіндіріп кетсем деп едім. Себебі көпшілік әлі сайтты түсінбей жатыр.
Әрі қарай

Нақыл.кз - мотиваторлар сайты


naqyl.kz

Жақында Қазнетке тағы бір сайт қосылды. Нақыл.кз — мотиваторлар сайты. Мотиватор жасағысы келетін, бірақ техбілімі жоқтар үшін өте жақсы қызмет. Керек суретіңді жүктеп, мәтінін жазсаң сайт өзі жасап береді.

Кеше мен де алғашқысын жасап көрдім. КерекИнфода да жақсы мотиватор жасайтындар (1,2) бар. Солар осы сайттың дамуына үлес қосса жақсы болады. Өйткені қазір Нақыл сайтындағы мотиваторлардың біразы мотиватор сипатына сай емес. Контенттің қазірден бастап сапалы болуына біз де ат салысайық.
Әрі қарай