Айналайын LINUX:))))

Linux — бұл…
Әуелі бұл сөзбен таныс емес адамдар үшін бір-екі ауыз түсініктеме беріп кетейін!
Linux — қолданушылар саны күннен күнге өсіп келе жатқан, қолдануға өте ыңғайлы, менің түсінігімдегі және менің практикамдағы ең мықты операциялық жүйе. Жүйені алғаш рет жазған Финляндия Университетінің жас студенті Линус Торвальдс атты жігіт. Осы жүйенің себебімен қазіргі таңда әлемдегі көптеген компьютер қолданушылары максималды қорғаныс, жылдам жұмыс, ең бастысы қаржылай үнемделумен қамтамасыз етіліп отыр. Өйткені Linux жүйесі арнайы лицензиямен тегін таратылады. Менің қолданатыным — Linux Ubuntu 10.10!

Осыдан бірнеше ай бұрын бір мәселелерге байланысты компьютеріме Windows 7 орнатқан едім. Алдын жұмыс істеп көрмегендіктен бе, ыңғайсыз болып көрінді.(XP ұнайтын еді. Қартайды ғой ол байғұс. Бірақ жұмысы баяғыдай.) Шынымды айтсам, мүлдем ұнамады. Күні кеше, қайтадан Linux орнаттым. Сағынып қалыппын. Экраны көз алдымда билегенін-ай:) (Ол да сағынған сияқты)
Әрі қарай