Қарағандыға сапарым

Мына бір постты жазуым жүдә қиын болып кетті, жексенбіден бері жазып тастай алмай жүрмін, жұмыспен қатты занит болып.
Өткен апта жол жүрумен өтті де кетті. Аптаның сейсенбі күні жолға шығып, сенбінің түскі уақытында үйге қайтып келдім. Осы уақытта көрші ауданымыз Сарыағаштан бастап, сонау Қарағандыға дейін жол жүріппін. Бұл жолсапарым басқаларынан – алғашқы рет пойызбен жол жүру, Қарағанды шәһәрында алғаш рет болып, сол қаланың керекшілері Абзал және Айсұлтан бобурлармен танысуыммен ерекшеленеді. Енді соны пернетақтамен тақылдатып жазып берейін.
Әрі қарай

direct-тің Қарағандыда басынан кешкендері

Баяғыда Жетісайда direct атты «Керекинфо» сайтының қолданушысы болыпты. Ол өмірінде бірінші рет пойызға отырып Алматылатып Қарағанды қаласына тепловоз басын тірепті. Оны вокзалдан a63a1 атты қолданушы тосып алыпты (кешігіңкіреп). Осы екі ортада екеуіне Abilakim 3-4 рет телефон соғып үлгеріпті (ал, ол екеуінің оған бірлік салатын ойлары жоқ).Содан үшеуінің басы қосылып, оңтүстіктен келген қонағымыздың шаруаларымен «Цифровой мир»-ға келіп кіріпті.

Ол жерден өзіне қажетті заттарын алған direct жағымсыз дауыспен:
Әрі қарай