Түс пен шындық

Ол төсектен тұра алмады. Түсіне кірген керемет оқиғаны қимады. Көз алдына дәл қазір ғана көріп біткен фильм сияқты қайталап айналдыра берді. Түсінде ол екеуінің бірге болғанын көрді. Арадағы алшақтықты түс арқылы жеңе білгеніне өзі де қуанып жатыр, сол қуанышты жалғастырғысы келді ме, көзін қайта жұмып қояды. Бірақ түс жалғасын таппады, тек санада қайталана берді.
Ұйқыдан оянар, оянбастан ОНЫҢ бейнесі көз алдында болды. Түсінде олар бақытты еді. Сағына күтіп жүрген жанға оның арт жағынан келіп, нәзік қолдарымен құшағына алғаны бақыт еді. Ол бұрылмастан-ақ ОНЫҢ жылуын сезінді. Бұрылып қарғандағы бір-біріне деген көзқарастары сағынышқа толы еді. Көпшілік жиынның ортасынан оңашаланғылары келген екі ғашық амалдап жолын тапты да, жеке шықты. Сүйіктісін сағынған ол еркелене мойынына асыла кетті. Сүйген жанның құшағында болғанға не жетсін? Махаббатына қолы жеткен ол да мейірлене, құштарлана сүйе бастады сүйіктісін. Олардың сезімдері, жүрек дүрсілдері көрген түс секілді емес, дәл қазір болған жағдайдай сезілді. Құшақтап тұрып, сүйікті жанның иісін құмарлана сезінгені денесін дір еткізді…
ОЛ келгенде, кездесу кезінде ОНЫ дәл осылай, тіпті одан да артық етіп құшақтайтындығына сенімді болып, көз алдына болашақтағы кездесуді елестете берді. Ал болашақты болжау, армандардың орындалуы уақыт еншісінде және бәрі пенденің ойлағынындай бола бермейтіндігін сол сәтте ол мүлдем естен шығарып алды…
Кішкене түс қызығана батып болған соң, жұмысқа баруға жиналды. Көңілдегі сезімді сүйіктісіне білдіруге асықты, смс жазып жіберді. Алайда жауап ала алмады. Бұл жағдай көңілге аз қаяу салды. Жауабын білуге асықты. Ол тіпті сол кезден бастан өз сүйгенінің алыстап бара жатқандығын сезбеді…
Әрі қарай