Хасан Шерефли: Жаман бала болмайды

Естеріңізде болса, Админәкә Эмми жүлдесін жеңіп алған қандасымыз туралы айтып еді ғой. Сейсенбінің сәтті күні таң ертең жеңімпаз Хасан мырзамен скайп арқылы сөйлесіп едім. Сол сұхбатты сіздермен де бөлісейін.
Әрі қарай

Emmy жүлдесін алған жалғыз қазақ

Emmy — Америкадағы ТВ саласындағы беделді жүлде. Жыл сайын әр түрлі номинация бойынша ТВ саласындағы үздік режиссер, продюсер, оператор т.б беріледі.

Осы жүлдені 2003 жылы «Бір түрік жеңіп алды» деп түрік баспасөзі шулаған екен. Шулағанда қалай, олар да кеш естіген екен. Түрік болғанда әрине туған жері Түркия, өзі Түркия азаматы. Бірақ, оның негізі қазақ екенін көпшілік білмейді екен. Маған мұны жақында batyr досым айтты.

Сіздермен де бөлісе кетейін дедім. Мұндай үлкен жүлдені алу әрине біздер үшін де үлкен мақтаныш болуы керек.
Әрі қарай