Сатыбалды Кербабаевтың үздік әңгімелерін жинау

Қадірлан Керекинфо оқырмандары,
Кербабаевтар үйінің тұңғыш ұлы, Батиқа Хулимырзаеваның үшінші байы, отқа, ақ ходнякқа және отходнякқа төзімді, Аңғалдар, Әріойнарлар мен соңғы адамдардың стақандасы, Айдаһарлар анасы, Монополияға қарсы грек-рим күресі бөлімінің табалдырықінісі, "ІсқайНет" әскери бұлтты-нажағайлы есептеу кешені" жобасының босағасіңлісі, сондай-ақ Хард Әдебиет жанрының іргетасын қалап, бірге тасын уқалаушы Сатыбалдының піздүк шығармалар топтамасын жасауға кезекті бір талпыныс туғанын хабарлаймын!

Жинақтың құрамын, нені қосуға болатынын, нені қосуға болмайтынын осы жерде талқыласақ деймін.

Сатыбалдының жазған жазбалары көп, сондықтан бұрын соңды жазылған әңгімелері мен көп сериялы циклдарынан өздеріңе ең ұнаған жазбаларды, «таңдамалы жинаққа міндетті түрде кіруі тиіс!» деп тапқан әңгімелерінің атауын/cілтемесін осында қалдыруыңызды сұраймын.

Мен тағы бір толықтай шолып шығып, сіздің ұсыныстарға өз ұсыныстарымды да қосып, таңдамалылар тізімін осында жариялап отыратын боламын.
Әрі қарай

Бітпейтін әңгіме...

8 сыныпта оқып жүргенде «тұтқа» деген ойын ойнайтынбаз. Есіктің тұтқасын ұстамау керек. Кім 3 рет ұстап қояды — сол жеңіледі. Бірде Жасұлан деген досыммен ойнадық. Жеңілген адам «Мен — осырақпын» деп 3 рет айқайлауы тиіс. Мен жеңілдім. Мектептің ішінде айқайлауға ұялып, далада айқайлауға келістірдім.
Айқайладым. Алдымызда кетіп бара жатқан сыныптас қыздардың бірі бұрыла қалып "Өзің осырақсың" демесі бар ма. Байғұстың ұрлығы ашылып қалды деп өліп күлдік.
Ұрлық дегеннен шығады. Үйімізде алма ағаш болса да біреудікін ұрлап жеген қызық болатын. Бір топ бала жиналып ауылдың шетіндегі бір үйден алма ұрлап жатырмыз. Арамызда таныс емес бір бала да таласып-тармасып жеп жатыр. Мән бермедік. Бір уақытта досым отырған бұтақ сынып кетеді ғой. Сонда жаңағы бөтен бала «бұтағын сындырмаңдар, әкем өлтіреді» деп қарап тұр.
Өлтіру дегенді еске алсам 6 сынып орала кетеді ойға. Аулада өзіммен тетелес тәтеммен (әпке) су шашып ойнап жүрген болатынбыз. Ол 5 литрлік шелекпен, менің қолымда ожау. Мені малмандай су қылды. Содан кейін үйге кіріп алып, есікті ашып-жауып мазақтамасы бар ма. Ожауға су толтырып дайындалып тұрамын. Ашқанда шашамын — жауып үлгіреді. Шашамын — жауып үлгіреді. Дайындалып тұрғанда есік тағы ашылды. Бірден шашып жібердім. Сумен бірге жүрегім де кетті басқа жаққа. Есікті ашқан кіші апам емес, үлкен апам екен. Байғұс 1 апта бойы пысықсып үйді жинап, абырой жинап қыдыруға кетіп бара жатқан. 2 сағат отырып әуреленген шашы мен әдемі көйлегін шылқыттым да жібердім. Сол кездегі су «Матрица» фильміндегідей асықпай ұшқандай көрініп кетті ғой. «Сен ұлды өлтіремін» деп тұра ұмтылды. Ауладан шықпай қашып жүрмін. Әкем жарықтық болыспайтын. Бар болғаны "Қашып не қыласың. Адам өлтіру оңай дейсің бе. Көп болса 1-2 рет ұрар" деп ішімді күйдірсін. Құтылмадым. Бұзаудың ноқтасымен әбден ұрды ғой. Содан бері су шашпаймын.
Су шашу. Ех. Сол таяқ жегенге дейінгі жақсы көретін ермегім еді-ау. Өзімнен 3 жас үлкен нағашым екеуміз сусындардың бөтелкесіне су құйып алып атысып ойнайтынбыз. Мен 6 жаста, ол 9-да. Бастапқыда киіммен, артынша тыр жалаңаш ойнаймыз ғой шіркін. Нағашым "Үстімдегі бәрі шерст" деп ұрандатып жүретін. Мен жарайды. 3-і сыныпта оқитын нағашымды айтсай. Сыныптастары тырқылдап күліп қарап тұратын. Бәлкім қарайтын жері болған шығар.
Қарайтын жерге қатысты да қызық көп. Көшемізде бір қызық әже тұрған. Көршілердің бәрі «Мультфильм» деп атап кеткен. Айтса айтқандай түрі мультик кейіпкерлеріне келетін. Оның үстіне сөйлесе елді қыран-топан етеді. Бір тойға немересін ертіп апарыпты Мультик әже. Той қызып, тілек кезегі келгенде апам сөйлеп бастапты. Сол уақытта сыртта жүрген жігіттердің бірі кішкене баланы әкеліп:
— «Апа, сіздің бала емес пе?» дейді.
-Менікі емес. Менікі үйде
— Сізді әже деп жатыр ғой.
— Көтек не дейді. Кәне бұтын шеш.
Содан апамыз бұтын шешіп қарап «Ойбой! Айналайын золотой т… Менікі екен ғой» деген екен.
Менікі қыртқан әңгіме ғой. Бітпейді еске ала берсең. Өзім күлдім. Басқасын қайдам.
Әрі қарай