Хохляндиядағы соңғы күндер немесе Севастополь портына саяхат

Украинадағы күндер де аяқталды, міне… Қызық… 2 ай бойы сыртта жүрсем де, алыстығын еш сезінбедім. Ол үшін интернетке мың алғыс: Агент, Фейсбук, Керекинфо жападан-жалғыз отырған кештерді мәнді етті. Бәрібір кейін қайтатыныңды біліп тұрғасын (иншалла!) жылауық сағынышқа да жүрегімнен орын болмады. Тек қана позитив.
Осындағы достарға да рахметімді айтамын: «Әпкееее» деп жымиып тұратын Теріскейге, «Өйт-бүйт» деп кеңес айтып тұратын Жаннаға, «Бұқақақалап» жыныма тиетін Қарасақалға, «Шрақ, слм» деп позитив ұсынатын Монтиға, аздап қанымды ішкен Гастаға, арасында отпускке қашып кеткен Саммитаға, керемет сюжеттерімен өлтірген Сатекеңе, өлең арнаған Қисыққа… бәріне, бәріне!
Әрі қарай