UEFA 2017/2018 маусымының үздік голын таңдайды

UEFA 2017/2018 маусымындағы түрлі ресми турнирлерде соғылған үздік 11 голдың шорт-листін жасады. Оған Чемпиондар Лигасы сияқты ірі турнирден бастап, жасөспірімдер және әйелдер футболы, сондай-ақ футзалда да соғылған голдар кіреді. Үздік голға дауыс беру 27 тамызға дейін жалғасады, сол күні дауыс саны бойынша үздік гол иесі жарияланады. Дауыс беру үшін мына жерге өтіңіз: gots.uefa.com/#/ru

Үміткерлер:

Люси Бронз («ЛИОН» — «Манчестер Сити» 1:0)
УЕФА Әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы, 1/2 финал, 29.04.18

Ольга Кармона (Швейцария — ИСПАНИЯ 0:2)
U-19 Қыздар арасындағы Еуропа Чемпионаты, топтық кезең, 21.07.18

Элисандро («Спортинг» — «ИНТЕР» 2:5)
Футзалдан УЕФА кубогы, финал, 22.04.18

Эллиот Эмблтон (Түркия — АНГЛИЯ 2:3)
U-19 Еуропа Чемпионаты, топтық кезең, 17.07.18

Кристиан Эриксен (Ирландия — ДАНИЯ 1:5)
ӘЧ іріктеу кезеңі, плей-офф, 14.11.17

Паулу Эштрела («ПОРТУ» — «Бешикташ» 5:1)
УЕФА жасөспірімдер лигасы, топтық кезең, 13.09.17

Эва Наварро (Германия — ИСПАНИЯ 0:2)
U-17 Қыздар арасындағы Еуропа Чемпионаты, финал, 21.05.18

Димитри Пайет («ОЛИМПИК» — «РБ Лейпциг» 5:2)
УЕФА Еуропа Лигасы, 1/4 финал, 12.04.18

Гонсалу Рамуш (Словения — ПОРТУГАЛИЯ 0:4)
U-17 Еуропа Чемпионаты, топтық кезең, 07.05.18

Рикардинью (ПОРТУГАЛИЯ — Румыния 4:1)
Футзалдан ЕУРО, топтық кезең, 31.01.18

Криштиану Роналду («Ювентус» — «РЕАЛ» 0:3)
УЕФА Чемпиондар Лигасы, 1/4 финал, 03.04.18