Құрбақаның қағидасы

Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жер ыңғайсыз, дереу бұл жерден кетуім керек» — деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді. Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «маған кішкене жылулық артық етпес»-деп ойлап, рахаттанып жата береді. Ал бұл оқиға сумен бірге қайнап, құрбақаның пісіп кетуіне әкеледі.
Әңгімеден түсінгеніміздей, ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал!
Ғибратты әңгімелер: Құрбақаның қағидасы
Әрі қарай

Геймер бақа

Тенгриньюс сайтынан тауып алдым:
YouTube сайтында қазір төмендегі видеодағы мерген бақа жұлдыз болып жатыр екен. Қазіргі жағдай бойынша 1970986 рет қаралып, 20157 адам ұнатса, 225-і жақтырмапты.
Оңтүстік Кореяда бір қолданушы Интернеттен шыбын-шіркей өлтіретін ойынды мобильді құрылғысына жүктеп алып, үйінде асырап жүрген бақасына ойнатып көрген ғой (еріккен ептібайымайд ). Содан не болғанын өздерің мына видеодан көріңдер:

Бұл видеоның жарияланғанына, негізі, үш-ақ күн болған. Сонда да әйтеуір бір күні бояннн болады ғой деген оймен осы қауымдастыққа жариялап отырмын.
Әрі қарай