Жаңа Жылға дайындық

Қарап отырсам, Жаңа жыл мерекесіне де санаулы күндер қалыпты. Әне-міне дегенше, келер апта соңы биылғы жылмен де қош айтысатынымыз еске түсіп кетті.
Жұмыстың түбі көрінер емес, әйтсе де, кофе, шай ішетін уақытыңызды креативке арнауға кеңес беремін.
Төменде көрсетілген әдіспен қағаздарды қиып, мүмкіндік болса бояп, іліп қойса, мерекелік ерекше көңіл-күй орнайтынына сенімдімін. Өзім де бүгін қызық көріп, бар шаруамды ысырып қойдым да, қайшы, қағазбен отыра кеттім. Нәтиже жаман болмаған сияқты. Сіздерге де сәттілік!
ПыСы: Кішкентай балақандармен жасаған тіптен қызық болатын сияқты, оларды да дайындау процесіне тартыңыздар.
Әрі қарай

Жіппен бомбалаушылар немесе тоқылған граффити.

Қыстың суық бір күнінде американдық Магда Сайег деген келіншек өз дүкенінде отырып, жалығады. Сөйтіп, ерігіп отырып дүкен есігіне қап (чехол) тоқиды. Келген клиенттер қызығып; «бұл не?, «қайда сатылады?» деген сияқты сұрақтар қойып, қызығушылық танытады. Осыдан бастап ол еріккен кезде тоқымашы құрбыларымен бірге көше «интерьеріне», яғни ағаштарға, қоршауларға, тұтқаларға, сілтеуіштерге(указатель), орындықтарға, фонарь бағаналарына қап тоқи бастайды Орта жастағы бұл әйелдер топ құрып, тобына «Knitta Please» деген ат та қойып алады. Міне осыдан кейін, «Yarnbombing», «yarnbombers» немесе «urban knitting» деген ұғымдар пайда болады.
Әрі қарай

Қолөнердегілерге ...

Қол өнердегі қаракөз айналайындар — мынау менің сендерге жасаған сыйлығым деп біліңдер! Көздеген мақсатым — сіздерге жасаудың әдіс амалына ден қойғызу  Өкінішке орай сілтемесі жабық тұр
Әрі қарай