Arular.kz

Сөздердің шығу тегі - 1

Мені сөздердің шығу тегі, этимологиясы қызықтырады. Әр сөз адамның тағдыры сияқты бұралаң жолдарды жүріп өтеді: бір тілден басқа тілге өтеді, мағынасы өзгереді, белсенді қолданылады немесе ұмыт қалады, не болмаса шыққан тегі, түпнұсқасы туралы ақпарат мүлдем ұмытылып, қайта зерттеуді қажет етеді. Өзіме қызығушылық тудырған сондай бір сөздердің бірнешеуін ұсынып отырмын. «Алақай!» деген әдемі сөздің шығу тегі қандай деп ойланып көрдіңіз бе? Білмесеңіз, осы сөз арқылы исламның қазақ өміріндегі орнын ұғынуға болады. Қазақтар қуанғанда, жақсы хабар жеткенде «Алақай!», «Алла хай!», яғни «Алла тірі!» деп айғайлайтын болған. «Хай» — «Тірі» деген Алланың сипаты. «Әлди-әлди» — қазақтың «Алланы» қазақ тіліне бейімдеп «Алда» деп те айтатынын ескерсек, «әлди, әлдидің» «Алла» деген сөз екен деп есептейтіндер бар. Мен де бұған қосылам. Бесіктегі сәбиді тербетіп, анасының Алланы еске алуы...
image image

«НАГРАДТАУДАН» кейінгі ой

Тілге байланысты әңгіме туындағанда, «қазақ тілінде сөйлеу керек» деп шаба жөнелеміз. «Қазақ тілінде сөйлеу» деген сөздің мағынасын қалай түсінуге болады? «Ручка беріп жіберші, ачкиім қалай?» деген қазақ тілінде ме? Жалпы, қазіргі біз сөйлеп жүрген қазақ тілінің деңгейі қандай немесе қағаз бен теледидардағы қазақ...

Үш тілді меңгеру – заман талабы

Еліміздегі тіл саясатының және үштілділік бағдарламасының кешеден бүгінге дейінгі хронологиясы.
image image

2017-ден бастап орыс мектептерінде қазақ тілі жаңа технологиямен оқытылады

Алдағы жылдан бастап орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін меңгерудің жаңа әдістемесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті. «Мемлекеттік тілді одан әрі қарай дамыту және...
image image

Журналистер мен баспасөз хатшылары: тіл төңірегіндегі текетірес қашан бітеді?

Кеше бір отырыста болдым. Журналистер мен баспасөз хатшылары бір-біріне деген наздарын айтқан. Енді, қалай, негізгі базынасы — қазақша релиздер мен спикерлердің тапшылығы ғой. Орыс тілінде ғана жазатындардың бірі менмін. Оны мойындаймын. Неге бұлай болды? Былтыр, жыл басында Кәсіпкерлер...

Ұсыныс!

Қазақстан аумағындағы супермаркеттерде тек қана қазақша әуен ойнап тұруы керек. Бұл өзге тілде ойлайтын елдің санасын жаулауға жақсы әсер етеді. Өзімізге де жағымды. Маркетологтар күннің әр мезгілінде әр түрлі ырғақтағы әуендерді қоюға кеңес береді екен. Мысалы: сағат 2-5 арасында баяу ән қою. Бұл мезгілде...

Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздер

Атақты Оксфорд сөздігіне редакторлар уақыт сынағынан өткен, яғни тілдік қолданысқа дендеп кірген сөздерді енгізіп отырады. Және әр үш сайын осы жаңа сөздер туралы өздерінің блогында шолу жариялап отырады.
image image

Ақыртөбе өткелдері: Емшінің "демі"

"… оларға балалалар және әжелер жем береді және сипады. Ал онда маған «оларға көп шағынады» деп айтты". © Надежда Белқожа Кәззап халқының кәззап баласының өсек етуі бойынша, мынадай битжұғыс хихихикаяны тастарыңызға келтірейін. Ақыртөбе. Кешхюрем жаңбыр сиіп, әжетін өтеді. Бұлттардың зайыбы...
image image

Шетелдік әже

“Заманауи” немере. Сағат 00.25. Қараңғы купе ішінде әжесі мен немересі Жаңаарқа станциясынан түсуге дайындалып жатыр. Күні бойы жүгіріп, әзер жатқан немересі енді ұйқы сұрап, тұра алмай жатыр, бала ғой. — Айкоша, Айкош, тұр давай, приехали уже, — деп әжесі оятып жатыр. Бұл бала да “заманауи” немеренің...
image image

Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Үйіңіздегі көк жәшіктен аптасына неше рет кино көресіз? Әйтеуір отандық телеарналардың біреуіндегі ұнағанын қарайсыз ғой. Сол фильмдердің дубляжы көңіліңізден шыға ма? Жалпы дубляжы, дыбысталуы туралы білетініңіз бар ма? Телеарналар өздері көрсететін фильмнің түпнұсқасын сатып алып, қазақ, не орыс тіліне...

Қай тілде жиі сөйлесесіз?

«Аталмыш қазақтілді сайт қолданушыларына мына сұрақты неге қойды екен?» — деп сұрарсыз. Иә, керекшілердің басым бөлігі (ұлттарына қарамастан) қазақтілділер, бірақ "қазақ тілін білу" мен "қазақ тілін қолдану"-дың арасында үлкен айырмашылық бар. Біз мында барлығымыз қазақ тілінде ой бөлісіп, пікір...
image image

Қазақша сөйлемесем ше?

Бүгінгі күн дүйсенбі болған үшін бе, күллі әлемге негатив шашып, улағым кеп тұр. Бүкіл өткен-кеткен реніш-өкпемді жинастырып, еске алып, өз-өзімді аяп, өзімді сондай бір әділетсіздіктің құрбаны сезінгім кеп отыр — деп күлкім кеп кеткені))) Көпшіліктің сөзін сөйлеп, ығына көшіп немесе көпшілікке қарсы шығып,...
image image

Қазақ тіліне еңбегі сіңген сурет 10 жылдық мерейтойында марапатталды

Кеше Қызылорданың танымал басылымы «Сыр ақшамы» газетінің редакциясында тіл мерекесі іс-шаралары аясында қазақ интернетіне еңбегі сіңген сурет марапатталды. 10 жылдан бері түрлі сайттарда 537 жаңалыққа тақырыптық сурет қызметін атқарған сурет осы саланың үздік суреті атанды. Шара барысында қазақ тіліне...

Қазақ тілі пәнінің сағатын азайту керек!

Дұрыс! Себебі ме? Бірнешеу! Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.

Қазақша сөйлеуді алдымен өзімізден бастайық!

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін алдымен өзіміз таза сөйлеп үйренейік. Ең оңай және қарапайым жаттығу: ай, күн аттарын қазақша айтуға дағдылану. Ай, күн ең жиі орысша айтып жіберетін сөздеріміз. Егер осыларды қазақша айтып үйренсек мида үнемі сигнал тұрады, басқа сөздерді де барынша қазақша айтуға тырыса бастайсың.