Телегония – пәктік туралы ғылым

Үйленіп, отбасын құрғандардың өз баласы болғанын қалайтыны белгілі. Бірақ көпшілігі болашақ ұрпағының денсаулығына пәктіктің қаншалықты әсер ететінін біле бермейді. Ал, ата-бабамыз қыдырымпаз қыздан жақсы бала тумайтынын білген. Сондықтан бұзылған қызбен тұрмыс құрмаған.

Пәктік пен денсаулық-тың байланысын өткен ғасырда телегония құбылысы туралы жаңалық жасаған генетик мамандар ғана ашып айтып бере алды.
Жаңалықты ойда-жоқта осыдан 150 жыл бұрын жылқыөсірушілер ашқан. Олар жұмысқа шыдамды асыл тұқымды жылқы өсіру үшін жылқы мен зебраны шағылыстырады. Бірақ еркек зебра да, ұрғашы зебра да ұрықтанбай, тәжірибе сәтсіз өтеді. Осыдан кейін мамандар бұл туралы мүлдем ұмытып кетті. Тек арада біраз жыл өткен соң қара-ала құлындар туыла бастағанда тәжірибе еске түседі. Олар нағыз асыл тұқымды жылқылар еді!
Ғалымдарды қатты таңғалдыр-ған бұл құбылыс «телегония» деп аталады. Ч.Дарвиннің, Флинт, Феликс Ладантек сынды профессорлар мен ғалымдардың жасаған тәжірибелері бұл феноменді одан сайын растай түсті.
Ф.Ладантек өзінің «Тұлға, даму, тұқым қуалау және жаңадарвиншілер» (М. 1889 ж.) кітабында «Телегония, немесе алғашқы еркектің Әсері» деген тарауда жүргізілген тәжірибеге тоқталады. Тек, тәжірибелі ит өсірушілер ғана асыл тұқымды қаншықтың көшедегі итпен байланысқа түссе, тіпті күшіктемегеннің өзінде одан текті төбет күтуге болмайтынын білген.
Әрі қарай