Қатысушыларды қара жорғамен қарсы алды

Жас журналистердің ХI Республикалық пәндік олимпиадасы дәстүрлі жалғасын Павлодар қаласында тауып отыр. С.Торайғыров атындағы білім ордасында 17 ЖОО-ның шәкірттері бас қосты.
Алыс жолдан бойкүйез тартып келген студенттерді тамаша сергіту сәті тосып тұрды. Қара жорға билеп болған қатысушылар сайыстың қамына кірісті. Алғашқы сөз кезегін алған С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Гаухар Ахметова:
– XX ғасырдың басында Алаш азаматтары қазақ журналистикасының негізін қалады. Халықтың қоғамдық санасы мен саяси көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті… Журналистика – күнделікті өмірдің айнасы. Ол әркезде өз биігінен көрінеді. Сондықтан журналистік білім-білігін көрсетемін деп келген жастарымызға сәттілік тілеймін, – деп лебіз білдірді.
Сайыс таныстыру, эссе жазу, тест, жедел ақпарат сынды кезеңдерден тұрады. Олимпиаданың бірінші күнінде екі кезеңді еңсерген студенттер Павлодар қаласын аралап, бой жазып қайтты. Сондай-ақ бұл жылдың жаңалығы – Кереку өңірі туралы бейнесюжет дайындау. «Ертіс-Баян өңірінің тарихы мен келбеті менің әсерімде» атты бейнесюжетте қатысушылар экскурсиядан түйген ойларын жеткізіп бақты.
– Республикалық пәндік Олимпиадаға алғаш рет қатысуым. Деңгейі өте жоғары. Қай команда болмасын, жоғары дайындықпен келгендіктері байқалып тұр. Бұл жерден үлкен тәжірибе алып, өз мүмкіндігімізді барынша көрсетуге келдік, – деді Аманжолов атындағы университеттен келген «Алтай ақпарат» командасының мүшесі Алтынай Бақытжанқызы.
Бүгін сайыстың соңғы күні. Бес сайыс кезеңі бойынша жеңімпаз анықталатын болады.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 3-курс студенттері

Қара жорға мен Харлем шейктің айтысы

Қара жорға:
Биіңе елітіп жүр бала тоймай,
Ол түгіл алпыстағы ана тоймай
Қазақ елін кім келіп басынбады,
Халқымды момын санап қара қойдай.
Талайға есігімізді ашқан едік,
Пиғылын тексерместен оқ атардай.
Тамағын жеп табағын теуіп тұрсың,
Төрімізді бүлдірдің алатайдай.
Әрі қарай

"Алашұлы" этно-тобы - ұлттық әуен

Қазақ эстрадасына өзіндік қолтаңбасымен келген «Алашұлы» этно- тобына тоқталып кетсек, ол 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылды. Өткен жаздан бері «А+» компаниясымен 5 жылға келісім-шартқа отырды. Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Ал топтың шығармашылық жұмысымен Алуа Қонарова айналысады.

алашұлы, этно-топ, махамбет жыры,
Әрі қарай

Берік Сұлтановқа сағыныш....

Интернет ол бір әлем. Өзінің тұрғындары бар. «Домен (www????.kz,net,ru, com,org)» — интернет әлеміндегі мекендер яғни тіршілік етуге, өмір сүруге арналған орындар(біреулерге үй). Кейде ол үйге арнайы жеке куәлігіңді(«логинді») тіркеп кіресің.
Әрі қарай

Қара жорға - жалған би? (бейнебоян)

"Қара жорға" биі хақында тарих ғылымдарының докторы, қазақ диаспораларының тарихы туралы кітаптардың авторы Гульнара Малбагаровна Мендикуловна (қазақшалағанда, Гүлнар Малбағарқызы Меңдіқұлова) ханымның пікірі:
Әрі қарай