Kaztube жобасы: "Дәрігер кеңесі"

  • Kaztube
Kaztube жобасы: Дәрігер кеңесіҚазіргі кезде көп жағдайда көбіміздің дәрігерге барғымыз келмейтіні бар екені жасырын емес. Біріміз инеден түршігеміз, біріміз ауруымызды жасырамыз, кейбіріміздің тіпті аурухананың дәлізінен де қорқатынымыз да бар. Алайда «Ауруын жасырған өледі» демекші, түбінде ақ халатты абзал жандардың алдынан бір-ақ шығамыз.

Осындай жағдай болмас үшін, бізге аурудың алдын алып, қандай жағдайда не істеу керектігін біліп, қандай аурудың қандай әсерлері мен белгілері барын білудің артықтығы жоқ. Десе де, қазір ондай кеңестерді қазақ тілінде табу қиын. Ал біздің портал сол олқылықтың орнын, аз да болса, толтыру ниетімен «Дәрігер кеңесі» айдарын ашып отыр.

Аталған айдарда еліміздегі білікті дәрігерлерден видеосұхбат түрінде кеңестер беріліп, ауру түрлері бойынша нақты мәлімет алуға болады. Оның ерекшелігі, әр видеода ауру түрлерінің бірсыпырасын айтып, қалқып өтпей, жеке жеке тоқталады. Яғни бір сұхбатта бір ауру түрі туралы әңгімелейтін болады.

Қазірге дейін "Қант диабеті", "Скрининг" секілді аурулар туралы айтылды. Алдағы уақытта тағы да басқа тақырыптарда қамтылатын болады.
Әрі қарай

Бөдененің жұмыртқасы...

«Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады, – дейді Миша ағай. – Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық
Әрі қарай