Қайрат Баекенов. Ол екi чемоданмен келген еді

Қайрат Баекенов — музыкант, композитор. «Формат» тобының продюсерi. Астана қаласына екi чемоданмен келiп елордамен бiрге шығармашылығын дамытқан өнер адамы.
«Astana Aspany» бағдарламасының кезекті қонағы Қайрат Баекенов өз сұқбатында мамандық таңдау мен жар таңдаудың сырымен бөліседі. Елордаға арман қуып келіп, жанды дауыста ән салатын вокалды-инструменталды ансамбль құрып аяққа тұрғызған. Оның шығармашылық жолы үлкен ізденіс пен әрдайым жаңашылдықты талап етті. Осылайша, Қайрат өзінің отандық эстрадаға деген кәсіби көзқарасы мен өмірлік ұстанымдары туралы айтады.

Халықтың көілін де, мерейін де көтерген кеш

Жамбыл облысында дүниеге келген Қайрат Жүнісов — композитор, әнші, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Үкілі үміт» республикалық композиторлар байқауының лауреаты. Композитордың халық арасына кеңінен таралған «Қарындасыма», «Қыз — қызғалдақ», «Ықыластың қобызы», «Алматының түндері-ай» атты әндері бар.
28 қыркүйек күні Қайрат Жүнісовтың шығармашылық кеші өтті. Ол кеште Бәйтерек тобы, Қайрат Баекенов, Формат тобы, Маржан Арапбаева, Дос сияқты танымал жұлдыздарымыз өнер көрсетті.

Әрі қарай