Дала заңы

Мен әкеммен шешіліп сөйлесіп көргенім жоқ. өтірік айтамын. Екі-үш мәрте ғана ашық сөйлескен болармыз. себебі, мен әке-шешемнің емес ата-әжемнің қолында өстім. Бұрынырақта да жаздым ғой, қайталап айтын не қылайын. Айтпағым басқа.
Сол, атының артына мінгесіп өскен атам былтырдан бері қаты ауырып жүр. Былтыр қыстың аяғына қарай «Келмесстанға» кететін болар деп жүргенімізде саумал мен қымызға ілігіп, жілігіне май барып аман қалған болатын. Орнынан тұрып, қонаққа да өз аяғымен және таяғымен баратын дәрежеге жеткен еді. Сол, даланың қыңыр шалдарының тұяғы, менің атам, былайғы жұртқа «сары шал» биыл тағы да төсекке таңылды. Жұрт жаңа жылды қарсалып жүрген кездерде біз атамызды шығарып салармыз-ау деген уайыммен жанында отырдық. Ия, іштей дайын болғанымызбен, қимайсың. Сол сары шал, барлық ұл-қызын жинап алып, соңғы сөзін айтқандай болды. Бұдан кейін айта аламыфн ба жоқ па деп уайымдаған болкуы керек.
Өзінің үлкен ұлын, менің әкемді қасына шақырып үш рет басынан иіскеп «Айналайын» деп кеудесіне басты. «Сені, иіскей де алмап едім, басқаларын жақсы көрдім еркелеттім, сен „әкем мені неге жек көреді?“ деп ойларсың. Мен сені жек көрмеймін, жақсы көремін. Қу Нұрқанның көңілі үшін өмір бойы маңдайыңнан сүймедім» деп әкеме өзінің тәспісін табыстады. Әкемнің де көңілі босап, жылап жіберді. Мен де маңқам аққанша жыладым-ау деймін. Себебі, сол… Әкем екеуміздің арамыз қалай болар екен?! Ол менің басымнан қашан иіскейді, мен оның кеудесіне қашан басымды қоя аламын, қашан ол киген шапанды иығыма жамылып тұра аламын?! Менің баламның ішкі жан дүниесі ертең осы сезімдерді бастан өткерер ме екен?! Ол да менің жылы сөзімді күтіп, менің еміренуімді аңсар ма екен?!
Әрі қарай

Жеті Атаға дейін үйленбеу сыры

Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе? Осы жайында оқыған бір аңыз әңгімені ұсынбақпын.
15-ғасырда Қазақ Хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты.
Әрі қарай