ШЫМКЕНТТІКТЕР ТУРАЛЫ...


Серік АБАС-ШАХ

Иә, олар туралы алып-қашпа сөз көп. Бұл, осы аттас қаланың тұрғындарына ғана қатысты әңгіме емес. Өйткені, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы ресми атауы (90-шы жылдардың басына дейін) Шымкент облысы болып айтылғандықтан
Әрі қарай

SHYMCITY қызықтары:)

Таң қаламын! Адам жата беріп те жалығады екен! Әйтпесе, интернет, тамақ, көрпе-төсек, кітаптар, Шымкенттің қақ ортасында пәтерім бар! Алматыдан қуып жіберсе, әйтеуір, далада қалмасымды білем!

Биыл алдыңғыдан өзгеше қыс болды. Шымқалаға келген күнім +10 бар еді, шамасы… Келесі күндері қар жауды дейсің, қарға қарық болып қалдық. Әдетте кішкене жауып тоқтап қалатын қарымыз, күнімен-түнімен тоқтамады. Ақыры, қардың биіктігі 60см болды! Халық у-шу! „Не боп кетті өзі?„ деп таңқалысуда. Соңғы 5 жылдықта (қателеспесем) болмаған қар болды. Тас жолдарда қар кіртік-кіртік болып тұрып қалды…

Таксиге тоқтатайын дедім. Қызыл түсті Opel Vectra келіп тоқтады. Аққұба реңді, қырлау мұрынды кісі есікті ішінен ашты.
— Қайда барасың, бауырым? — деді.
— Огонек. Тоғызқабатты басқарманың алдына -дедім қолымды үрлей.
— 500 болады!
— Ой братан, қымбат айттың ғой! 300ге баратын жер ғой мынау тұрған — дедім ортаңғы үш бармағымды көрсете.
— Жолды қарасай бауырым, ешкім бармайды 300ге! Отыр кеттік! — деді қолын маған сермеп.
Бағасы қанағаттырмаған соң есікті жаптым да, кері қарай жүрдім…
Кішкене жүргенім сол еді, әлгі Opel артқа жүріп келді де:
— Ал, отыр кеттік 300ге — деді.
Машинаның ішіне жайғасып алдым. Келе жатырмыз. Әңгіме қызу кетті…
— Бұл шешеңнің… басшылары қайда қарап отыр өзі. Жол болса мынау, әлі тазалаған жоқ. Тым болмаса бөлінген ақшаның жартысын жеп, жартысын жұмсаса болмай ма? Машинам шашылып қалатын болды ғой! — деді ашуланып.
Үнсізбін.
— Осы жолдың басшысы бір рет отырса ғой машинама! Қаладағы бүкіл қотыр жолмен жүре отырып апаратын едім баратын жеріне…
Қызыл Opel тоғыз қабаттық басқарманың алдына келіп тоқтады.
Рахмет, аға!
Інім шәшкенің ішінде:)
Назар аудармаңыздар, інім ғой (анда-санда чашканың ішіне түсіп шомылып алатын әдеті бар):)

Сағат кешкі 6-лар шамасы. Телефоным шырылдап мазамды алды. Pathword нөмір екен. „Кім болды" деймін ішімнен. "Қап, бәлем, біреу-міреу қарызын сұрап жылайын деп жатыр-ау" деп ойладым. Бірақ, соңғы рет кімнен қарыз алғаным есіме түсе қоймады. Көтердім.
— Ассалаумағалейкум Саке?
— Оооо, Ерекеее, уағалейкум ассалам (Ербол Серікбай — termin.kz, surak-zhauap.kz деп аталатын Еуропа мен Солтүстік және Оңтүстік Америкада қолданылмаса да, Азия мен Антарктидада мықты беделге ие сайттардың АДМИНИСТРАТОРЫ, KerekInfoның белді қолданушысы)!
— Бүгін сағат кешкі 8 де Венецияның қасындағы LogyCom деген дүкеннің жанындағы кафеге (Мереке деген кафе. Жазудағы Е, К әріптерінің сбеті жанбай қалған:))кел! — деді!

7-34. Қолымдағы экраны істен шығайын деп тұрған телефонымды алып, Ерболға қоңырау шалдым.
— Алло, Ереке, мен келдім.
— Келіп қалдың ба? Қазір барам. 10 минут!
Тұтқа қойылды.

Далада қар күреп жатқан жігіттерге қарап тұрмын! Бір-екеуі қазақ емес сияқты. Әй жарайды, қойшы соны!

Ербол келді. Кафенің ішіне кіріп ішпек-жемегімізді алып әңгімеге кірістік те кеттік! Ерболды сол күні өмірімде бірінші рет көрдім. Түр-сымбаты келіскен, қараторы жігіт (телефонын өзінен сұраңыздар:)). 2 сағаттай ұзақ әңгіме болды. Кафе жабылатын болған соң бір-ақ шықтық.

Кіршік қарды аяусыз басып келем. Жаңағы таксисттің айтқаны рас секілді. Машина түгілі аяғым шашылып қалайын деп зорға жүріп келемін.

Қыздар керек емес пе? — деді бір әйел.
Жоқ! — деппін тауар алғалы тұрған адамдай!
«Астафирулла, сақтай гөр, Жаратқан ием! Сенсіз кіммін? Біліп-білмегендерімізді кешіре гөр!»
Ішімде жиіркеніш лаулап жатыр! Әлгі жерге қайта оралып, әлгі әйелді қарға көміп тастағым келіп тұр. Әрі қарай жүре бердім!

Аптекада «зеленка» жоқ екен! Таусылып кетіпті!

Алдыңғы күні бір қызды көрдім! Ұнады! Көздері тым әдемі сияқты! Еңлік… Есімі де тым әдемі…

Дүйсенбі күні Отырар Университетінде лекциям бар! Содан соң Алма қалаға шығамын Алла қаласа!
Әрі қарай