Чектің әуресі...

Әбіләкімнің  ауылы: Чектің әуресі...

Балқаш жаққа жол түскендегі оқиға.Автовокзалдан автобусқа билет алдым.Жеңіл күртешемнің қалтасына сала салдым. Қалта телефоныма ақша лақтырдым және шөлдесем ішермін деп салқын сусын алып көңілімді бір жайландырдым.Менің құзырымдағы он-он бес минуттай бос уақытты вокзал ішінде сандалумен өткіздім.Бірдеңені күткенде бір орында көп отыра алмайтын жаман әдетім бар.Қалтама қолымды не үшін салғанымды білмеймін, бірақ осының керегі жоқ деп манағы ақша салған түбіртек пен сусынның түбіртегін қоқысқа арналған кішкене жәшікке тастай салдым. "Қарағанды-Балқаш" автобусына отырғызу басталды десімен сол жаққа қарай аяңдадым.Есікке кимелемей елдің артынан кірмек болдым. Билет тексеруші билетімді сұрады. Мен қалтама қолымды салып көрсетіп жатсам, «Сіз маған не көрсетіп тұрсыз?» дейді.Қарасам қоқысқа билетімді лақтырып жіберіппін.Ішке жүгіріп кіріп, қоқыстың ішін ақтарып тауып алдым әйтеуі.Абырой болғанда қолымды жуатын жерге де кіріп үлгердім.
Әрі қарай