Иккюсан туралы ертегі

Ошеусанның досы
Анкокужидағы Ошеусанның үйіне анда-санда Нихее деген досы көңіл көтеру үшін келіп тұрады. Ошеусанның досы үлкен дукеннің иесі. Екеуі «го» дегенді ойнайтын. «Го» бұл қара тас пен ақ тасты қолданатын, қиын әрі қызықты ойын. Екеуі «Го»ны алғашқыда көп уақыт ойнайтын, түнде кеш аяқтайтын. Нихее сан Ошеусанның маңызды достарының ішінен қонақ болып келіп отырған соң, жас Обоусандар анда-санда шай мен тәттілерді алып келуге міндетті болатын. Нихее сан «Го» ойнауға келген уақытта, жас Обоусандардың ұйқысы келседе, ұйықтай алмай, ыңғайсызданатын.
Бір күні Нихее сан храмға келсе, храмның қашарының алдында үлкен қағаз тұр екен. Нихее сан көріп «мынау не»,-деп, оқыса қағазда: жануардың терісін киген дамдар храмның ішіне кіре алмайды»,-деп тұр екен. Нихее сан бұны оқып, бұны жазған адам Иккюсан екенін бірден біледі. Нихее сан жануар терісінен тігілген кеудешені киіп жүретін. Буддизімде жануарды өлтіруге, терісін қолдануға болмайтын. Және сонымен қатар нихее сан жауанар терісінен тігілген кеужешені киген болатын. Нихее сан қағазды көріп, кішкене ойланып қалды, дегенмен храмның ішіне кірді. Ошеусанның бөлмесінің алдында Иккюсан тұр екен.
— Нихее сама храмның сыртындағы қағазды көрмедіңіз бе?
— Аа көрдім Иккю, сенің жазғаның ғой
— Нихее сама, Нихее сама әрдайым жануардың терісінен тігілген кеудеше киесіз ғой, ал жануардың терісін киіп храмға кіруге болмайды, қайтыныз,-дейді иккюсан.
Нихее сан жымиып күліп «Жануардың терісі болмайды дейсіз, бірақ барабан бар ғой, барабанда жануар терісін пайдаланады»,-дейді. Ақылды Иккюсан ештеме айтпады. «ойланатындай, иә» деп Нихее сан күліп жіберді. Нихее санның сөзін тыңдап жас бала жымиып күлді де, «Барабанды күніне екі реттен таяқпен ұрып тұрамыз. Яғни жануардың терісі болғандықтан, таңертең және кешке таяқпен ұрып тұрамыз ғой. Солай Нихеесан кешке храмға келген уақытта осы таяқпен ұрайық» дейді. Нихее сан «А… солай ма, мен осыдан кейін түн батпай тез қайтатын боламын» дейді. Содан кейін Нихее сан храмға келіп «Го»ны ойнап, кеш батпай тұрып кететін болды.
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Жапондықтардың шай дайындау рәсімі

Мен бұл күнді үлкен қызығушылықпен күттім. Жапонияға келмей жатып, Жанна шай рәсімін тамашалауға алдын-ала тапсырыс беріп, айтып қойғанын ескерткен. Шыны керек, басында басқаша елестеткем, сөйтсем, мен ойлағаннан әлдеқайда терең мәнді, әдемі өтеді
Әрі қарай