Қытай түс

Блог - mercedes: Қытай түс
Алла өзі сақтасын. Қытайлықтар мәселесі мені қатты мазалап жүрсе керек, түнде мен солар туралы түс көрдім)). Уапшым базарға барам қытайлар, далаға шығам қытайлар… Бітіріп кеткен мектебімде оқып жүр екенмін. Қарасам мектепте қытайлар қаптап жүр. Өздері бір бөлек болып жүреді. Бір-бірімен қағаз(записка) арқылы сөйлесіп жүр. Бірдеңе ойластырып жүрген сияқты. Түстері суық. Бір кезде қазақ балдар жиналып бәрін атайын деп жүр екенбіз. Қытайлар да сезіп бізге тіс қайрап жүр. Бірде қытайларды далаға шығарып кетіңдер, әйтпесе барлығыңды атып қырып тастаймыз дедік. Қолымызда пистолет, обрез. Сөйтіп қытайлар кетті көшені бойлап(қашып). Бір кезде алыстан бір тобыр көрінді. Сөйтсек қарулы полициялар, омон, спецназдар қытайларды қоршап мектепке кіргізуге келе жатыр. Біз қаштық мектепке қарай бытырап. Содан кектептің ішінде тағы қытайлар қаптап жүр. Біз де жүрміз үн-түнсіз. Бәрі тыныш… Оянып кеттім. Әйтеуір болашақта балаларымызды қытайлармен бір мектепте оқудан сақтасын Алла Тағала.
Әрі қарай

Онейрологтар назарына

Түсімде шкафтың ең жоғарғы сөресін астан-кестен етіп бірдеңе іздеп жүрдім. Толып жатқан кітап-қағаздардың арасынан ескі блокнотқа ұқсас кітапшаны аламын. Парақтап қарасам, қаламмен жазылған өлеңдер екен.Тағы бір бетінен «Танакөз» деген жазуды көремін. Сосын мұқабасын қараймын — М.Шаханов.
Ояна салысымен Танакөзді Яндекстен сұрадым. Помидор лақтыра беріңіздер — ол кісінің өлеңдерін оннан-мұннан бір оқығаным болмаса, шығармашылығымен таныс емеспін  
Яндекс маған Шахановта «Танакөз» деген поэма бар дегенде!!! 
«Түлкінің боғы» дейді ғой тағы.
Ұйықтағанда көретін паранормальный нәрселердің тізімі өз басымда жетіп артылады. Бірақ, бүгінгісі енді «высший пилотаж».
В общем, Морфейдің не айтқысы келгенін жорамалдау үшін поэманы оқып шығу керек болды.
Электронды нұсқасын көргендеріңіз болса, жөн сілтеп жіберіңіздер  Болмаса дүкеннен алармын. Карл Юнгты заодно.
Әрі қарай