Елордалық полиция қызметкерлері Ақтөбедегі террорлық әрекеттен зардап шеккен әріптестерінің отбасыларына бір күндік жалақыларын аударды

Елордалық полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында жасалған террорлық актінің нәтижесінде зардап шеккен полицейлердің отбасыларына алғашқылардың бірі болып бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен.

Астана қаласы Ішкі істер департаменті қызметкерлері қайғыға ортақтасып, көмек ретінде әріптестерінің отбасыларына және жарақат алған қызметкерлердің ем-домына бір күндік жалақыларын аударды.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері батылдық, патриоттық және антқа адалдық танытып террористерді тоқтатты,

Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров: Өкінішке орай, Ақтөбеде болған қайғылы оқиғада зардап шеккендер бар. Біз қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, жараланған азаматтардың тез сауығып кетуін тілейміз. Біз полиция қызметкерлеріне және олардың отбасыларына жан-жақты көмекті әрі қарай да жалғастырамыз. Бүгінде елордалық ішкі істер департаментінің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті және терроризмге қарсы күресуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күшейтілген режимде қызметтерін атқаруда», — деп мәлімдедіі.
Әрі қарай