Салта көктем-жаз 2012.

Отандық дизайнерлердің осы жылдың көктемі мен жазына ұсынған киім үлгілерінің ішінде мен үшін тартымды және «киілетіндей» болып көрінгені Салта сән үйінің топтамасы. Қара, сары, жасыл мен беж түстерінің әдемі үйлесімділігі, кең жиекті шляпалар мен үлкен әйнекті көзілдіріктер, тоқылған дорбалар мен ыңғайлы аяқ киім — бәрі де көктем мен жаздың шуақты күндерінде арулардың бойынан табылары анық.
Әрі қарай

Дольче мен Габбана. Күз-2012

Сән әлеміне аналарымыздың емес, әжелеріміздің жастық шағындағы сәнді элементтер ене бастапты. Оны Дольче мен Габбана сән үйі дизайнерлерінің осы жылдың күзіне арналған киім үлгілерінен көре аламыз. Минимализм дәуірінің аяқталғаны болар, осы күзде не бар, соның бәрін тағып ал деп ұрандататын сияқтымыз. Асыл тастармен, бисер, моншақ және басқа да «жылтырақтардың» шоғырынан жасалған ободок, алқа, білезік, сырға, брошь, сақина, тіпті дорбалардың өзі де кестелеп өрнектеліп қана қоймай, сан түрлі әшекей тастармен безендірілген.
Бай және салтанатты көрінетін бұл киім үлгілері әр бір қыздың көңілінен орын табады деп есептеймін. Себебі ханның қызына тігілгендей, қымбат матаға қымбат тастармен өрнек салып, үлде мен бүлдеге орапты бұрынғы "қос ғашық".
Әрі қарай