Алғашқы аң аулауға барғанда

Жалпы адамзаттың дамуы тарихында бәріңізге белгілі аталарымыз аң аулап күндерін көрген, қазіргі таңда аң аулау өмір сүретіндер жоқтыңы қасы, қазіргі аң аулаушылардың көбі әуесқой аңшылар деп айтыңа болады, кәсіп етіп жүрген жігіттерде бар. Бұрыңғы аңшылық өмірмен салыстырғанда қазіргі аңшылар садақ ,қақпан арқылы ұстамайды (ұсақ тышқандарды, қояндарды ұстауға пайдаланады қақпандарды),қос ауыз мылтықтармен, автоматпен шығады. Тағы бір ерекшелігі атпен жаяу емес, снеегоходпен, уаз авто көлігі, джип машиналармен шығады көбі. Жалпы аңшылықтың қыр сырын жақсы меңгердім деп аута алмаймын. Сегіз айдың жүзі болды, аңға шықпағаныма.Ең алғаш қасқыр аулаған күндегі оқиғамды бөлісейін.
Абай атамыз жырлап кеткендей, аңға қар жауған түннің таңы өте тамаша мүмкіндік, басқа күндермен қарағанда сәттілікке толы күн болады.Айнала аппақ қар, мүлгіген тыныштық, бетті шымшып қоятын аздап аяз бар, шоқиған қарағандар көзге түсуде, көп жүрдік, еш қандай із көрінбейді. Шамалы уақыт өткен соң, аялдап біраз тұрдық, бір-бірімізге қалжыңдап, жол бастаушымыз Баханың қандай нұсқау беретін күтіп, ол болса бізге қалжыңдап тисуде, қайсыңның жолың ауыр деп, достар арасындағы ең қырсығы мен, бәрі жабылып маған тиісті мына қырсық қасымызда жүргенде қасқырлар бізге жолыға қоймас деп.Көбіне қалжыңды жақын қалжыңдайтын маған тисе береді, оған менің етім үйреніп қалған. Сөйтіп жүргенімізде түс ауды.Тауды бөктерлеп келе жатып, бір топ ізді көрдік, сол іздің соңымен бір екі шақырым жерді жүрдік.Алдымызда бір топ қасқыр жүр, біздің дыбысымызды көріп олар өздерінің жандарын сақтау үшін, қашты. Бір мезетте іштеріндегі арланы сытылып артта қала берді, (бұрындары бір үлкендерден естуім бар еді қасқырдың арланы өзінің жанұясын қорғау үшін өтірік ақсаңдап артта қалада деп осы сәтті өз көзіммен көріп іштей ойладым, жабайы аң болсада өз семьясын қорғау үшін осындай айлаға барды, неге көптеген адамзат иелерінде осы жабайы аңдардың ақылындай ақыл болмайды екен деп. ) Артта қалған арланда өз жанын оңай бергісі келмейді, оқты өзіне дарытпай үшін, ары бері ойтқып көздете қоймады, аңды атудың бір тәсілі кеуде тұсынан атса ол оның жанды жері біріншіден, екіншіден терісін бүлдірмеу үшін. Ақыры діттеген аңымызға оғымызды дарытып,қанжығамыз майланып қайттық.Атқан оғың дарығанда бір ерекше сезім болады, ол сезімді айтып жеткізе алмаймын. (мені маняк екен деп ойлап қалмаңыщдар)Оны осындағы аңшылыққа жаны жақын сері жігіттерге қалдырдым.
Жалпы аң аулаудағы мақсатымыз ауылымыздың малдарына шауып жүрген жабайы аңдарды үркіту. Мен өзімді аңшымын деп толықтай атай алмаймын. Арасында достарыммен барып қайтамын, демалыс күндері.
Орайы келіп тұрғанда айта кетейін, осы теміржол саласында қызмет істеп жүргенімде бір байқағаным далада түнде жайылып жүрген малдар рельс бойына тізідіп алады, гүрілдеп поезд өтсе де қашпайды, сөйтсем ол байғұс жануарлар, ит құстан қорғанып келеді екен
Әрі қарай