Қазақстандық хостерлер мен ішілген қан туралы

Кешеден бері еліміздің хостерлерінің қылығына әбден зығырданым қайнап отыр. Мүмкін менің жазғалы отырған тақырыбымды сіздер әлдеқашан талқылап тастаған боларсыздар. Бірақ архивті қарап отыратын уақытым болмай тұр. Сондықтан тез айта салғым келді. Осы біздің қазақстандық хостерлердің ішінде 24/7 әдісімен жасайтындары бар ма? Әлде барлығы да түнде ұйықтап, күндіз түскі ас ішетіндер ме? Тіркелу кезінде менен электронкадан басқа еш нәрсе сұрамайтындары бар ма? «Оларға менің РНН-ым не үшін керек болды екен?» деп әлі басым қатып отыр.
Әрі қарай