Алақай, ауылға газ келді!

Жаңа жылды біздің ауыл жақсы көңіл күймен қарсы алды! Тура 31 желтоқсан күні ауылдағы 60 үйге газ кірді. Тура сол күні ақ түтек боранмен арпалысып аудан әкімі жаңа демалыс паркінің есігін ашты. Сол күні ауылдағы тұңғыш сауна да тұрғындарды тегін суға түсірді. Бұл жаңалықтардың бәріне де қуандым. Өйткені, от жағып, отын сатып алу оңай шаруа емес. Оның үстіне біздің жақтың бораны ғаламат. Қазір аудан орталығындағы құрылыс дүкенінде сауда қызып тұр. от жағудан мезі болған тұрғындар қардың қалыңдығына, қыстың ызғарына қарамастан, газ кіргізуді бастап кетті. Кеше үйге қонаққа келген апамдар босағадан аттай бере "Үй Ташкент, ночноймен жүрміз" деп қырып салды. Осылайша, бәріміз қуанып жатырмыз. Тек қи сататын бір әже «газ келіп, боқтың астында қалатын болдық қой» деп өкпелеп жатыр дейді.
Әрі қарай