Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы
Футбол әлемінде ғана емес жалпы спорт әлемінде өте үлкен табыс пен жетістіктерге жеткен екі «аңыз» тұлға бар. Және бұл екі спортшы көп заттар бойынша бір-біріне өте қарама қайшы келеді (ол әрине олардың клубтары мен ұлттық құрамаларын ескермегенде). Мен сөз қозғағым келіп отырған екі спортшы ол Месси мен Роналду.

Месси мен Роналдудың ең бірінші ерекшелігі табысқа жету жолы. Адамдар арасында еңбек пен талант арасында үлкен даулар жүреді. Бірақ бұл футболшылар оның екеуімен де табысқа жетуге болатының дәлелдеді. Месси өзінің талантын сәтті пайдаланып ең үздік бола алса, ал Роналду өте үлкен еңбек арқылы көптеген жетістікке жете алды.
Келесі ерекшелік бұл адами қасиеттері. Месси өте қарапайым, әлеуметтік желілерде белсенді емес және стиль мәселесіне қатты бас қатырмаса Роналду бұл заттарда қарама қайшы позицияда байқалады. Махаббатқа тұрақтылық бойынша Месси өзінінің бала күндегі махаббатымен әлі күнге бірге болса Роналдудың тұрақтылығы жайлы өте көп әңгіме бар. Бұл заттарға көңіл бөлген себебім кез келген табысты адамадар арасында бұл екі типтағы адамдар жиі кездеседі.
Келесі Месси командалық мүддені жоғары қоятын болса Роналду өзінің жетістігін жоғарырақ қоятыны мәлім. Сонымен қоса адамдардың табысқа жетуіне екі үлкен кедергі болады ол әлеуметтік және отбасылық жағдай немесе денсаулық. Бұл екі заттың бірі Роналдуда болды, ол ерте жастан әкесінен айырылып қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүрседе сынбай табысқа жете алды, ал Месси туғаннан денсаулығында үлкен кінараттар байқалған тіпті дәрігерлер оның футболшы болуына күмәнмен қараған, дегенмен бұны жеңіп шыққанын жақсы білеміз.
Жоғарыда келтірілген мысалдарды қарай отырып екеуінің өте қарама қайшы адамдар екенің көре аламыз. Ал басты ұқсастықтары Месси мен Роналдудың тарихтағы ең үздік футболшылар, көптеген рекордтармен жүлделердің иегері екендігі.

Бұл пост арқылы айтайын дегенім табысқа жетудің стандарттары болмайды. Яғни сен талантты бол немесе болма, адал бол немесе болма, өміріңде мәселелер көп болсын, командаға жұмыс істе немесе жеке бол бәрібір. Ең бастысы дұрыс мақсат қоя білсең және сол жолда күресе білсең болды қалғанының бәрі маңызды емес. Сәттілік!!!

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы
Әрі қарай

Хаби Алонсо: "Бензема, Бэйл және Роналду - тамаша ойыншылар"

Блог - Erkosh1995: Хаби Алонсо: Бензема, Бэйл және Роналду - тамаша ойыншылар
Хавбек «Реал» ресми сайтына сұхбат берді…

«Барселона» сапында жоғары дәрежедегі футбол көрсететін футболшылар өнер көрсетеді. Олар алаңда бір-бірін жақсы түсінеді. Егер Класикода жеңіске жетсек, өзімізге кішкентай сый жасаймыз".

«ВВС? Бәріде түсінікті. Бензема, Бэйл және Роналду — тамаша ойыншылар, одан бөлек олар өздерін өте жақсы түсінеді. Бұл маусымда осы үштік, көп голдарды соғып үлгерді, олар команда үшін барынша көмектесуде».

«Эль-Класико — ерекше ойын. Бұл ойын екі команда үшінде маңызды. Ойыншылар 100% күштерін салатын болады. Қандай есеп орын алады? Бұл ойынды болжау қиын, ойын кез келген уақытта, бір сәтте ақ, өзгеріп кетуі мүмкін».
Әрі қарай

Қол сындырудың ең тәуір әдісі

Мадридтің Реалы биылғы маусым алды матчтарының бірін Англияда өткізді. Борнмут — британдықтар үшін сирек, жағажайлы, курортты әсем қала. Нанға уылдырық жағып үйренген Жылы мекенге үйренген галактикос үшін тамаша орын секілді.
Жергілікті қала аттас клубпен ойын барысында Кришитану Роналду айып добын қақпадан қиыс теуіп, 11 жасар баланың қолын доппен сындырып қойды.
«Жауыз, жауыз! Месси болса, жас балаға әлімжеттік жасамас еді, айуан!» десті кей глорлар.
«Не деген шеберлік! Кейбіреулер атпалдай қақпаңа тигізе алмай жаптқанда, бұл қолға дәл тигізді» деп шықты өзгелері.
11 жасар жанкүйер Чарли Сильвервуд ойын соңына дейін шыдап, кейін барып дәрігерге қаралғанда, 2 жерден қолы сынғаны белгілі болды. "Қол кетпегенде, алдыңғы тіс кететін еді" деп шүкірлік қылды балақай. Айыбы үшін мадридтіктер қолтаңбалы жейдені баланың бағына байлап жіберді.
Көше жақта «Балалар, менің қолымды ең қымбат ойыншы сындырды» деп жүр енді бұл балғын.

Әрі қарай

РМ және МС

Көзімізге ұйқы тығылса да кеше түнде көбіміздің көк жәшікке телміргеніміз анық. Реал Мадрид-Манчестер Сити кездесуінің пайдасын МС-ліктерге алдын ала беріп қойғандар да бар еді. Оған себеп те жоқ емес, Реалдықтар бұған дейінгі кездесулерін жарытпаған еді. Дегенмен, өз алаңдарында өлімтік команданың өзі бір серпіліп қалатыны анық. Ал, Реалды біз өлімтік дей алмаймыз. Ағылшын лигасының чемпиондары Испандықтардың чемпионының шаңын қағып ала алар ма екен?
Сонымен, ойынға тоқталсақ.
Реалдың бас бапкері Жозе алаңға Өзилдің орнына Майкл Эссьенді және Серхионың орнына Варанды шығарыпты. Реалдықтардың аяғына түскен доптың 60-70 пайызы аяғынан өтіп отыратын Месут Өзилсіз ойын қалай болар екен?!
Манситиліктердің құрамын көбіңіз білесіздер, олар да осал емес. Агуера жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Дегенмен, әдемі ойын көрсетуге басқа ойыншылардың да қабілеті жетеді.
Бірінші таймда гол болған жоқ. Бірақ, «Роналду өз формасында емес екен» деген жел сөздерді Рәкең ойын басталысымен -ақ жоққа шығарды. Алаңда олай да бұлай да ойқастап бақты. Қақпаға дәл соққыларды да бағыттап жатты. Мұсылман қауымын айт мерекесімен құттықтайтын француз ойыншысы Насри бірінші таймның соңына таман өз орнын коларовқа беруге мәжбүр болды. Жақсы ат аяғынан қалады дегендей, сіңірі сіресіп ойыннан шығып кетті.
Опшым, не қыртып отырмын ойын 3 те 2 есебімен Реалдықтардың пайдасына шешілді. Барлық голдар екінші таймда соғылды.
Голдар: Джеко, 68 (0:1), Марсело, 77 (1:1), Коларов, 86 (1:2), Бензема, 87 (2:2), Роналду, 90 (3:2)

Әрі қарай

Менің футбол тарихым...

Менің футболға деген қызығушылығым 2002 жылғы әлем чемпионатынан кейін басталды. Оған дейін футбол деген спорттың бар екенінен бейхабар бейбақ болыппын.

Корея мен Жапонияда өткен мундиаль мен үшін үлкен футболдағы алғашқы жарыс болды. Бұл турнирде кімнің жеңгені жайлы айтудың қажеті жоқ шығар. Алайда мына нәрсені есте ұстау керек. Осы жарыста мен Бразилия мен Сенегалға болысып едім. Испандықтарды иттің етінен бетер жек көретінмін. Қуанышыма орай, Бразилия чемпион атанды. Ал, Сенегалға гол соққан Ильхан Мансыз менің сүйікті спортшыларымның біріне айналып шыға келді. Әрине, ол ойында өкінгенім рас (Түркия-Сенегал, естеріңізде болса сол ойында түрік бауырлар қосымша уақытта жеңіп кеткен болатын). Қара құрлық өкілдерінен Пап Буба Диоп пен Эль-Хаджи Диуфтың фанаты едім. Түріктердің үшінші орын үшін өткен тартыста жеңіске жетуі мен үшін қуанышты болды. Осы жерге өзіме қатысты бір нәрсе айта кетсем… Осы турнирден кейін мен шашымды тура Үміт Даваланікіндей қылып қидырып, тойыс тақырлатып тастаған болатынмын. Ал, финал… Финал мен үшін той болды. Роналдо менің кумирлерімнің бірі болып қала бермек(Алайда оның португалиялық аттасын жек көремін. Тіпті, Португалия құрамасына жақтас болсам да)
Әрі қарай

Кеше Ыстамбұлға Роналду келді.

Кеше Бешікташтың президенті Йылдырым Демірөреннің алдыруымен Ыстамбұлға Роналду келді. Таксим орталығында жаңадан ашылған сауда орталығының лентасын қиюға келген жұлдызды көруге келгендердің қарасында қисап жоқ-ты. Сағат төртте келуге тиіс болған жұлдыз ұшағындағы ақаудың себебімен алты жарымда бір-ақ келді.
Әрі қарай