Енді істемеймін...

«Керектегі» жұрттың бәрі "Ұнайды, ұнамайды" эстафетасынан кейін, «Ең, ең»-ге көшті. Мен керісінше өмірімде «Енді осылай жасамаспын» деген нәрсеге пост жазуды ұйғардым.
Студент кезімде рожки мен вермишельді күн сайын жегенім соншалық, оқу бітіргеннен кейін екі жыл вермишель мен рожки жемеспін деп жыларман боп өзіме уәде бергем. Соны орындадым сөзімде тұрып.
Екі жылдан кейін...
Бір күні түсте обедке үйге келдім. Газдың үстінде тұрған қазанды ашып қарасам мама рожки қуырып кетіпті. Екі жыл бойы жемегенім есіме түсіп, әлгі тамақты соғып алдым. Бір қызығы, рожкиді сағынып қалыппын. Мамам да ондай тамақты сирек жасайтын.
Сосын газет жинайтын әдетім бар. Оны да енді істемеймін деп, 2010 жылы жинаған газеттерімнің бәрін мусорға тастап кеттім.
Сосын бастыққа сөз қайтарып, ойымда не тұр, соны лақ еткізіп айтып салып ылғи таяқ жеп жүремін. Соны енді істемеспін деп жүремін… Бірақ кейде бастықтардың кейбір қылығына шыдамай кетіп айтып қоя жаздаймын да… Қазір типа бастыққа сөз қайтармай үндемей құтылуға үйреніп жүрмін.
«Мой мирде» жыныма тиетіндерді «енді сенімен сөйлеспеспін» деп игнорға жөнелтем.
Компьютерімде кейбір материалдарды «ескі, керек емес» деп корзинаға, корзинадан мәңгі бақиға өшіріп тастамауды үйреніп жүрмін. Қанша материалымды өзім өшіріп тастап, соның кейін керек болғанын көріп, «енді өшірмеспін» деп шештім. Сосын біреуге қарыз беріп алып, енді саған бермеспін деп жүретінім. Әлгіден ақшаңды сұрауға өзің ұяласың, бере қояйын деген ол да табылмайды. Кейбірі үзіп-жұлып қайтарады, кейбірі сол күйі лақтырып кететінін қайтерсің… Кейде әлгі қарыз алып күйдіретін адамға тағы да қарыз беретін кездерім болған. Қазір енді солай істемеуге тырысып жүрмін. Сосын «енді косметика сатып алмаспын» дегенді де үйреніп жүрмін. Ол да бір ақшаның жұты. Сосын кока-кола ішуді мүлде доғардым. Бұл мен үшін үлкен бір жетістік болды.
Әрі қарай