Туған ай – туралған ет!..


Өледі кімдер, туады кімдер,
Батады күндер, шығады күндер.

Семеді гүлдер, өседі гүлдер,
Келеді күндер, көшеді күндер.

Өмірде қымбат асылдар – күндер,
Өмірде қилы ғасырлар – күндер.

Өмірге керек бақыттар – күндер,
Өткізген сәтті уақыттар – күндер.

Өмірдің мәңгі қосағы – күндер.
Өмірді мәңгі тосады күндер.
Күндер…
Күндер...


М.Мақатаев, 1973 ж.

Күнді күн алмастырып, өмір өзен еш тоқтаусыз, дамылсыз алға қарай сырғып ағып жатыр, ағыыып жатыр. Жағада мен отырмын ойланып. Неменеге ғана ойланып отырмын?.. Өзгенің қанжығасына байлаулы кете берген өзіме тиесілі несібеме жармасып, алысып-жұлыспай, күресіп-шалыспай, шарпыспай несіне ғана отырмын?
Міне, таң атсыншы келесі, сонда бастаймын… Осы апта аяқталсын, келесі дүйсенбіден қалдырмай барлық істі қолға аламын әлі. Жоқ, айдың соңы тақап қалыпты, неде болса келесі айдың бірінен бастап басқаша өмір сүретін болам…
Бірақ, қайдам өз өмірімді өзгертемін деп оқталғаныммен, әлі атыла қоймай-ақ жүрмін-ау… Сол баяғы бұрынғы орнымдамын… Туған ай — туралған ет…
Әрі қарай