Мектептегі білім беру сапасын кері тартқан 2 мәселе...

"Әңгіменің ашығында" бағдарламасында қазіргі кездегі көкейтесті мәселелердің бірі- «ауыл мектептеріндегі білім беру сапасы, қала мектептерінен айырмашылығы, һәм кемшілігі мен артықшылығы» жайлы ашық әңгіме өрбіді. Келген қонақтар өз ойларын ортаға салды. Өз кезегімде мен де өз көзқарасымды білдіріп өттім. Ол былай:Блог - Madibekuly: Мектептегі білім беру сапасын кері тартқан 2 мәселе...
Жалпы, ауыл мектептеріндегі ғана емес, жалпы еліміздегі барлық мектептердегі білім беру жүйесінің басты 2 проблемасы бар. Әрине, менің пікірім! Олар:
-Біріншісі- ұстаздардың қоғамдық мәртебесінің төмендігі. Осы себептен ойы ұшқыр, білімді жастардың 90 пайызынан көбі педагогика мамандықтарына бармайды. Несіне барсын? Егер ол саланың не қажеттілікті қанағаттандыратындай жалақысы, не қоғамда жоғары статусы болмаса. Соның кесірінен, қазіргі уақытта бұл саланың мамандықтарында ҰБТ-дан 60-70 балл жинағандар оқиды. Ойланып көріңіз, мектепті 3-4 деген бағамен бітірген жастан, болашақта қандай ұстаз шығады? Қазақ тілі, әдебиет, тарихты бұл жерге қоспай-ақ қояйық (оларды ниеттенген мамандар өздері ақ игеріп кете алады). Ал, математика, физика, химия секілді мамандықтарға түлектердің жоғарыдағыдай баллмен түсуі күмән туғызады. Олардан болашақта білім алатын оқушылар жайлы сөз қозғаудың өзі ұят…
-Екінші мәселе- баяғыдан келе жатқан, «шектен шыққан керексіз қағазбастылық». Анам- мұғалім болғандықтан мұны жақсы білем… Мектепке барып 2-3 сағат сабақ беру үшін, үйде отырып «таңның атысы, күннің батысы» қағаз жазып отырғаны. Аяп кететінмін. Міне, солай таңнан-кешке дейін дамыл таппай қағаз жазып, компьютерге телмірген ұстаздар физиологиялық, тіпті психологиялық тұрғыдан қатты күйзеліп, шаршайтыны анық. Ал осылайша шаршаған ұстаздардың мектепке барып, әрбір оқушының шалалығын жөндеп, еркелігіне шыдап, ерекше бір жаңашыл шығармашылық арқылы сапалы білім беруі- өте, өте қиын іс!!! Сондықтан, білімді әрі білікті жастарды тәрбиелеп шығару үшін педагогтардың қоғамдық мәртебесін көтеріп( ойы ұшқыр жастарды осы салаға тарту үшін), қағазбастылықты азайтып, ұстаздардың өз ісіне — шығармашылық тұрғыда, жаңа бір сапалы әдістерімен баруына жағдай жасауымыз қажет!!!
Әрі қарай