Тылсымға толы дене

Артық танау
Күнделікті өмірде көбіне мұрнымыздың екі тесігімен емес, тек біреуімен ғана дем аламыз.
Алты пенденің тек үшеуі ғана бір танау тесігімен тыныс алады. Аса кірпияз, алайда соншалық күтімсіз адам денесі танаудың екі тесігінен қатар емес, тек бірден-бірге алмастыра отырып, ауа өткізеді. Бұл жағдайдың периодты түрде қайталануы көп жағдайда дененің кеңістікте орналасу қалпына: көлденең, тігінен, бір жақ иығымен, етпетінен, шалқасынан жатқанда, денінің саулығына, ауадағы газдардың пайыздық үлес бойынша құрамына байланысты өзгеріп отырады.
Мұрында арнайы түктердің түрі бар, солар өз кезегінде тітіркенеді. Осылайша, ол түктер көлемін ұлғайтып, «белсенді емес» мұрын тесігін жауып қалады. Түрлі зерттеулерден белгілі болғандай, оң жақ танау тесігімен тыныстағанда қандағы глюкоза деңгейі жоғарылап, оттегін сіңіру де көбейетіні байқалған. Және де мидың оң жақ бөлігінің жұмыс белсенділігі күшейеді. Сол жақ тесікпен ауа қабылдағанда, кері жағдай қалыптасады.
Блог - zholantai: Тылсымға толы дене
Әрі қарай

Баста да талай қызық бар...

«Адамның басы — Алланың добы» десек, дүниеде ең ерекше жаратылған доп — осы болса керек-ті. Білгенге Алла бар сезім мүшелерін, адам денесін басқару «пультін», ағзаға қажетті «жанар-жағармайды» қабылдайтын қақпаны да осы бастың үлесіне беріп қойған. Бірі кемістік етсе, бүкіл дене ақсайды. Десе де, бастың қадіріне барып жүрміз бе? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тіс — қай-қайсысының да қызметін молынан пайдаланғанымызбен, күтіміне келгенде, кержалқаулаумыз. Қадірін қойып, оның құпияларын да біле бермейміз-ау осы. Ендеше, бүгінгі әңгімені өзіміз өмір бойы өңгеріп жүретін басымыздың біз біле бермейтін қырлары жайында жалғайық...
Әрі қарай