Абылайхан: "Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіру"

«Осындай талантты студенттер кімде бар екен?» деп масаттанып қоямын кейде.

Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіруИә, иә, мен бүгін тағы кураторлық тобымның кезекті дарыны туралы сөз қозғағалы отырмын. Олар туралы мен айтпасам кім айтады? Өткенде «ән» тақырыбында «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 1-курс студенті Нұржан Оразалинмен таныс болсаңыздар, бұл аптадағы «кино» тақырыбының кейіпкері – Абылайхан Қайыржанов.

Абылайхан – менің топтағы ең белсенді көмекшім. Мен ұйымдастыратын тәрбиелік шаралардың фото түсірілімі соның мойнында. Ал оның операторлық қабілетіне екеуміз кафедра бейнеролигін жасаған кезде біржола көзім жетті. Жә, тақырыптан ауытқымайын.

Абылайхан сабақтан тыс уақытта қосымша «Studio24 Media Production» компаниясында операторлық қызмет атқарады. Ол масштабты жарнамалық роликтер, музыкалық клиптер түсіреді. Дегенмен оның басты арманы — киноиндустрия.


Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіруАл осы мақсатқа жетудегі алғашқы қадамын ол өткен жылы «Infomatrix» байқауында жасап көрген екен. Және ол қадам жетістіксіз болмады.

Infomatrix — Румынияда 2003 жылдан бері мектеп оқушылары мен студенттер арасында өткізілетін халықаралық IT-олимпиада. «IT-олимпиадасы несі?» деп таң қалмаңыздар, байқауда «программалау», «аппараттық басқару», «робототехника», «компьютерлік графикадан» бөлек "қысқаметражды фильм" категориясы бар. Байқау туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

Абылайхан байқауға осы қысқаметражды фильмдер категориясы бойынша қатысты. Фильм сценарийін Якудин атты досымен бірігіп жазып, өзі әрі режиссер, әрі оператор міндетін атқарды. Тіпті керек десеңіз монтажын да өзі жасады. Ал рольдерді кластас достары сомдады. Нәтижесінде Якудин екеуі Қаскелеңдегі іріктеуде бас жүлдені алып, Румынияда өткен финалда күміс медальге ие болды.



Debutfilms командасы байқауға ұсынған «Мүмкіндік» (Chance) қысқаметражды фильмі мектеп қабырғасындағы оқушының ең басты міндеті – білім алу екендігін үндеп, жасөспірімдерді балаң сезімге бой алдырмауға шақырады.
Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіру
«Фильм бозбаланы кездестірген күннен бастап өзгеріп сала берген үлгілі оқушы қыз туралы. Сабақты жайына қалдырып, бар уақытын арнап жүргенде жігіті оның жүрегін жаралап, көңілін қалдырды. Дегенмен соңында қызға тағы бір мүмкіндік беріледі.
Білім – біздің өміріміздегі ең басты нәрсе. Білімсіз мансап пен жетістікке жету мүмкін емес, ал кейбіреулер оны кеш түсінеді. Сондықтан мүмкіндік барда оқыңыздар және дұрыс таңдау жасаңыздар!» дейді фильм авторлары.



— «Chance»-ты түсіру барысында қандай қиындықтар болды?
— Басында актерларды таңдау қиын болды, бірақ кейін бәрі өз орнына келді. Қатты қиындық көрген жоқпын.

— Өзің оператор, өзің режиссер болыпсың, екі бірдей міндетті қалай атқардың?
— Мен ең алдымен актерлерге «раскадровканы» көрсетем, кейін оларға жалпы сюжетті түсіндірем. Содан соң барып түсіру процесін бастаймын.
Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіру

— Жаныңа фестивальдік кино жақын ба, әлде бұқаралық па?
— Бұқаралық кино жақын. Себебі оны көпшілік көреді.

— Қазақ жастары түсіріп жүрген туындыларды ешкім біле бермейді, неге соларды танытатын алаң ашпасқа, мысалы киноклуб, кинобағдарлама немесе қандай да бір сайт ашып деген сияқты?
— Ол туралы ештеңе айта алмайды екенмін. Жалпы өз-өзіммен жүрген адаммын. Дегенмен ойланып көретін зат екен.

Киностан: Абылайхан: Ең бастысы - өзіңе ұнайтын тақырыпта түсіру

— Өзіңдей кино түсіруге қызығатын жастарға қандай кеңес берер едің?
— Оларға айтарым: қазіргі XXI ғасырда бәрін де ғаламтордан тауып алуға болады, ізденіп көп нәрсе үйренуге болады. Айтпақшы, МЕГА-да 14 жасқа дейінгі балаларға арналған кино мектебі бар, онда балаларға кино түсірудің негіздерін үйретеді. Ең бастысы – өздеріңе ұнаған тақырыпты ғана түсіріңдер!

Сүйікті студентіме сәттілік тілеп қойдым. Тек биіктерден көріне берсін!

Суреттер Абылайханның жеке мұрағатынан алынды
Әрі қарай