Ұры журналистер авторлық құқықтың не екенін біліп жатыр

Кешелі бері Керектің бетінде «авторлық құқық… мақала ұрлығы, ұры журналистер» деп шулап кеттім. Демалысымды демалуға бөлем деп, айқай-шуға бөліп жібердім. Қарап отырсам, ұрланған мақалалардың бір бөлігіне ғана менің авторлығым жарайды екен. Бірақ басқа блогшылар мен авторлардың еңбектерін ұрлап, сол арқылы пайда тауып отырған арамтамақтардың әрекеттерін көріп, қалайша тыныш, үнсіз қалуға болатынын ұқпадым. Біреу біреудің (мысалы, біреу көршімнің үйін тонап жатыр делік) меншігіне қол салып жатыр. Айту керек қой ондайды. Айтсаң қуғындалып кететін үлкен саяси деңгейдегі мәселе емес, сіз бен біз секілді адамдардың заңсыз әрекеттері.
Әрі қарай

Ұрланған мақалалар: "Шипа" газетінің 14-ші саны (2011 ж.)

Блогшы Ақзеренің талай редактор мен арамтамақ журналистердің отбасын асырауға көмектескенін біразымыз білеміз. Сондай мысалдың бірі Алматыда шығатын «Шипа» газетінде орын алған. 2011 жылы жарық көрген 14-шісанында Ақзеренің "Иықтан шашың төгіліп жерге" атты мақаласы блогынан көшірілген, ешқандай сілтеме жоқ. Бұл газеттің сол санында «Ана мен бала»сайтынан да бір мақала ұрланып жарияланған екен.
Әрі қарай

Көп ұрлыққа бір сылтау

Мақала ұрлағыш газеттерге хабарласып, қарақшылық әрекеттері туралы айтсаң, "Сайттарыңыздағы мақалалар жақсы болғандықтан, халыққа пайдалы болғандықтан, ауылда Интернет болмағандықтан, ел оқысын, көрсін деп газетімізде жарияладық. Сіздердің авторлық құқықтарыңызды бұзу туралы ешқандай арам ойымыз болған жоқ..." деп ақталады. Енді халыққа ұнамасын деп жазамыз ба, жаздырамыз ба?! Қарап отырсақ, газеттердің жасайтын ұрлықтары күннен-күнге көбейіп барады, ал айтатын сылтаулары сол базбаяғы қалпындағы, яғни коммнистік мазмұндағы ақталу ма, ұран ба, сондай бірдеңе.
Әрі қарай