Алматы және кубик рубик

Бастапқы постымда айтқан оқу орным ойымдағыдай білім бере бастады. Ойлаған жұмыс орныма да түсем деген сенімім нығайды. Дәл бір ай үлкен қызығушылықпен кубик рубикті бір жарым минутта жинай алатын болдым. «Алынбайтын қамалдай» көруші едім. Кубик рубикті тек басы мықты жасайтындар ғана жинай алады деп ойлайтын жандарға: Ютюбтан «Александр Рябко кубик» деп іздеу салсаңдар, оның жеті сабақтан тұратын түсіндірме видеолары ашылады. Өте оңай әрі толыққанды түсіндірілген. Мен сол арқылы үйрендім, әрине ол ұзақтау «прослойный метод». Оны жетік меңгерген соң Джессика Фридрих әдісін меңгерсеңіз, кубикті отыз секундта жинай алатындай дәрежеге жетуге болады.
Негізі әлемдік рекорд шамамен алты секундты құрайды. Ең жақсысы, осы видеолар арқылы үйрену тек қара дүрсін алгоритмдерді жаттау емес, логикалық түрде өз басыңызбен де жинауға мүмкіндіктер ашатын жол.
Менің қазір оқып жатқан сабағым ұйымдағы (компания, фирма) қатынастар, жұмысшыларды мотивациялау жалпы HR саласының негіздері. Бұрын ойлаушы едім, бұлар батыстың құдайға қажеті жоқ мамандықтары, псевдобілімдері деп. Ойымнан айни бастадым. Ғылым мен психология сүйенген пайдасы мен маңызы бар сала, білім, тіпті ғылым деп айта аламын.
Сосын мындағы тарихты жетік білетін керекинфошылармен Орбұлақ шайқасы туралы әңгімелесейікші. Қызықты фактілер, Салқам Жәңгір туралы тың информацияларың бар болса бөлісейік. Бірге армандайық, қалай оны фильм етіп түсіретінімізді.
Әрі қарай