Газ болмай қалса

Мұнай мен газдың үстінде отырып газсыз отыратын күндер де болады екен. Жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген желеумен қаламызда бір жұмаға газ өшрілді. Содан не керек, газсыз өткен бірінші күні бұрын пісірілген тамақты қысқатолқынды пешке қыздырып жеп алдық. Екінші күні жұ байыма «сені тамақтандырып жүрген еңбегім бар ғой, енді сен мені мейрамханаға апарып тамақтандырасың газды бергенше» деп, мейрамханада тамақтандық. Үшінші күні шалым іссапарға кеткен соң, өзім мейрамханада тауыса алмай, өзімізбен алып кеткен тамақты қыздырып жедім. Төртінші күні не болғанда да тамақ пісіру керек болып, қысқатолқынды пешке телмірдім. Сатып алғаннан кейін бір рет орама пісірем деп кептіріп алғаным болмаса, одан кейін тек тамақ қыздыру үшін қолданғанмын оны. Дүкенге барып арнайы әйнек ыдыс сатып алдым. Түбіне жуа мен сәбіз турап, оның үстіне жентек салдым да жұқалап картоп турадым. Үстіне аздап сұйық май, майонез құйдым да, қазының майын турап жібердім. Қақпағын жауып, пешке жиырма минутқа қойдым. Нәтижесінде мынадай Блог - bizbike: Газ болмай қалсақуырылған картопка тойып алдық. Үйлеріңізде газ болмай қалса, пешпен де амал қылуға болады екен. Астарыңыз дәмді болсын!
P.S. Бүгін балық пен күріш пісіріп көргім келеді. Не шыққанын жаза жатармын.
Әрі қарай

Әлемдегі ең күлкілі есімдер...

Әлемдегі ең-ең күлкілі есімдер…
Азеpбайджандық мyзыкант: Обpыгай-yглы
Франсуздық аспазшы: Оливье Жюй де Глотай
Қытайдың ең күлкілі есімдері: Сyнь Вынь, Сyй Вынь, Сyй уй, Жyй уй, Жyй Сам, Встань Сyнь
Түрік мyзыканты: Обстyл Хуем-бей
Чечендік теppоpист: Поджог Саpаев
Жапондық фyтболист: Hакатика Hаебyка
Оның серіктесі: Хеpанyка Помячyка Жапондық поэтесса: Ясyка Такая
Жапондық дәрігер: Комyто Хеpовато
Жапондық гонщик: Тояма Токанава
Чештық ветеринар: Мацал Кошек
Әрі қарай

Эстафета. Эпатажды эпопея - қызыл балық.

Дінмұхаммед ұсынған трапеза-кезек. Тамара Тамақ асар.

Істелуіне аз уақыт, минимум еңбек жұмсалатын әрі тез дайын болатын ауқатқа зәруміз делік. Тоңазытқышта тіскебасар провианттан қызыл балық бар деп қиялдайық. Төменгі сөрелерінде гарнирге лайықты кәкір-шүкір. Болды, енді турау-отқа қоюға ыңғайласамыз.

Аздап қыздырылған табаққа майдалап туралған пияз, ол қызғылт түске ауыса берген тұста орташалау туралған картопты үйеміз үстіне. Қалауымызша тұздаймыз. Ортадан жоғары отта 20 минуттай уақыт ішінде пісуі керек. Түбі қатып қалмауы үшін араластырып тұрыңыз.

(1133.63 Kb, 2592x1944)

Балбырап тұрған қызыл балықты жуып аламыз.
Әрі қарай

Эстафета. Менен бір ыстық тамақ пен бір салат!

Алты жеңге мен бес әпкенің ортасында өскендіктен тамақ істеу мұқтаждығына ұрынбаппын. Сонда да болса Ернұр берген эстафетаны пайдаланып сіздерге бірдеңе ұсына алады екенмін.
Шоққа піскен картоп

Алдымен, үлкен емес орташа (екі -үш жасар баланың жұдырығндай) картоптарды іріктеп алыңыз. Тамақ пісірген пештің (қойдың қиының шоғы ерекше дәм береді)шоғына картоптарды көмеміз. Картоптың күйіп кетпеуі үшін шоқтың лебіне қолыңызды 10 санағанша ұстап тұра алсаңыз жеткілікті. Дәл уақытын түйсігіңіз арқылы сезіп, шамалыдан соң күлге піскен ыстық картопты үргілеп жеп отырасыз.
Әрі қарай