Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы

Жас отбасылар үшін баспаналы болудың екі танымал жолы бар: жер алып, қала сыртынан өз күшіңмен үй салу немесе ипотекаға қала ішінен пәтер алу. Біз екіншісін таңдадық.

Дайын пәтерді ала салып, уақытында ипотекасын төлеп жайбарақат күн кешемін десеңіз — қателесесіз. Әлде бұл тек менің басымнан өткен жағдай ма? Сонымен, баспаналы болғанда атқарылған істер мен кеткен шығындардың есеп-қисабын бастан-аяқ баяндап бергім келіп отыр. Біреу-міреуге пайдасы тиіп қалар.

Пәтер іздеудің машақаты мен ойлағаннан көп болып шықты. Пәтер табылады, оның жарияланған құны бағалаушы компанияның ұсынған құнымен сәйкеспей қалуы мүмкін.

Мысалы, пәтер 50 мың АҚШ доллары тұрады делік. Сіз үйдің құжаттарының көшірмесін иесінен сұрап алып, банк ұсынған бағалаушы компанияға барасыз. Ол жерден бағалаушы маманды ілестіріп шығып, пәтерге алып барасыз. Ол пәтерді суретке түсіріп, құжаттарын алып, 1-2 күнде нақты бағасын қойып береді. Олардың өздерінің есептеу формуласы бар (үйдің орналасуы, үйдің сыртқы ахуалы, салынған жылы, пәтердің жалпы ауданы, т.б. критерийлер есепке алынады). Бағалаушы үйді жарияланған құнынан 2-3 мың долларға артық, не кем бағалауы мүмкін. Кем түссе — пәтердің иесі келіспейді, артық шықса — сіздің қалтаңызға үлкен салмақ.
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы
Бұл жерде ескере кетерлік тағы бір нәрсе бар: бастапқы жарна. Банк сізге үйдің толық сомасын бермейді, 85-90 пайызын ғана төлей алады. Сондықтан сіздің қолыңызды үйдің жалпы бағасының 10-15 пайызын құрайтын сома болуы керек.

Есте болсын: Бағалаушы пәтердің интерьерлік жағдайын есепке алмайды. Сондықтан, еурожөндеуден өткен, студиясы бар, итальяндық қымбат бояу жағылған, жиһазы жалпы бағаның ішіне кіреді, терезесі суперпластик, шкафтың ішінде жер сілкінісінен қорғайтын бункері бар дегендей критерийлер назардан тыс қалады.


Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабыПәтер сатылымға шыққан кездегі суреттер

Менің жағдайымда, 1 бөлмелі, жалпы ауданы 33 шаршы метрлік пәтер 62 мың долларға сатылды, бұл 2014 жылғы шілде кезіндегі бағаммен есептегенде 11 400 000 теңге шамасында еді. Бағалаушы жігітті пәтер көрсетуге алып бара жатып әңгімеге тартып, жағдайды түсіндіріп, қорытынды бағаны қожайын сұраған бағамен бірдей етуге келістірдім (солай да істеуге болады ). Кейін алғыс ретінде 1 қорап кәмпиті мен конъягын, немесе торт алып ұстатып жіберуге болады (шамамен 2 мың теңгеге шығындаласыз).
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы

Қорытынды шыққаннан кейін, үйдің иесін шақырып, банктте келісімшарт жасастық: біз өзіміздегі алғашқы жарнаны ұстатамыз (1 миллион 140 мың теңге). Қалған 10 миллион 200 мың теңгеден астамын банк 1 апта ішінде аударады.

Сол банктың ішіндегі нотариуста сату-сатып алу келісімшарты, пәтерді банктің есебіне кепілге қою туралы келісімшарт жасалады. Жалпы осы заңгердің қызметтері 30-40 мың теңгеге шығады.

Есте болсын: Пәтерді өз атыңа аудару да машақатты тірлік. Мекемелерге жүгіруден ерінсеңіз, жұмыстан босау қиын болса, банктың нотариусымен қоштаспай тұрып, осы шаруаны шешіп беруін сұраңыз. Пәтерді атаққа қою, т.б. жеке шаруаларды банк нотариусы 4-5 мың теңге ақыға өзі істеп береді.
Міне, 1-2 апта ішінде көптен күткен пәтерді алдыңыз, құжаттарыңыз рәсімделген. Енді баспанаңыздың ішкі жай-күйін реттеу күтіп тұрады. Үйді құрылысы жаңа аяқталған кешеннен алсаңыз — онда бұл мәселе сізді айналып өтуі мүмкін. Бірақ бұрын пайдаланылған пәтерге ие болсаңыз бәрібір бір нәрсесіне өзгерту енгізу қажет болады.

Алдымен көнере бастаған унитаз бен ваннаны жаңалау қажет деп шештік. Түбі ауыстыру қажет болады, әзірге құлшыныс барда істеп алуды жөн санадық.
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы
Жаңа унитазға 25 мың теңге шамасында, душ кабинасына 100 мың теңге шамасында (орнатуымен қоса алғанда) қаржы жұмсалды.Бұл жерде ваннаның босаған орнына кафель төсеу, қысқа құбырды ұзарту, унитаздың жалғанған жерлерін бітеу үшін кеткен бірнеше килограмм силиконды есепке қосқан жоқпын.

Есте болсын: Егер сіз жас отбасы болсаңыз, бұл сіздің алғашқы пәтеріңіз болса — жөндеуді қажет ететін жерлерін бірден жасап алған дұрыс. Кейін әбден орнығып алғаннан соң көзіңіз үйреніп, әне-міне деп жүріп ұмыт болуы мүмкін.

Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы
Сыртқы есіктің қасында қабырға-шкаф бар екен. Есіктері Кеңестік дәуірден бері ауыстырылмаған, тозығы жете бастапты. Заманауи бірдеңемен ауыстыру керек болды. Ең дұрысы — ысырмалы айна деп шештік. Қажетті материалға, жұмысымен қоса есептегенде 45 мың теңге көлемінде жұмсалды.

Жаңа пәтерге көшкенге дейін бізде жиһаз да, тұрмыстық техника да болмапты. Қоныстанғаннан кейін осылардың бәріне қажеттілік туындады.
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабыДиван-тахта 66 мыңға, шкаф 40 мыңға шықты.

Әйелімнің арманы — сұр түсті кір жуғыш машина еді, оны да дер кезінде алып қалуды жөн санадық. Шаңсорғышсыз да өмір қиын екен.
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы
Кір жуғыш машина 85 мың, ал шаңсорғыш 19 мың теңге шамасында болды.

Сізден бұрын, есебін көріп өзім шошып кеттім. Анамша айтсам, бастапқы жарнасымен қоса есептегенде 1 айдың ішінде 1 миллион жарымның «артына су құйыппыз». Осы материал арқылы айтқым келгені: ипотека алуға бекінсеңіз, басқапқы жарнадан бөлек қосымша қорыңыз тағы болсын. Бұл математика тақырыбына қаншалықты жақын екенін білмедім, «Блогиада» дәуіріндегі соңғы жазбамның жоғары баға үшін емес, оқырманға көбірек пайдасы болғанын қаладым.

Толықтыру:Төменде ай сайынғы төлеміне, қай банктан алғаныма қызығып жатқандар бар екен: Ай сайын 137 мың төлеймін, 15 жылға, Сбербанктың «Молодая семья» бағдарламасы.
Әрі қарай