қазіргі ерлердің келбеті жайында

Блог - ErnarSeytahmet: қазіргі ерлердің келбеті жайында
— Ол маған жылап өз өмірінің қаншалықты қиын екенін айтады, кінә өзінде емес, өзгеде. Көптеген жағдайлар бар дейді өмір сүруге бөгет болған…
Біз әрқашанда бір-бірімізбен сабырлы сөйлесеміз, қаншалықты қынжылаған болсақ та.
— Оның сөзінің шыны да бар шығар…
Әрі қарай

Күзді ұнатпаймын


Басқаларды қайдам, өз басым күз мезгілін онша ұнатпаймын. Бала кезден.

Дәл қазір Астанада түні бойы жауған жаңбырдан жер деген лайланып, күн бұлттанып, ызғарлы жел ұрып тұрғаны.

Күз келсе болды, онсыз да жүдегіш жаным екі есе жүдеп салады. Күз келсе болды, онсыз да депрессияға жиі түскіш басым, екі есе жабығып кетемін. Күз келсе болды, онсыз да мұңлы ойларымның мұхитына екі есе белшемнен бата түсем. Сол кезде жарқ-жұрқ етіп жүретін, ешқандай ауа райына, ешқандай мезгілге пысқырып қарамайтын адамдарға қызығып қарап қаламын. Қалай осылар сияқты ештеңені көңілге алмай жүруге болады деп? Сосын күз мезгілін ұнатам дейтіндерге де таң қалам. Жаны соншалықты қартайып кеткен бе деп. Жас адам көктем мен жазды жақсы көрмеуші ме ед?..

Күздің де өз әдемілігі, өз қолтаңбасы, өз сұлулығы бар. Бірақ, менің ішкі дүниемдегі жайнаң қаққан жаз айы мен көктемге қарама қайшы келетін құбылыс.

Ойладым, неге күзді ұнатпаймын деп. Күз кәрілікті бейнелейтін сияқты. Күз өміріңнің көктемі мен жазы мәңгі тұрақтамайды, ертең сенде мен сияқты қартайып, осылайша бар байлығың жапырағыңнан да айрылып, ақ қырау мен үскірік шалатын қарттыққа да (қыс мезгіліне) жетесің дегенді тұспалдап тұрғандай. Иә, білем, қарсы уәж айтқыңыз кеп тұр, “адамдар күзде де күледі, күзде де тойлайды” деп. Бірақ, сол Адамың көктем мен жазда да “жылайды”.

Адамның қуанышы мен қайғысы мезгілді таңдамайды. Жылағысы келген адам күзің не, жазың не, өкіріп отыруы мүмкін. Айтқым келгені, күз мезгілі – онсыз да өмірдің шындығына қасқайып тура қарайтын жандарды өткінші жалғанның бейнесімен екі есе қауыштырып, одан сайын қамықтыра түсетіндігінде.
Әрі қарай